Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 233-бабына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін. 2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) аталған бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 4. Мыналардың: 1) «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1051 бұйрығының (№ 3401 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2005 жылғы 17 тамыздағы № 150 «Юридическая газета» газетінде жарияланған); 2) «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1051 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 26 сәуірдегі бұйрығының (№ 3583 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2005 жылғы 14 қыркүйекте № 168 «Юридическая газета» газетінде жарияланған); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|