|
|
|
Прокуратура туралы (2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда
1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 8 баптар) 2 тарау. Прокуратура органдарының жүйесi және оларды ұйымдастыру (9 -17 баптар) 3 тарау. Прокуратураның құқықтық актілері (18 - 27 баптар) 4 тарау. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң мүдделерiнiң сақталуын қадағалау (28 - 29 баптар) 5 тарау. Сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру (30 - 33 баптар) 6 тарау. Жедел-iздестiру қызметiне қадағалау (34 - 36 баптар) 7 тарау. Тергеу мен анықтама заңдылығына қадағалау (37 - 39 баптар) 8 тарау. Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалау (40 - 42 баптар) 9 тарау. Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалау (43 - 44 баптар) 10 тарау. Қылмыстық қудалау (45 - 47 баптар) 11 тарау. Прокуратура органдарындағы қызмет, прокуратура органдары қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау (48 - 55 баптар) 12 тарау. Прокуратураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң өзге де мәселелерi (56 - 59 баптар) ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен осы Заң өзгертілді
Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы 1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттік орган. 2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртібі және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актілерімен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi 1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды. 2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады. 3. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады. 4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi. 5. Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,сондай-ақ мемлекеттік құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.
ҚР 02.07.98 ж. № 266-1 Заңымен 4-бап толықтырылды; ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және Президентінің Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан: 1) Конституцияның, Заң актілерінiң және Республика Президентi актілерінiң бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады; 2) жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады; 3) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi; 4) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды; 5) заңда белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады; 6) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
5-бап. Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметi 1. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерiстер жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. 2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсыруына; 2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге; 3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына; 4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi. 3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi. 4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келісімiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады. 5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi мен прокурорлық қадағалау актілері, егер олар осы Заңда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп пен нысандарда жасалған болса, заңда белгiленген салдарларға әкелiп саяды.
ҚР 02.07.98 ж. № 266-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 09.08.02 ж. № 346-II Заңдарымен 6-бап өзгертiлдi 6-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң құқықтық кепiлдiгi 1. Прокурордың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе оған заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады. 2. Прокуратураның талап етуi бойынша тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар: 1) қажеттi материалдар мен мәлiметтердi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып беруге; 2) тексерiске қатысу және қорытынды беру үшiн мамандар бөлуге. 3) прокурорлардың қадағалау қызметiн қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шаралар қолдануға мiндетті. 3. Прокурордың өз құзыретi шегiнде берген тапсырмасы анықтама мен тергеу органдары үшiн мiндеттi. 4. Талап етiлген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгiленген нысандарда, сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен мерзiмде берiледi. 5. Прокурорлардың өз құзыретi шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен танысуда қол жеткізуге және оларды соттан талап етiп алдыруға құқығы бap. 6. Лауазымды адамдар мен азаматтар прокурордың талап етуi бойынша айғақтар беру үшiн оларға белгiленген уақытта келуге мiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады. Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып та жiберiлуi мүмкiн. 7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы. 8. Прокурор, заңда көзделген басқа жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп жатқан тексерулер мен iстердiң материалдарын олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.
1. Прокуратура органдары заңдарда белгiленген тәртiппен заң бұзушылық туралы арыздарды қарай келiп, адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуын жою, бұзылған құқықты қалпына келтiру шараларын қолданады. 2. Егер адам бойындағы, психикасындағы немесе өзге де кемiстiктерi салдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi. 3. Прокуратура органдары заңда белгiленген тәртiппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту шараларын қолданады. 4. Прокуратура органдарына қол қойылмай жасалған арыздар тексерiлмейдi, бiрақ прокурор азаматтың мүддесi тұрғысында ақпарат көзiн жария етпеуге хақылы.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актілеріне шағымдану 1. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актілеріне жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады. Прокурордың талаптары мен актілеріне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды. 2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады. 3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актілерінiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.
Прокуратура органдарының жүйесi және оларды Ұйымдастыру
9-бап. Прокуратура органдарының жүйесi Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
ҚР 02.07.98 ж. № 266-1 Заңымен 10-бап өзгертiлдi 10-бап. Республиканың Бас прокуроры және оның орынбасарлары 1. Республиканың Бас Прокурорын: 1) Парламент Сенатының келісімiмен Республика Президентi бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды; 2) қызметтен Республика Президентi босатады; 3) ол Республика Президентiне есеп бередi; 4) оны өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайда болмаса, Сенаттың келісімiнсiз тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкiмшiлiк жазаға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 2. Республика Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Республика Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 3. Республика Бас Прокурорының орынбасарлары сонымен бiрге Бас прокуратураның тиiстi департаменттерiнiң бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн.
10.10.01 ж. № 247-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi Республиканың Бас Прокуроры: 1) Республика аумағында заңдар мен Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады, төменгi прокуратуралардың қызметiне басшылық етедi; 2) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге оларды қабылдаған органдар мен лауазымды адамдарға наразылық жасайды; 3) Жоғары Сот Кеңесiнiң мүшесi болып табылады; 4) Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру мен оның қызметiнiң мәселелерi мен материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларының тәртібін реттейтiн Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдары мен мекемелерiнiң барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар шығарады; Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс жүргiзу кодексi мен жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарының анықтау мен тергеу органдарының, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi нормаларын қолдану мәселелерi бойынша; құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер; осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды; 4-2) жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын органдар шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер бойынша келiсу туралы шешiм қабылдайды; 5) прокуратураларды, прокуратура органдарының мекемелерiн құрады, қайта құрады және таратады, олардың құрылымын, құрылымдық бөлiмшелердiң құқықтары мен мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат санының лимитi шегiнде прокуратура органдарындағы штат санын және еңбекақы төлеу қорын белгiлейдi; 6) Республика Президентiне жоғары сыныпты шендер мен әскери атақтар беру үшiн кандидатуралар ұсынады; 7) облыстардың прокурорларын және оларға теңестiрiлген прокурорларды, әскери прокурорларды, олардың орынбасарларын, аудандардың, қалалардың прокурорларын және оларға теңестiрiлген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 8) прокуратура органдарының қызметi туралы Республика Президентi алдында есеп бередi; 9) белгiленген тәртiппен прокуратура органдарының қызметкерлерiне сыныптық шендер мен әскери атақтар бередi; 10) прокуратура органдарының қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметтi атақтар беруге ұсынады; 10-1) "Прокуратураның құрметтi қызметкерi" атағын бередi, осы атақты беру тәртібі туралы Ереженi бекiтедi; 11) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қару мен оқ-дәрi алу, сақтау, алып жүру және тасымалдау тәртібін айқындайды; 11-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар енгiзедi; 12) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР 02.07.98 ж. № 266-1; 09.08.02 ж. № 346-II Заңдарымен 12-бап өзгертiлдi 12-бап. Бас прокуратура 1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Республиканың Бас Прокуроры басшылық етедi. 2. Республиканың Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары және орынбасарлары болады. 3. Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгілейдi. 4. Департаменттердің, басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшiлердi, көмекшiлердi, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшiлердi, департаменттердің, басқармалар мен бөлiмдердiң аға прокурорлары мен прокурорларын Республиканың Бас Прокуроры қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 1) Республика прокуратура органдарының iс-қимылдарын олардың қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша үйлестiрiлуi мен орайластырылуын қамтамасыз етедi; 2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына талдау жасайды; 3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды; 5) заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады; 6) кадрлардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және жүргiзедi; 7) норма шығарушылық қызметiне қатысады; 8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi.
13-бап. Облыстардың прокурорлары Облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар: 1) облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне басшылық жасайды; 2) бағынысындағы барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Облыстардың прокуратуралары 1. Облыстардың прокуратураларына және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республика Президентінің келісімiмен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi. 2. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi болады. Облыстардың прокурорларының орынбасарлары облыстық прокуратуралардың тиiстi басқармаларының бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн. 3. Облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда басқармалар мен бөлiмдер болады. Басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтары тиiсiнше облыстар прокурорларының аға көмекшiлерi және көмекшiлерi болып табылады. Басқармалар мен бөлiмдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың лауазымдары белгiленедi.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 15-бап өзгертілді 15-бап. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокурорлар мен прокуратуралар 1. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi. 2. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi болады. 3. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларда бөлiмдер құрылуы мүмкiн. 16-бап. Төменгi прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға бағыныстылығы 1. Прокурорлардың бағыныстылығы: 1) жоғары тұрған прокурорлардың ұйымдастыру және қызмет мәселелерi жөніндегі нұсқауларының төменгi прокуратуралар үшiн мiндеттiлiгiн; 2) төменгi прокурорлардың жоғары тұрған прокурорлар алдында қызмет мiндеттерiн орындауы үшiн жауапкершiлiгiн; 3) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төменгi прокурорлардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруын; 4) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлар актілерінiң күшiн жоюын, қайтарып алуын, өзгертуiн; 5) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлардың iс-әрекеттерi мен актілеріне жасалған шағымдарды шешуiн қамтиды. 2. Республиканың Бас Прокуроры төменгi прокурорлардың бағыныстылығының өзге де нысандарын белгiлеуi мүмкiн. 17-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар 1. Бас прокуратурада, облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда алқалар құрылады. 2. Алқа отырыстарында прокуратура органдары қызметiнiң мәселелерi, сондай-ақ заңдардың бұзылуының анықталуына байланысты Бас Прокурордың, облыс прокурорының немесе оған теңестiрiлген прокурордың ұйғарымы бойынша заңды бұзған лауазымды адамдардың қатысуымен алқалы түрде қарауды қажет ететiн өзге де мәселелер қаралады. 3. Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. 4. Алқаның шешiмдерi тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен iске асырылады және прокуратура органдарының қызметкерлерi үшiн мiндеттi. Заңның бұзылуының анықталуына қарай прокурорлық қадағалау актілері қабылданады. 5. Алқа жұмысының регламентiн және алқа мүшелерiнiң мәртебесiн Республиканың Бас Прокуроры айқындайды. Прокуратураның құқықтық актілері ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 18-бап толықтырылды 18-бап. Прокуратураның құқықтық актілерінiң жүйесi 1. Прокуратураның құқықтық актілерінiң жүйесiн: 1) прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсiндiрме; 2) Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды. 1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актілері жариялануға тиiс. 2. Прокуратураның ережелерi мен нұсқаулықтары тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен бекітіледi. 1. Прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентінің актілеріне қайшы келетiн нормативтiк және өзге де құқықтық актiлерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық жасайды. 2. Наразылық оны шығарған органға немесе жоғары тұрған органға берiледi. Лауазымды адамның заңсыз шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық нақ осындай тәртiппен жасалады. 3. Прокурордың наразылығын тиiстi орган немесе лауазымды адам он күн мерзiм iшiнде қарауға тиiс. Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын күнi туралы прокурорға хабарлауға мiндеттi. Наразылықтың сотта қаралу мерзiмi заңдарда белгiленедi. 4. Наразылықта прокурор заңсыз актiнiң күшiн жоюды не оны Конституцияға және заңдарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекеттерiн тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтiрудi талап етедi. 5. Прокурор наразылық жасалған актiнiң не iс-әрекеттiң орындалуын наразылық бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тоқтата тұруға хақылы. Заңдарға жасалған наразылық олардың қолданылуын тоқтатпайды. ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 20-бап өзгертілді 20-бап. Қаулы 1. Заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөнiнде қаулы шығарады. 2. Прокурор заңның қолданылуына тексерiс жүргiзу туралы, заңсыз құқықтық актiнi алдырып тастау, қарау, тұмшалау салу туралы, тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды жою немесе алып тастау туралы, күшiн тоқтата тұру туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткізу (күштеп әкелу) туралы, сондай-ақ заңда көзделген басқа да реттерде қаулы шығарады. 3. Прокурордың қаулысын уәкiлеттi орган немесе лауазымды адам заңмен белгiленген мерзiмде, ал мұндай мерзiм болмаған жағдайда, прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындауға тиiс. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде орындамау Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |