|
|
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 26 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі тізбеге сәйкес: 1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін; 2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін. 3. «Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесінде: реттік нөмірі 45-жол алынып тасталсын. 4. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 15 мамырдағы № 125-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министрінің 2008 жылғы 11 шілдедегі № 184-ө өкімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 26 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Ескертпе: ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |