«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие (2007.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 20 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 203 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 203 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса беріліп отырған «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 555 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 203 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесі 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 203 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Осы Ереже «2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына сәйкес әзірленді және 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 083 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ несие ресурстарын толықтыру» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) несие ресурстарын 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге (бұдан әрі - Қаражат) сомасында толықтыру мен пайдаланудың тәртібін және шарттарын айқындайды. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі Қаржымині) Қорға шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі - Заемшылар), оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігіне кейіннен несие беру үшін 6 (алты) жыл мерзімге 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге сомасында қаражат береді. Қаражатты қайтаруды Қор мерзімнің аяғында жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 203 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Қаржымині, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрі - Әкімші) Қормен республикалық бюджеттен Қорға қаражат бөлу тәртібін, Қор міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілдері мен өзге де шарттарын реттейтін тиісті несие келісімін (бұдан әрі - Несие келісімі) жасасады. Несие келісімін Қаржымині оның жасалған күнінен бастап үш күн мерзімде тіркейді. 4. Қор қаражатын алу өтініші негізінде Несие келісімі тіркелгеннен кейін Қаржымині Қаражатты Әкімшінің бюджеттік шотынан Қордың шотына есептеуді жүргізеді. ҚР Үкіметінің 14.01.03 ж. № 5 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Қорға бөлінген Қаражат қаражатты алған күннен бастап 9 ай ішінде игерілуге тиіс. Игерілмеген Қаражатты Қор игеру мерзімі аяқталған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық бюджетке қайтаруға тиіс. 2. Несие ресурстарын пайдаланудың негізгі шарттары 6. Қордың несие ресурстарын Заемшыларға бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қордың ішкі несие саясатына сәйкес айқындалады. 7. Несие берілетін жобалардың салалық бағыттарының тізбесі мен Қаражатты республиканың аймақтары бойынша бөлу лимиттерін Әкімші айқындайды. 8. Әйелдер кәсіпкерлігін айқындаудың негізгі өлшемі ұйымның еңбек ұжымында жалпы құрамның кемінде 50%-ы әйел жынысты адамдардың болуы және басшысының әйел болып табылуы деп белгіленеді. 9. Несие ресурстары Заемшыға тек мынадай өлшемдер бойынша кепілді қамтамасыз етуге беріледі: 1) несие валютасы - теңге; 2) несие беру мерзімі - 5 жылға дейін; 3) несиенің ең төменгі сомасы - 300 000 теңге; 4) несиенің ең жоғарғы сомасы - 5 000 000 теңге; ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 203 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) сыйақы (мүдде) ставкасы - 9%-ды құрайтын және Қор маржасынан 2% құралатын әйел кәсіпкерлігі желісі бойынша сыйақы ставкасынан, сондай-ақ Қаржыминінің жылдық 7% сыйақы ставкасын қоспағанда, жылдық 12%, Қор маржасынан жылдық 5,0% және Қаржыминінің сыйақы ставкасынан жылдық 7% құралады. Заемшылармен жасасқан несие келісімдеріндегі сыйақы ставкасы инфляция қарқындарын ескере отырып өзгеруі мүмкін; 6) негізгі қарызды өтеудегі жеңілдік кезең - 1 жылға дейін; 7) сыйақыны (мүддені) өтеу - ай сайын; 8) негізгі қарызды өтеу - тең төлемдермен тоқсан сайын. 3. Жобаларды қабылдау және қарау тәртібі 10. Заемшы өзінің бюджет алдында берешектерінің жоқ екенін Қорға салық органынан алған анықтамасын беру жолымен құжаттық растауға тиіс. 11. Заемшылар беретін құжаттарға қойылатын талаптарды (бұдан әрі Талаптар) Қор өзі қабылдаған ішкі несие саясатына сәйкес белгілейді. 12. Талаптарға жауап беретін және Қорға қарауға енгізілген жобалар бойынша шешімдер 14 жұмыс күні ішінде қабылданады. Талаптарға жауап бермейтін жобаларды Қор Заемшыға пысықтауға қайтарады, ал несие беру мүмкін емес жағдайларда бас тарту туралы қорытындыны ресімдейді. 13. Қордың оң шешімін алған жобалар бойынша Заемшылармен несие шарттары мен несиеге байланысты басқа да құжаттар жасалынады. 14. Несие ресурстары Заемшыға әрбір жоба бойынша бес жұмыс күні ішінде несие шарты мен несиелерге байланысты басқа да құжаттарға қол қойылғаннан және оларды бергеннен, сондай-ақ ақшаны алуға өтінімдерді бергеннен кейін бөлінеді. 4. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау 15. Қор Қаржымині белгілеген нысандар бойынша: ҚР Үкіметінің 2006.28.02. № 138 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) ай сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қаржыминіне, Әкімшіге және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға бөлінген несие қаражатының игерілуі туралы есепті береді; 2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қаржымині мен Әкімшіге түпкі заемшылардан түскен төлемдер туралы есеп береді. 16. Қаражаттың игерілуін, мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақытылы әрі толығымен өтелуін бақылауды Қаржымині жүзеге асырады. |