Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, (ҚР Үкіметінің 08.11.01 ж. № 1422 ; 07.10.02 ж. № 1096; 2005.24.05. № 503 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 27 жәнә 28 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру және мемлекеттік астық ресурстарын мемлекеттік басқаруды тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесi бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2005.24.05. № 503 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамы: 1) мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөнiндегі агент; 2) сатып алудың стратегиялық мәнi бар астықты мемлекеттік ресурстарға мемлекеттік сатып алу жөніндегі қызметтердi, мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру жөнiндегі қызметтердi берушi болып белгiленсiн. 3. ҚР Үкіметінің 07.10.02 ж. № 1096 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысымен Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.24.05. № 503 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын және мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және сату тәртібін реттейдi. 2. Мемлекеттік ресурс астығы мемлекеттік (республикалық) меншiк болып табылады. 3. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент (бұдан әрi - агент) өзiне жүктелген функцияларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген құзыретi шегiнде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгімен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жасалған шарт негiзiнде және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Агент мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға байланысты қызметтiң нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен есеп бередi. 5. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды осы Ережеде белгіленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының ?кіметі бекiткен көлемдi құру және оған жеткiзу мақсатында агент жүзеге асырады. 6. Мемлекеттік астық ресурстарын жаңартуды осы Ережеде белгiленген тәртiппен мемлекеттік астық ресурстарын бекітілген көлемге дейiн толтыру және қажеттi сапада ұстап отыру мақсатында агент жүзеге асырады. 7. Мемлекеттік ресурсқа астық сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік ресурсты сақтау және орнын ауыстыру жөніндегі қызметтердi сатып алуды Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен агент жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік азық-түлiктік астық резервi
8. Мемлекеттік азық-түліктiк астық резервiн қалыптастыру және жыл сайын жаңарту астықты республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алу не астықты мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан аудару жолымен жүзеге асырылады. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн қалыптастыру және жаңарту процесiнде босаған астық көлемi мемлекеттік сатылатын астық ресурстарына жiберiледi. 9. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмiмен белгiленген мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнiң көлемi азаймайтын қор болып табылады. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнiң көлемi және мақсаты, пайдаланылатын көлемдi қалпына келтiру шарттарын көрсете отырып, заңнамада белгіленген мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен бекітіледi.
3. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстары
10. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын қалыптастыруды және жаңартуды уәкілетті орган агент арқылы мынадай жолдармен жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған көздердiң есебiнен астық сатып алу; мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан ауыстыру; қайтару коэффициентiн ескере отырып, бұрын берiлген жемдiк несиенi қайтару; мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын сатудан түскен қаражатқа астық сатып алу және берiлген банктік кепiлдiктер бойынша талап ету құқығын iске асыру. 11. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын пайдалану жемдiк несие беру және сату арқылы жүзеге асырылады. 12. Жемдiк несиенi берудi бөлiнген несие құнының 10 пайызынан аспайтын мөлшердегі қайтару коэффициентiн ескере отырып, қайтарымдылық және коммерциялық негізде агент жүзеге асырады. Жемдiк несие агентпен келiсілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банкінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген кепiлдiгi ұсынылған кезде берiледi. 13. Несие алушы жемдiк несиенi алу үшiн комиссияға мынадай құжаттарды тапсырады: жазбаша өтiнiм; несие алушыда малының және/немесе құсының барлығын растайтын құжат; екiншi деңгейдегі банктiң кепілдiк беруге дайындығы туралы ниет-хаты. 14. Несиенi қайтару мемлекеттік астық ресурстарын сақтауға рұқсат берiлген астық қабылдау кәсiпорындарына несие беру шартында көрсетiлген мерзiмде және нысанда жеткiзу жолымен заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 15. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын сату алдын ала төлемi немесе Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінің кепiлдiгi бар болған кезде уәкiлеттi органмен келiсу бойынша агент белгiлеген нысанға сәйкес жүзеге асырылады. 16. Қажет болған жағдайда агент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айырбастау шарты негiзiнде мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын айырбастауды жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік тұқым ресурстары
17. Мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыруды және жаңартуды уәкiлеттi орган агент арқылы мынадай жолдармен жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған көздердiң есебiнен аттестаттаудан өткен өндiрушiлерден тұқым сатып алу; тұқымды мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан ауыстыру; бұрын берiлген тұқымдық несиенi қайтару; мемлекеттік тұқым ресурстарын сатудан түскен қаражатқа аттестаттаудан өткен өндiрушiлерден тұқым сатып алу. Қажет болған жағдайда агент мемлекеттік астық ресурстарын тиiмдi басқару мақсатында тұқымды мемлекеттік ресурстардан кейiн мемлекеттік ресурстарды бекітілген көлемге дейiн жеткiзу арқылы мемлекеттік сатылатын ресурстарға ауыстыруды жүзеге асырады. 18. Мемлекеттік тұқым ресурстарына жеткiзiлетiн сұрыптық тұқым Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берiлген Селекциялық жетiстіктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарға жатуға, ал сұрыптық және себу сапалары бойынша мына талаптарға жауап беруге тиiс: дәндi дақылдар (жүгерiден басқа) - бiрiншi-төртiнші репродукциялы, сұрыптық тазалығы екiншi санаттан және себу стандартының екiншi сыныбынан төмен емес; жүгерi сұрыптары мен будандарының тұқымы - бiрiншi-үшiншi репродукциялы, сұрыптық тазалығы екiншi санаттан, себу стандартының екiншi сыныбынан, бiрiншi буындағы будандардан төмен емес; күнбағыс тұқымы - бiрiншi репродукциядан, сұрыптық тазалығы екiншi санаттан, себу стандартының екiншi сыныбынан, бiрiншi буындағы будандардан төмен емес; басқа ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымы - бiрiншi-үшiншi репродукциялы, сұрыптық тазалығы екiншi санаттан және себу стандартының екiншi сыныбынан төмен емес. 19. Агент мемлекеттік тұқым ресурстарын пайдалануды тұқымдық несиенi беру және сату жолымен жүзеге асырады. 20. Тұқымдық несиенi беру бөлiнген несие құнының 10 пайызынан аспайтын мөлшердегi қайтару коэффициентiн ескере отырып, қайтарымдылық және коммерциялық негiзде жүзеге асырылады. Тұқымдық несие агентпен келісілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банкінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсiмделген кепiлдігі ұсынылған кезде берiледi. Тұқымдық несиенi алу үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi комиссияға өтiніштi, жер учаскесiне құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінің кепiлдiк беруге дайындығы туралы ниет-хатын бередi. 21. Тұқымдық несиенi қайтару заңнамада белгіленген тәртiппен ағымдағы жыл егiнiнiң азық-түлiктiк астығын не сұрыптық тұқымдарын мемлекеттік астық ресурстарын сақтауға рұқсат берiлген астық қабылдау кәсiпорындарына несие беру шартында көрсетiлген мерзiмдерде жеткiзу жолымен жүзеге асырылады. 22. Тұқымды сату алдын ала төлемi немесе агентпен келісілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінің кепiлдігі болған кезде жүзеге асырылады. Тұқымды сатып алу кезiнде сатып алушылар агентке өтiніштi және жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттың көшiрмесiн бередi. 23. Қажет болған жағдайда агент айырбастау шарты негiзiнде мемлекеттік тұқым ресурстарын айырбастауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары
24. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыруды және жаңартуды уәкiлеттi орган агент арқылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алу не мемлекеттік астық ресурстарының басқа түрлерiнен ауыстыру жолымен жүзеге асырады. 25. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын гуманитарлық көмек көрсету, iшкі рынокты реттеу мақсаттарында пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негізiнде жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын астықты экспортқа шығаруды, iшкi рынокта сатуды және мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын және мемлекеттік тұқым ресурстарын жаңартуды қамтамасыз ету мақсаттарында пайдалануды агент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз бетiмен жүзеге асырады. 26. Қажет болған жағдайда агент айырбастау шарты негізiнде сатылатын астық ресурстарын айырбастауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру
27. Мемлекеттік астық ресурстары заңнамада белгiленген тәртiппен астықты сақтауға рұқсат берiлген астық қабылдау кәсiпорындарында сақталады. Дәндi, майлы дақылдардың сұрыптық және буданды тұқымы астық қабылдау кәсiпорындарында тұқымның бүлiнуден толық сақталуын және басқа дақылдармен және сұрыптармен араласып кетпеуiн қамтамасыз ететiн осыған арнайы бөлiнген астық қоймаларында орналастырылады және сақталады. 28. Астық қабылдау кәсiпорындары және агент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етедi. 29. Мемлекеттік азық-түлiктік астық резервiн сақтау мен орнын ауыстыру жөніндегі шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын, мемлекеттік тұқым ресурстарын және мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын сақтау мен орнын ауыстыру жөніндегі шығыстар оларды пайдаланудан түскен қаражат, сондай-ақ агенттiң иелiгіндегi өзге де қаражат есебiнен жүзеге асырылады. Агент астық қабылдау кәсiпорнына мемлекеттік астық ресурстарының бiр бөлiгiн (мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн қоспағанда) оларды сақтау жөніндегі қызметтерге төленетiн ақы есебiне бере алады. 30. Астық қабылдау кәсiпорындары уәкiлеттi органға және агентке қажеттi ақпаратты және мемлекеттік астық ресурстарын сақтау жөнiндегі есептi ұсынады.
7. Мемлекеттік астық ресурстарының сапасын сертификаттау және оған сараптама жасау
31. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстарындағы және мемлекеттік сатылатын ресурстардағы астықтың сапасын сертификаттау және оған сараптама жасау қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оларды пайдаланудан түскен қаражат есебiнен жүргізiледi. 32. Мемлекеттік ресурстардағы тұқым сапасына сараптама жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
8. Мемлекеттік астық ресурстарымен жасалатын операцияларды қаржыландыру
33. Агентке мемлекеттік астық ресурстарын басқарғаны үшiн сатылған астық құнының 3 (үш) пайызы мөлшерiнде мемлекеттік астық ресурстарын пайдаланудан түскен қаражат есебiнен комиссиялық сыйақы көзделедi. 34. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнен басқа мемлекеттік астық ресурстарын сақтау, сондай-ақ астықты пайдалануға байланысты шығындар мемлекеттік астық ресурстарымен жасалған операциялардан түскен қаражат есебiнен төленедi. 35. Мемлекеттік астық ресурстарын пайдаланудан түскен қаражат агенттің банктiк шоттарында жинақталады. Агенттің комиссиялық сыйақысын, салықтарды және астықты пайдалануға байланысты басқа да шығындарды шегергендегі мемлекеттік сатылатын ресурстардың астығын пайдаланудан түскен ақша агенттiң банктiк шоттарынан республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын, сондай-ақ мемлекеттік тұқым ресурстарын пайдаланудан түскен ақша көрсетiлген ресурстарды қалыптастыру және жаңарту мақсатында жемдiк астық пен тұқымды сатып алу үшiн пайдаланылады. Бұл ретте мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын және мемлекеттік тұқым ресурстарын пайдаланудан уақытша бос ақша екiншi деңгейдегі банктердiң депозиттерiне және бағалы қағаздарға орналастырылуы мүмкiн. Уақытша бос ақшаны депозиттерге орналастырудан алынған сыйақыны агент мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын және мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыруға жұмсайды. 36. Агенттің мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға байланысты жасаған операцияларын есепке алуды агент өз қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiнен бөлек жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылды деп танылуға жататын шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Мемлекеттік ресурстар мен резервтiң астығын пайдалану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi № 1506 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 460-құжат) 1 және 3-тармақтары. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 желтоқсандағы № 1964 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 563-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасының төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетіншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi және он үшiншi абзацтары. 3. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне тұқымдық мақсатқа күрiштiң астықтық несиесiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 наурыздағы № 425 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 16, 165-құжат) 3-тармағы. 4. "Мемлекеттік ресурстар мен резервтiң астығын пайдаланудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегi № 1455 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 471-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасының үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi және он екiншi абзацтары. |