|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қантардағы № 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтағы «1 310 000 000 (бір миллиард үш жүз он миллион) теңге» деген сөздер «1 270 188 800 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз) теңге» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 702 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына қосымша
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемі
Ескертпе: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті кестеде көрсетілген тауарлардың апталық қажеттілігін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген (1270188800,00 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз теңге) қаражаттан материалдық құндылықтарды сақтауға, орнын ауыстыруға және шығаруға 13001565,00 теңге пайдалану көзделіп отыр.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |