Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат): 3-тармақтың 2) тармақшасы «комитеті» деген сөзден кейін «және оның аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі;»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті туралы ережеде: 3) тармақша «құрылымдық» деген сөзден кейін «және аумақтық» деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақша «қызметкерлерін» деген сөзден кейін «, аумақтық бөлімшелер бастығын және бастығының орынбасарларын» деген сөздермен толықтырылсын; 7) тармақша «құрылымдық» деген сөзден кейін «және аумақтық» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің құрылымында: екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Тауар нарықтарын талдау басқармасы Бағалық реттеу басқармасы»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесінен кейін осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесімен толықтырылсын; 2) «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлері штат санының лимиттерінде: «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген реттік нөмірі 11-жолда: «290» деген сандар «400» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Бәсекелестікті қорғау комитеті 110». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 509 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесi
1. Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 2. Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 3. Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 4. Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 6. Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 8. Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 9. Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 10. Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 11. Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 12. Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 15. Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма 16. Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма |