ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.14.06. № 272 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.28.08. № 373 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда; ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.25.09. № 494 бұйрығымен оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.13.04. № 96 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2023 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына 2-қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары (2023.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Негізгі ережелер
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.14.07. № 208 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) біліктілік емтиханы - теориялық және практикалық дайындықтың, тәжірибе мен құзыреттіліктің жеткілікті екендігін объективті айқындауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін беруге мүмкіндік беретін рәсім; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|