|
|
|
«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы (2009.23.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 152 Қаулысымен күші жойылды
«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 451 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін; 2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.12.03. № 294 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.23.07. № 1120 қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 маусымдағы № 603 қаулысына қосымша
«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |