|
|
|
Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар (2010.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 541 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы «Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жемістер, көкөністер және оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне және тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген. ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Техникалық регламент осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (ҚР СЭҚ ТН) сай өндірілген және әкелінген жемістерге, көкөністерге, тамыржемістілерге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне (бұдан әрі - жеміс-көкөніс өнімдері) қолданылады. Техникалық регламенттің талаптары жеміс-көкөніс өнеркәсібіндегі жалпы қабылданған мынадай топтарға жататын жемістерді, көкөністерді, саңырауқұлақтарды қайта өңдеу өнімдеріне қолданылады: жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) жартылай фабрикаттары; салқындатылған жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) өнімдері; тез тоңазытылған жемістер (көкөністер, саңырауқұлақтар); ашытылған көкөністер; тұздалған көкөніс (саңырауқұлақ) өнімдері; ылғалданған жеміс өнімдері; кептірілген жемістер (көкөністер, саңырауқұлақтар); кептірілген жаңғақ (тұқым, бұршақ) жеміс (көкөніс) цукаттары. ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының аумағында жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілердің және оларды қайта өңдеу өнімдерінің адам өміріне, денсаулығына, тұтынушылардың мүдделеріне және қоршаған ортаға қауіпті әсері сонымен қатар әрі санитариялық, фитосанитариялық және гигиеналық нормалар мен талаптарды бақылайтын мемлекеттік органдар тарапынан талаптар белгілеуді қажет ететін аса ықтимал қауіпті факторларға мыналар жатады: - өнімді әзірлеу (жасау); - өнімді өндіру және қайта өңдеу; - жарамдылық мерзімі, сақтау және тасымалдау; - өнімді сату; - алып қою, кәдеге жарату және жою. ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Осы Техникалық регламент балалар тағамы өнімдеріне, шырындарға, және шырын өнімдеріне, алкогольді сусындарға сондай-ақ жемістер мен көкөністен дайындалатын тамақтық қоспаларға, консервілерге, пресервілерге қойылатын талаптарды қамтымайды. Осы Техникалық регламент, сондай-ақ, жемістерден, көкөністерден, жабайы жемістерден, жидектерден, шөп өсімдіктері мен генетикалық түрлендірілген объектілерден өндірілетін жемдік, техникалық өнімге және медициналық препараттарға қойылатын талаптарды да қамтымайды. 5. ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 1-1-бөліммен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 1-1. Қауіпті факторлар (қатерлер)
5-1. Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен олардан алынған өнімдердің өмірлік циклы процесінде туындайтын, адамның, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша азайтылатын қауіпті факторларға (қатерлерге): тыңайтқыштардың, уытты элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, нитриттер мен нитраттардың құрамы, жеміс-көкөніс және басқа шикізаттың, технологиялық құралдардың, азықтық қоспалардың, дайын өнімдердің механикалық, микробиологиялық ластануы жатады. 5-2. Ықтимал қатерлер өнімнің өмірлік циклының мынадай сатылары (процестері) кезінде туындайды: 1) жеміс-көкөніс өнімдерін әзірлеу (жасау); 2) өндіріске дайындау, қоймаларда, өндірістік үй-жайларда болған, машиналармен, жабдықтармен, материалдармен жұмыс кезінде; 3) жеміс-көкөніс және басқа шикізатты, оның ішінде жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісіне арналған азықтық қоспалар мен ингредиенттерді қабылдау және дайындау; 4) жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін өндіру (дайындау); 5) жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін сақтау, тасымалдау, сату; 6) кәдеге жарату, жою. 5-3. Қауіпті факторлардың (қатерлердің) бірі жалған жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдері болып табылады. Олардың жасандылық фактісін анықтау мақсатында мынадай көрсеткіштер бойынша сынақтар (зерттеулер) жүргізіледі: 1) жаңа піскен жемістерде, көкөністерде, тамыржемістілерде антибиотиктердің (консервантардың) болуы; 2) қарбыз, бүлдірген, шие және басқа да жеміс, көкөністердің пісуін тездету үшін қолданылатын нитриттер мен нитраттардың, басқа да қоспалардың болуы; 3) сиропта, маринадта, тұздық суында, құймада дайындалған жеміс-көкөніс өнімдерінің жалпы нетто салмағындағы негізгі жеміс-көкөніс өнімдерінің салмағы; 4) қызанақ өнімдерінде - толтырғыштардың, қоюландырғыштардың (крахмалдың), жасанды бояғыштардың (кармуазин, амарант, понсо 4R, эритрозин, қызыл 2G, «АС ерекше қызыл», тартразин, «күнбатыс сары», хинолинді сары және индигокармин), жасанды хош иістендіргіштердің болуы; 5) жеміс-көкөністі желеде - толтырғыштардың, қоюландырғыштардың (крахмалдың), жасанды бояғыштардың, жасанды хош иістендіргіштердің болуы; 6) жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу өнімдерінде - каротиноидтардың (альфа- бета- және гамма-каротиндер, лютеин, ликопин, зеаксантин, нейроспорин, бета-криптоксантин, фитоен, фитофлюен, виолаксантин, биксин және норбиксин) болуы; 7) жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу өнімдерінде - А охратоксиннің болуы; 8) жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу өнімдерінде - синтетикалық тәттілендіргіштердің (сахарин, аспартам, К ацесульфам, цикламат) болуы; 9) жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу өнімдерінде - генетикалық түрлендірілген объектілердің болуы; 10) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген басқа көрсеткіштер.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 1-2-бөліммен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 1-2. Жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін сәйкестендіру
5-4. Жеміс-көкөніс өнімдерін сәйкестендіру олардың таңбалануы мен сыртқы түрін қарау, қимасында сыртқы түрін, иісін, дәмін және консистенциясын бағалап, үлгілерінің сынақтарын өткізу арқылы жүргізіледі. Сынақтар мен бақылау әдістері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс. 5-5. Жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін сәйкестендіру мынадай мақсаттарда жүргізіледі: 1) жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін осы Техникалық регламенттің қолданылу саласына жатқызу; 2) жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің, оның ішінде олардың атаулары мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің осы Техникалық регламенттің, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау; 3) жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің тұтынушыларға арналған ақпаратта, дайындаушы немесе сатушы ұсынған сәйкестік туралы декларацияда немесе сәйкестік сертификатында қамтылған мәліметтерге сәйкестігін анықтау; 5-6. Жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіру осы техникалық регламент, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарына жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің сәйкестігін бағалау және растау кезінде, сондай-ақ, егер ақпаратта жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдері туралы сипаттама толық болмаған жағдайда жүргізіледі. 5-7. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сынақ зертханалары (орталықтары) жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіруді сәйкестікті растау рәсімін жүргізу кезінде жүргізеді. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіруді тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезінде жүргізеді. 5-8. Жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіру стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда, жемістерге, көкөністерге, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдеріне арналған ілеспе құжаттарда, жемістерге, көкөністерге, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдеріне арналған жеткізу шарттарында, келісім-шарттарда, өзіндік ерекшеліктерде, тұтыну орамының зат белгілеріндегі ақпаратта және жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттарда келтірілген белгілерді ескере отырып жүргізіледі. Тиісті стандарттарда жемістердің өлшемі мен пішіні, қабығы мен жұмсағының боялуы, қабығының қалыңдығы және төзімділігі, жұмсағының консистенциясы, дәмі және хош иісі, құрамында биологиялық белсенді заттардың болуы сияқты көрсеткіштер бойынша сипатталатын жаңа піскен жемістердің, көкөністер мен тамыржемістілердің осы партияға тиесілілігі өнімнің тауарлық сорты, помологиялық сорты, көкөністердің әр түрлілігі, жүзімнің ампелографиялық сорты, жаңғақтың тауарлық-помологиялық топтары, ботаникалық сорты жемістердің сорттық типі сияқты белгілер бойынша және өнімнің басқа ерекше белгілері бойынша айқындалады. 5-9. Жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіруді жүргізу нәтижелері талданады және бірдейлендіруді жүргізу хаттамасы түрінде ресімделеді, оның мазмұны мыналарды: 1) жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіруді жүргізген ұйым туралы мәліметтерді; 2) заңды тұлғаның тұрғылықты жері (мекен-жайы) және деректемелері, дара кәсіпкер - жеке тұлғаның мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін дайындаушы туралы ақпаратты; 3) бірдейлендірілетін өнімдердің атауын, олардың жіктеу белгілерінің атауын; 4) оларды бірдейлендіруді жүргізу кезінде пайдаланылған жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтерді; 5) жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, оларды сақтау шарттары, нақты таңбалауды (арнайы таңбалау болған кезде), арнайы таңбалауды көрсету; 6) жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықта) (оларды өткізу қажет болса) сынаудың (зерттеудің), оның ішінде органолептикалық көрсеткіштерін сынаудың (зерттеудің) нәтижелерін; 7) орам туралы, оның ішінде орам түрі туралы, жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін тұтыну орамындағы немесе тасымалдау ыдысындағы таза салмағы немесе көлемі туралы мәліметтерді; 8) осы өнім партиясының мөлшерін; 9) таңбалаудың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтерді; 10) соған сәйкес осы өнім өндірілген стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың (олар болған кезде) немесе осы өнімнің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің сипаттамасын қамтитын баска да құжаттың (жеткізу келісім-шарты, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы, қауіпсіздікті растайтын құжат, осы өнімге өзіндік ерекшелік) атауын; 11) қажеттілігін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар белгілейтін қосымша сынақтар (зерттеулер) (талап етілген жағдайда) жүргізу туралы қорытындыны; 12) осы өнімнің өтінім берілген атауға және (немесе) осы өнімнің нақты партиясына және оның декларияланатын көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы қорытындыны қамтиды. 5-10. Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өндірістен және (немесе) айналымнан шығарылуы тиіс. 5-11. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда жалған жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін өндіру және (немесе) өткізуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдайды және бұл жөнінде тұтынушыларды хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді 6. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: шикізат - өсімдіктен, жануардан өндірілетін, микробиологиялық, химиялық және минералдық жолмен алынатын, тамақ өнімін өндіру (даярлау) үшін пайдаланылатын объектілер; технологиялық ақау - шикізаттағы және/немесе дайын өнімдегі оны өндіруде технологиялық процесс сақталмауы немесе төмендеуі себеп болатын ақау; көкөністер немесе жемістер - шекілдеуікті (алма, алмұрт, беже және т.б.), сүйекті (өрік, алхоры, шие, шабдалы және т.б.), цитрусты (апельсин, лимон, мандарин, грейпфрут және т.б.), субтропикалық және тропикалық жемістер (інжір, анар, манго, ананас, банан, авокадо және т.б.), жидектер (жүзім, қарақат, қарлыған, бүлдірген және т.б.), жаңғақтар (түйе жаңғақ, самырсан жаңғағы, бадам жаңғағы, жержаңғағы, фундук және т.б.) болып бөлінетін өсімдіктердің бұта және ағаш тұқымдары өнімдерінің жеуге жарамды жемістері; жидектер - белгілі бір тәртіппен, бірақ, қабыршақсыз жұмсаққа тікелей батып орналасқан жұқа қабығы, жұмсақ шырыны мен тұқымдары бар көпжылдық бұта және шөп өсімдіктерінің жемістері; жаңғақтар - ағаш тәріздес ашылмайтын қатты қабыршақпен - қабықпен жабылған жеуге жарамды бөлігінде тұқымы болатын жемістер; көкөністер - шөп өсімдіктерінің жемістері мен вегетативтік органдары; жабайы өсетін шөп өсімдіктері - әртүрлі вегетативтік бөліктері: түбірлері, сабақтары, жапырақтары, гүл шоғырлары, тағамға пайдаланылатын жеуге жарамды өсімдіктер, сыныптама бойынша көкөністерге жатады; вайялар - өсімдіктің түп тамырында орналасқан, жаңаратын гүл тамырларынан топырақ үстінде өсіп жетілетін папортник жапырақтары, сондай-ақ өркендер деп те аталады; саңырауқұлақтар - табиғи экожүйелердің қалыптасуына ықпал ететін және дайын органикалық заттармен қоректенуге бейім тірі организмдердің айрықша типі; жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар - құрамында улы заттар жоқ, бірақ иісі жағымсыз немесе дәмі ащы, өткір болғандықтан, жағымсыз түйсіктерге немесе ас қорытудың жеңіл-желпі бұзылуына себеп болады; жеуге жарамды саңырауқұлақтар - жабайы түрде өсіп жетілген немесе егілген саңырауқұлақтардың жемісті тіндері, қажетті қайта өңдеуден кейін азық ретінде қолдануға болады; жеміс және көкөніс жартылай фабрикаттары - кейіннен әртүрлі тәсілдермен қайта өңдеуге және консервілеуге арналған жеміс пен көкөністен дайындалған өнімдер; тез тоңазытылған өнімдер - табиғи тамақ компоненттерін қосып немесе қоспай, туралған немесе ұсақталған жемістен (көкөністен) немесе көкөністер мен жемістердің белгіленген технологияға сәйкес әзірленген қоспасынан даярланған, жедел тәсілмен оралған және 18 0С-ға дейін жеткізілген өнімнің ішкі температурасы - сақтау кезінде және тұтынушыға дейінгі тоңазыту тізбегінде өзгертілмейтін тоңазытылған өнімдер; ашытылған көкөністер - бүтін немесе туралған көкөністердің бір немесе бірнеше түріне ас тұзын қосып немесе қышқыл-тұздалған немесе тұздалған ерітінді құйып даярланған, қышқылды сүтпен ашытылған өнімдер; жемістерді (көкөністерді, саңырауқұлақтарды) қайта өңдеу өнімдері - өсімдіктерден, жануарлардан, микробиология немесе минералдан алынған тамақ өнімдері қосылған немесе қосылмаған жемістерден (көкөністерден, саңырауқұлақтардан) алынған, белгіленген технологияға сәйкес дайындалған, ыдыстың алуан түрінде белгілі жағдайларда сақтаудың белгіленген мерзім ішінде өнімінің сақталуын қамтамасыз ететін өнімдер; тоңазытылған жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) өнімдері - жемістерден (көкөністерден, саңырауқұлақтардан) немесе жемістердің және/немесе көкөністердің және/немесе саңырауқұлақтардың қоспаларынан дайындалған жемістерді (көкөністерді, саңырауқұлақтарды) қайта өңдеу өнімдері, немесе өсімдік немесе малдан алынатын майлар, майонез, әртүрлі дәмдік қоспалар, ет, балық, ет өнімдері, балық өнімдері және басқа тамақ өнімдері, дәмдеуіштер, көк, консерванттар қосылған немесе қосылмаған, белгіленген технологияға сәйкес дайындалған, әдеттегі қоршаған орта жағдайында ыдысқа немесе герметикалық ыдысқа вакуммен немесе реттелетін газды ортада буып-түйілген, минус 10С + 50С температурасына дейін тоңазытылған және осы температурада сақталатын дайын тағамдар. кептірілген жемістер (көкөністер, саңырауқұлақтар) - тұтас, туралған немесе ұнтақ тәрізді, жаңадан піскен тұтас немесе туралған жемістерден (көкөністерден, саңырауқұлақтардан) дайындалған, технологияға сәйкес дайындалған, олардың сақталуын қамтамасыз ететін, ылғалдың үлес салмағына жеткенге дейін термиялық өңдеу немесе ауада және күн көзінде кептіру жолымен кептірілген жемістерді (көкөністерді, саңырауқұлақтарды) қайта өңдеу өнімдері; кептірілген жаңғақтар (тұқымдар, бұршақтар) - жаңғақ жемісті дақылдардың жемістерінен (майлы дақылдардың тұқымдарынан, бұршақтардан) дайындалған, тазартылған немесе тазартылмаған, олардың сақталуын қамтамасыз ететін, ылғалдың үлес салмағына дейін термиялық өңдеу тәсілімен немесе табиғи жолмен кептірілген, қуырылған немесе қуырылмаған, қабыршақталған, қабыршақталмаған, тұз немесе қант қосылған немесе қосылмаған жемістерді қайта өңдеу өнімдері; жеміс (көкөніс) цукаттары - тұтас немесе туралған жемістерден (көкөністерден), қант сиробында бір рет немесе көп мәрте пісіру жолымен цитрус және/немесе бақша өнімдерінің қабықтарынан дайындалған, 80% кем емес құрғақ заттардың үлес салмағына дейін кептірілген, қант немесе қант ұнтағы себілген немесе қабыршақталған, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70% аспағанда ұзақ сақтау үшін арналған жемістерді (көкөністерді,) қайта өңдеу өнімдері; ылғалданған жеміс өнімдері - қант ерітіндісі және/немесе ас тұзы қосылған, жеміс және/немесе көкөніс компоненттері, бал, қара бидай ұны, уыт, қыша, дәмдеуіштер, көк қосылған немесе қосылмаған жаңа піскен тұтас немесе туралған жемістерден дайындалған, қышқыл сүт ашуына ұшыраған, табиғи немесе таза қышқылды сүт бактерияларынан дайындалған ашытқылар қосылған, алынған ерітіндіде минус 10С +40С дейінгі температурада сақтау үшін арналған, қысқа мерзімді сақтау кезінде 10С + 100С дейінгі температурада сақтауға рұқсат етілетін жемістерді қайта өңдеу өнімдері; тұздалған көкөніс (саңырауқұлақ) өнімдері - ас тұзы ерітіндісі қосылған, дәмдеуіштер, татымдылық өсімдіктерінің бөліктері қосылған немесе қосылмаған жаңа піскен тұтас көкөністерден (саңырауқұлақтардан) дайындалған, қышқыл сүт ашуына ұшыраған, табиғи немесе таза қышқылды сүт бактерияларынан дайындалған ашытқылар қосылған, алынған ерітіндіде минус 1оС +4оС дейінгі температурада сақтау үшін арналған, қысқа мерзімді сақтау кезінде 10С + 100С дейінгі температурада сақтауға рұқсат етілетін көкөністерді (саңырауқұлақтарды) қайта өңдеу өнімдері; жеміс-көкөніс шикізатын калибрлеу (жеміс-көкөніс шикізатын сорттауға жол берілмейді) - жеміс-көкөніс шикізатын мөлшерлері бойынша бөлу; жеміс-көкөніс шикізатының концентрацияланған өнімі (жеміс-көкөніс шикізаттың қоюлатуға жол берілмейді) - жеміс-көкөніс шикізатының туралған салмағынан ылғалды буландыру немесе мұздату; өңделінген жемістер - күкіртті ангидридпен, күкіртті қышқыл ерітіндісімен, күкіртпен, натрий бисульфитымен өңделген жемістер; тамақ өнімдерінің антиқышқылдатқыштары - майлардың, құрамында май бар өнімдердің және басқа органикалық заттардың тотығуына кедергі болатын, табиғи және синтетикалық химиялық заттар; шикізатты жуу - таза шикізаттың микроорганизмдермен тұқымдану дәрежесі бойынша кейіннен бақылай отырып, жуу машиналарында ластаушыларды, улы химикаттарды, қоспаларды және микроорганизмдерді жою; сұрыптау - жеміс-көкөніс шикізатын сапасы, пісіп жетілуі, түсі бойынша бөлу; инспекция - шикізатты тексеру, жарамсыз (механикалық зақымдалған, зеңделген, дұрыс емес пішінді, көгерген т.б.) түрлерін сараптау; суға салып қою - жеміс-көкөніс шикізатының консистенциясын, ісінуін, сіңімділігін жақсарту үшін суда немесе тұздың органикалық қышқылдардың судағы ерітінділерінде ұстау; бұқтыру - жемістердің немесе көкөністердің қарайып кетпеуін болдырмау, сыртын алып тастау, нитриттер (нитраттар) құрамын азайту, ащы дәмін, өзіне тән иісін жою үшін аз уақыт аралығында өнімді қайнаған сумен немесе бумен өңдеу; тазалау - қабықтарынан, сүйектерінен, тұқымдарынан, жеміс сабақтарынан, тұқым камераларынан және т.б. - жеуге жарамсыз немесе тағамдық жағынан құны темен бөліктерінен ажырату процесі. Тазалаудың химиялық, паротермиялық, суыту және механикалық әдістерін қолданады; жеміс-көкөніс шикізатын үгіту - ұсақтау немесе кесу арқылы жеміс-көкөніс шикізатының талшық құрылымын механикалық бұзу; сүрту - жеміс-көкөніс шикізатын арнайы сүрту машиналарында өңдеу үдерісі, оны езбе тәріздес өнімдер өндірісі кезінде жылумен өңдеуден кейін жүргізеді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |