|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң (2007.30.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 (бұр. ред. қара); 2005.30.12. № 1319 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретінің шегінде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi, діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттік тiркеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрi - азаматтар), жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу және тiркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттiң негiзi мiндетi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi, діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеу, азаматтарды, жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу және тіркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады. 5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 21. 7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Тiркеу қызметi комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитеттiң кәсіпкерлiк субъектiлерімен оның функциялары болып табылатын мiндеттерiн орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары 10. Комитет заңнамада белгiленген: ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 (бұр. ред. қара); 2005.30.12. № 1319 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2007.29.01. № 64 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1) тармақша өзгертілді ; 2007.30.04. № 352 (бұр.ред.қара) қаулысымен 1) тамақша толықтырылды 1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететін функциялар: діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаларды діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, мемлекеттік тiркеудi, филиалдар мен өкілдiктердi, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелердi, азаматтық хал актерлерiн есептік тiркеудi, азаматтарды, жылжымалы мүлiк кепілiн есепке алу және тiркеудi, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру жөніндегi қызметке басшылық жасауды; аумақтық әдiлет органдарының заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру, азаматтарды есепке алу және тiркеу, жылжымалы мүлiк кепілiн тiркеу мәселелерi жөнiндегі қызметін үйлестiрудi және әдiстемелiк көмек көрсетудi; Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарға жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру, техникалық және құндық сипаттамаларын айқындау, жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу жөніндегі қызметті жүзеге мәселелері бойынша қызметті үйлестіру және әдістемелік көмек көрсету; заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттік тiркелiмiн, филиалдар мен өкiлдiктердiң тiзiлімін және жылжымалы мүлік кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi; діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаларды діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, мемлекеттік тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi; әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды; құқықтық кадастрды жүргiзу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды; жеке тұлғаларға меншiк құқығында тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын олардың салық салу объектiлерiн бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды; стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi; өз құзыретi шегінде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетудi; оған басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi; азаматтар мен заңды тұлғалардың Әділет министрлігiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды, және өтiнiш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды; өз құзыретінің шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді; сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруды орталықтандырып жүзеге асыруды әрі тіркеуші және басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат ұсынуды; сәйкестендіру нөмірі бар құжаттардың дайындалуын ұйымдастыруды жүзеге асыруды; сәйкестендіру деректерінің, олардың құрылымдарының, құрамы мен форматының жіктемелері мен анықтамаларын жүргізу тәртібін белгілеуді ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 (бұр. ред. қара); 2005.25.07. № 773 (бұр. ред. қара); 2005.30.12. № 1319 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2007.25.05. № 419 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа) қаулыларымен 2) тармақша өзгертілді 2) бақылау және қадағалау функциялары: діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаларды діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, мемлекеттік тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi, азаматтық хал актілерiн есептік тiркеу, азаматтарды, жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу және тiркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру жөнiндегі қызметтi; заңнамада белгiленген тәртiппен мүлiкті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады. 11. Комитеттiң заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға; 2) өз құзыретінің шегiнде бағалау қызметiнiң мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға; 3) өзiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға; 4) Комитеттің құзыретіне жататын салалардағы заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 5) Комитеттің құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқығы бар. 12. Комитеттің жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлкі болады. Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негізгi қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң балансында көрсетiлген өзге де мүлiктен тұрады. 13. Комитеттің өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiнше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру 14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілейдi. 15. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады. 16. Комитет төрағасы осы мақсатта: 1) өзінiң орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн белгілейдi; 2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн, Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерi мен оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларына тәртіптiк жазалар қолданады; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсiпорындардың жарғыларын бекiтедi; 6) Комитеттi мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда бiлдiредi; 7) өзiнің құзыретiне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Тiркеу қызметi комитетiнiң құрылымы Басшылық Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудi ұйымдастыру және бақылау басқармасы Заңды тұлғаларды тiркеу басқармасы Халықты тiркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы Құжаттандыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы Лицензиялау бөлiмi Азаматтық хал актілерiн тiркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлiмi Апостильдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлiмi Ұйымдастыру-талдау және кадр жұмысы бөлiмi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 14.12.04 ж. № 1317 қаулысымен тізбе толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.18.09. № 816 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Тiркеу қызметi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI 1. «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2. «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегi орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 3. «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 4. «Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 5. «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 6. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 7. «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 8. «Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 9. «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 10. «Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 11. «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 12. «Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 13. «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 14. «Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 15. «Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 16. «Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 17. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Тiркеу қызметі комитетiнің Ақпараттық-өндiрiстік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |