Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция және өнеркәсіп комитетінің «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Осы редакция 2008 жылғы 7 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Инвестициялық және өндірістік әлеуетті дамыту үшін жағдайлар жасау, отандық машина жасау өнімінің экспортқа бағдарлануын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция және өнеркәсіп комитетінің «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) серіктестіктің жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні машина жасауды ғылыми, техникалық және технологиялық дамыту саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін; 2) серіктестіктің жарғысын бекітсін; 3) серіктестіктің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитетіне серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын берсін; 5) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 25 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеті» деген бөлімде: реттік нөмірі 525-жол алынып тасталсын. 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-114-жолмен толықтырылсын:
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетіне» деген бөлімде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитетіне»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 291-1-жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитетіне» деген бөлім алынып тасталсын. 4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция және өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде: реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы». 5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында: 1) Акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестердің) тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын: «11-1. «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген бөлімде: «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» деген 4-тармақ алынып тасталсын.
|