|
|
|
«Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 809 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген
«Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарымен, өрт кезінде хабарлау мен адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді. 2. Осы Техникалық регламенттің талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жіктелетін, өрт туындаған жерді табуға, хабарлауға, өрт туралы ақпарат беруге, ғимараттарда, үй-жайлар мен құрылыстарда (бұдан әрі - нысандарда) өртті сөндіруге арналған автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарына, өрт кезінде хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелеріне қолданылады. Осы Техникалық регламенттің талаптары қолданылатын өнімдердің тізбесі қосымшада берілді. 3. Осы Техникалық регламенттің күші: 1) көлік құралдарын (поездар, теңіз және әуе кемелерін) қорғауға арналған өрт сөндіру және өрт сигнал беру қондырғыларына; 2) тау-кен және көмір өнеркәсібі шахталарындағы автоматты өрт сөндіру, автоматты өрт сигнал беру жабдығы және өрт кезінде адамдарды хабарландыру мен эвакуациялауды басқару жүйелеріне; 3) зиянды заттардың шектік рұқсат етілген концентрациялары мен өндірістік орындар мен жарылыс өрт қауіпті объектілердің сыртқы алаңдарында жанғыш газдар мен бұлардың жарылыс қауіптілікке дейінгі концентрацияларының стационарлық газ сигнализаторлардың бергіштеріне; 4) технологиялық процестердің, автомат және қашықтық басқару жүйелері (басқару жүйелері), апатқа қарсы автомат қорғанышының жүйелері, сондай-ақ байланыс және апатты жағдайлар жөнінде хабарландыру, оның ішінде жабдықтары бар жинақтық жеткізілетін жүйелерге; 5) экстерриториалдықты пайдаланатын объектілерге таралмайды.
4. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады: 1) автоматты - белгілі бір жағдайларда адамның араласуынсыз жұмыс істейтін немесе орындалатын процесстерді немесе құрылғыны сипаттайды; 2) өрт сөндірудің автоматты құрылғысы - өрттің бақыланатын факторы (факторлары) қорғалатын аймақта белгіленген төменгі мәндерден асып кеткен кезде автоматты түрде істеп кететін өрт сөндіру қондырғысы; 3) өрт хабарландыру аймағы - ғимараттың адамдарды бір уақытта және бірдей өрт туралы хабарландыру жүргізілетін бөлігі; 4) дайындаушы (орындаушы) - өнімдерді тізбекті меншігінен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін шығаратын, сондай-ақ өтеп және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар; 5) өрт хабарландырушысы - өрт туралы сигналды қалыптастыруға арналған құрылғы; 6) өрт краны - өрт құбыр жолында орнатылған және өрт қосылыс бастиегімен жабдықталған клапаннан, сондай-ақ қол оқпаны бар өрт жеңінен тұратын жинақ; 7) өрт спринклерлік суландырғыш - көбік түзу су ерітіндісінен шашыраңқы суды немесе ауа-механикалық көбікті алуға және оларды өртті сөндіру немесе оның жайылмауы мақсатында қорғалатын алаң бойынша таралуына арналған жылу құлпы жұмыс істеген уақытта ашылатын шығу тесігінің ілмекті құрылғысы бар су немесе көбік өрт сөндіру қондырғыларының суландырғышы; 8) өрт дренчерлік суландырғыш - көбік түзу су ерітіндісінен шашыраңқы суды немесе ауа-механикалық көбікті алуға және олардың өртті сөндіру немесе оның жайылмауы мақсатында қорғалатын алаң бойынша таралуына арналған ашық шығу тесігі бар су немесе көбік өрт сөндіру қондырғыларының суландырғышы; 9) өрт-күзет сигнал беру жабдығы - тұтынушыларға берілген түрде техникалық құралдарының көмегімен қорғалатын объектілерге ену туралы және олардағы өрт туралы ақпаратты алу, өңдеу, беру және ұсыну; 10) жартылай автоматты басқару - өрт сигнал беру жабдығының немесе өрт сөндірудің автоматты қондырғыларынан команда импульсін алған кезде хабарландыру және диспетчердің эвакуацияны басқару жүйесін әрекетке келтіру; 11) жеткізуші - өнімді, қызметті ұсынатын заңды немесе жеке тұлға; 12) өрт орны - объектінің кезекші мамандар тәулік бойы келетін, өрт автоматикасы құралдарының бақылау аспаптарымен жабдықталған арнайы бөлмесі; 13) өнім - процестің немесе қызметтің нәтижесі; 14) өрт қабылдап алу-бақылау жинағы - өрт хабарландырғыштарының ақпараттарын қабылдау, өрт пайда болғаны немесе қондырғының ақаулығы туралы сигналды өңдеу, өртке қарсы қорғаныш жүйелерін қосуға және басқа құрылғыларға арналған команданы одан ары беруге сигналдарды өңдеуге арналған өрт сигнал беру жабдықтары қондырғыларының құрама бөлігі; 15) өрт сөндірудің роботтандырылған қондырғысы - өрт ұңғысынан тұратын, қозғалмалылықтың бірнеше деңгейі бар және жетектер жүйесімен, сондай-ақ бағдарламалық басқару құрылғысынан жабдықталған және өртті сөндіруге және жайылтпауға немесе технологиялық жабдықты және құрылыс құрылмаларын салқындатуға арналған қозғалмайтын негізде жинақталған стационарлық автоматты құрал; 16) өрт автоматикасы - өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығы, өрт сөндіру, түтінді жою, өрт кезінде адамдарды хабарландыру және эвакуациялауды басқару функцияларын орындаған кезде берілген алгоритмге сәйкес автоматты түрде жұмыс істейтін механизмдердің, аспаптар мен құрылғылардың жиынтығы; 17) автоматты өрт сөндіру жүйесі - өртті анықтау, арнайы ақпаратты, өрт туралы хабарландыруды жинау, өңдеу және тапсырылған түрде беруге және өртті автоматты түрде сөндіруге арналған бірге әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы; 18) өрт сөндірудің стационарлық жүйесі (автоматты емес) - ішіне өрт сөндіру заттарына арналған сұйық қоймалар (ыдыстар, сыйымдылықтар), сорғы станциясы және іріктеу және өрт сөндіру заттарын өрт аймағына беруге арналған құрылғылары бар құбыр жолдар желісі кіретін жүйе. Бұл жүйелерді автоматтандыру құралдары негізгі сорғылар ақаулы болса немесе есептік арынды қамтамасыз ете алмайтын жағдайда резерв сорғылардың қосылуын қамтамасыз ету үшін қолданылады; 19) технологиялық жабдықтың өрттен қорғайтын стационарлық қондырғысы - жіберудің автоматты, қашықтықтық немесе жергілікті режимінде қорғалатын аймаққа өрт сөндіретін заттарды беру есебінен технологиялық жабдықты салқындатуға және өртті жайылтпауға арналған стационарлық техникалық құралдардың жиынтығы; 20) өрт сигнал беру жабдығының жүйесі - бір объектіде жинақталған және жалпы өрт орнынан бақыланатын өрт сигнал беру жабдығы қондырғыларының жиынтығы; 21) хабарландыру және эвакуацияны басқару жүйесі - адамдарға өрт туындағаны және (немесе) қажеттіліктер мен эвакуация жолдары туралы ақпаратты уақытында хабарлауға арналған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдардың кешені; 22) өртке қарсы қорғаныш жүйесі - техникалық және ұйымдастыру шараларының және өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсерін болдырмауға және одан келетін материалдық шығынды шектеуге бағытталған техникалық құралдардың жиынтығы; 23) хабарландырудың техникалық құралдары - дыбыстық, сөздік, жарықтық және құрама өрт хабарландырушылары, оларды басқару аспаптары, сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің эвакуациялық белгілері; 24) өрт қауіпсіздігі талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнайы жағдайлар; 25) өрт сөндіру қондырғысы - өрт сөндіру заттарын шығару есебінен өртті сөндіруге арналған стационарлық техникалық құралдардың жиынтығы; 26) дренчерлік өрт сөндіру қондырғысы - ашық дренчерлік суландырғышпен жабдықталған және өртті барлық есептік алаңы бойынша анықтау мен өшіруге, сондай-ақ су бүркеуін құруға арналған сумен өрт сөндіру қондырғысы; 27) спринклерлік өрт сөндіру қондырғысы - белгілі бір температураға жеткен кезде ашылатын қалыпты жабық спринклерлік суландырғышпен жабдықталған сумен өрт сөндірудің автоматты қондырғысы; 28) өрт сигнал беру жабдығының қондырғысы - өртті анықтауға, оның пайда болу орны туралы хабарды беруге және өрт туралы сигналды, арнайы ақпаратты және (немесе) өрт сөндірудің автоматты қондырғысы мен басқа да техникалық құрылғыларды автоматты қосуға команданы беруді өңдеуге арналған техникалық құралдардың жиынтығы; 29) пайдалануды бақылау - ұйымдағы өрт автоматикасы қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға орындайтын сәйкестікті бағалаудың бір формасы.
3. Қазақстан Республикасы нарығындағы өнім айналымының талаптары
3.1. Жалпы талаптар
5. Нарыққа шығарылатын өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құрылғылары мен өрт сөндіру құралдары өрт туындағаны туралы ақпаратты анықтау, хабарлау, тарату бойынша міндеттерді орындау үшін қолданылады және объектілердегі өртті сөндіруге және адамдарға, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың меншігіне қауіп төндірмейді. 6. Өнім түрін таңдау, өрт автоматикасы жүйелерін жобалау, жинақтау, санау және пайдалануға қабылдау, техникалық ұстау (пайдалану мен қызмет көрсету), техникалық куәландыру осы Техникалық регламенттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, және халықаралық стандарттардың талаптарына, белгіленген тәртіпте бекітілген құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 7. Жүйелердің, қондырғылардың, техникалық құрылғылардың, өрт сөндіру құралдарының техникалық сипаттамалары туралы ақпарат нақты өнімге арналған ілеспе құжаттамада көрсетіледі. Ілеспе құжаттаманың құрамы өнім түрі мен оның өмірлік циклінің сатысына қарай анықталады. Ілеспе құжаттаманың жинағында: 1) өнімнің сипаттамасы мен дайындаушы кепілдік берген техникалық сипаттамасы және құрылғы мен өнімнің жұмысын түсіндіретін сызулар жинағы бар өнімге арналған паспорт; 2) ішінде консервациялау, сақтау, тасымалдау, жинақтау (жинау), сынау, пайдалану, техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және оның барлық өмірлік циклі сатыларында қауіпсіздік талаптары бойынша мәліметтері бар нұсқаулық (басшылық); 3) сәйкестік сертификаты немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті сәйкестендіруге жататын өнімнің сәйкестігі туралы декларация жөніндегі мәлімет беріледі.
3.2. Өнімді таңдауға қойылатын талаптар
8. Өрт сөндірудің автоматты қондырғысының типін, сөндіру тәсілін, өрт сөндіру құралдарының түрін, өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығы қондырғыларын жабдықтау типін өндірістің технологиялық процестеріне, объектілердің құрылыс ерекшеліктеріне, техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне, объектіде өндірілетін, сақталатын және қолданылатын заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі мен физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отыра жобалаушы-ұйым белгілейді. 9. Өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтауға жататын объектілердің тізбесі ҚР ҚН 2.02-11 Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары талаптарына немесе белгіленген тәртіппен бекітілген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес анықталады. 10. Автоматты өрт сөндіру жүйелерімен жабдықтауға жататын орынның алаңы ғимараттың жалпы алаңының 50% және одан астамды құраса ғимаратты тұтастай автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықтауды қарастырған жөн. 11. Объектілердегі автоматты өрт сөндіру жүйелерінде адамдар мен қоршаған ортаға тікелей де, уақыт өткеннен кейін де улы әсерін тигізбейтін өрт сөндіргіш құралдарды (көбік түзгіштерді, ұнтақтарды, аэрозольдарды және газдарды) пайдалануға тыйым салынады. 12. Өрт сөндірудің спринклерлік және дренчерлік қондырғыларын өрт сөндіруге арналған өндіріс технологиялары жағдайлары бойынша суды пайдалануға рұқсат етілмейтін орындарда пайдалануға тыйым салынады. 13. Өрт сөндірудің спринклерлік және дренчерлік қондырғылары өрт сөндіруге арналған өндіріс технологиялары жағдайлары бойынша су пайдалануға рұқсат етілмейтін орындарда қарастырылмауға тиіс. 14. Қазақстан Республикасында өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын әзірлеу мен өндіруге қою «Өрт сөндіру-техникалық өнімдерін өндіру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
3.3. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жобалауға қойылатын талаптар
15. Объектілерді автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтары, өрт кезінде хабарлау мен адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарын, сондай-ақ ҚР ҚНжЕ 2.02-15 және ҚР ҚН 2.02-11 Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерін және белгіленген тәртіпте бекітілген басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алу қажет. 16. Объектілерді импорт өндірісінің өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның жобалық шешімімен келіскен кезде өндіруші елдің қолдануға белгіленген тәртіпте рұқсат етілген нормативтік және техникалық құжаттамаларының талаптарына сәйкес рұқсат етіледі. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында осы Техникалық регламенттер мен «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құжаттарды қолдану жөніндегі есептік тіркеуді жүзеге асыру қажет. 17. Объектілерді өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді осы қызмет түріне лицензиясы бар заңды және (немесе) жеке тұлғалар жүзеге асыруы қажет. 18. «Жобалауға арналған тапсырма» объектілерді өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін міндетті құжат болып табылады. Жобалауға арналған тапсырманы әзірлеу тәртібі БҚ 25.952 басшылық құжаттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 19. Объектілерді қорғалатын немесе ішкі істер органдарының ведомстволық бағынысты мамандандырылған бөлімшелерінің қорғауына беруге жататын өрт-күзет сигнал беру жабдығы жүйелерімен жобалауға арналған тапсырма айтылған мамандандырылған бөлімшелермен келісілуге жатады. 20. Объектіні ішкі істер органдарының ведомстволық бағынысты мамандандырылған бөлімшелерінің қорғауына берген кезде өрт-күзет сигнал беру жабдығы жүйелерімен жобалауға арналған тапсырма аталған мамандандырылған бөлімшелермен келісілуге жатады. 21. Өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғыларымен жабдықталуға жататын объектілерге арналған жобалау-сметалық құжаттама жобаның бас сәулетшісінің (бас инженердің) жауапты орындаушысының тиісті жазбасымен куәландырылады. 22. Объектілерді өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғыларымен жобалаған кезде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарынан бас тартуға жол берілмейді. Кей жағдайларда осы нормативтік құжаттарды бекіткен мемлекеттік органдардың келісімі (рұқсаты) бар болғанда ғана нормативтік құжаттардың міндетті талаптарынан негізделген бас тартуға рұқсат етіледі. 23. Жобалаушылардың және (немесе) тапсырыс берушілердің нормативтік құжаттардың міндетті талаптарынан бас тартуы жөніндегі өтінімдерін (сауалдарын) қажетті жағдайларда басқа да мүдделі уәкілетті органдар мен ұйымдарды тарта отыра, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлімшелері қарайды. 24. Мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарынан негізді бас тартуды қарау үшін жобалаушылар және (немесе) тапсырыс берушілер дайындаған ұсынылған бас тартуды өтейтін қосымша шаралар тізбесі бар негіздеме мен мүдделі уәкілетті органдардың тиісті бөлімшелерінің қорытындысы (келісімі) беріледі. 25. Автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталуға жататын объектілерді және оларда нормативтік құжаттамалар бойынша тек қана өрт сигнал беру жабдығы талап етілетін жеке үйлердің болуын жобалаған кезде олардың орнына техникалық-экономикалық негіздемелерді есепке ала отыра осы үйлерді автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қорғау қарастырылуға рұқсат етіледі.
3.4. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жинақтау, сынау және пайдалану үшін қабылдауға қойылатын талаптар
26. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жинақтау бойынша жұмыстар белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық және жұмыс құжаттамасына, жұмыс өндірісі жобасы мен дайындаушы-кәсіпорынның техникалық құжаттамасына сәйкес жүргізілуге тиіс. 27. Шетел тілінде әзірленген техникалық құжаттаманы мүдделі ведомстволар мен ұйымдар мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі. Техникалық құжаттамада айтылған өлшем бірліктері халықаралық бірліктер жүйесінде (бұдан р БЖ) қарастырылады. 28. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жинақтау кезінде бекітілген жобалық құжаттамалардан бас тартуға жобалау ұйымының - жобаның әзірлеушісінің келісімінсіз рұқсат етілмейді. 29. Жобалау-сметалық құжаттаманы алу, қарау және келісу тәртібі, жинақтау жұмыстарының өндірісіне дайындық, ғимараттарды, құрылыстар мен жинақтау іргетастарын қабылдап алу, жабдықтарды, бұйымдар мен материалдарды жинақтау ұйымдарына беру тәртібі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 30. Жобаның спецификациясына сәйкес келетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жинақтау кезінде пайдаланылатын жабдықтарға, бұйымдар мен материалдарға сертификаттарын (қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті сертификаттауға жататын жабдықтарға), паспорттарын, жинақтау бойынша нұсқаулықтарын, сынақтарды жүргізу әдістері мен пайдалану тәртібін ұсынады. 31. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларында пайдаланылатын материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келген жағдайда ғана қолданылады. 32. Жинақтаған кезде нормалар, ережелер мен еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар сақталуы тиіс. 33. Тапсырыс беруші көлемнің сәйкестігіне, орындалатын жұмыстың құны мен сапасына бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде жинақтау-баптау жұмыстарының сапасының жобалық шешімдерге және (немесе) жобаға, сондай-ақ нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыруға құқылы. 34. Газ өрт сөндіру қондырғыларының баллондары мен қысым астында жұмыс істейтін басқа да ыдыстар жинақтар алдында тексеріледі және "Қысым асты жұмыс істейтін ыдыстардың құрылғысы мен қауіпсіз пайдалану ережелеріне" сәйкес куәландырылады. Жинақтауға өтіп кеткен мерзімі бар куәландыруды қабылдауға жол берілмейді. 35. Құбыржол (ілгекті, реттемелі, сақтандырғыш) арқауын жинақтауға қабылдаған кезде тұрқында арналуы мен материалға сәйкес шартты немесе жұмыс қысымының таңбалануын және арқаудың ерекшеленетін бояуын, сондай-ақ оны дайындаушы-кәсіпорынның жеткізгенін және беріктігі мен қымтақтығына сынақтар жүргізуді растайтын құжаттары болуын тексереді. 36. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жинақтау бойынша орындалатын жұмыстар өндіріс ережелері мен жұмыстарды қабылдау ережелеріне сәйкес келетін өндірістік құжаттамамен ресімделеді. 37. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жеке және кешенді баптау бойынша жұмыстар (іске қосу баптау жұмыстары) жинақтау жұмыстары аяқталған соң орындалады. 38. Іске қосу - баптау жұмыстары өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті. Іске қосу - баптау жұмыстарына жинақтаудың дұрыс орындалуын, олардың жұмысқа қабілеттілігін, тексеру мақсатында аппаратуралармен, аспаптармен және реттегіштермен бірге жинақталған сұлбаларды жеке байқап көру, сондай-ақ жүйелер мен қондырғыларды жұмыс режиміне шығару мақсатында кешенді баптау жатады. 39. Жекелеген элементтер мен түйіндерді, өрт автоматикасының жинақталған жүйелері мен қондырғыларын баптау бойынша жұмыстардың өндірісі басталғанға дейін барлық реттемелі және ілгекті арқаулар жұмысқа қабілетті күйге келтіріледі. 40. Кешенді баптау кезеңінде өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын реттеу мен күйін келтіру жүргізіледі. Кешенді баптау өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға беруге дайындаумен аяқталады. 41. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын тапсырыс берушінің кәсіпорнының немесе ұйымының басшысының бұйрығымен пайдалануға қабылдау кезінде жұмыс комиссиясы тағайындалады. Жұмыс комиссиясының жұмыс тәртібі мен ұзақтығын «Қазақстан Республикасындағы архитектура, қала құрылысы және құрылыс істері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тапсырыс беруші айқындайды. 42. Жұмыс комиссиясының құрамына тапсырыс берушінің өкілдері - комиссия, бас мердігер, жинақтау ұйымының, іске қосу баптау ұйымының, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның тиісті бөлімшелерінің төрағасы кіреді. Қажет жағдайда жұмыс комиссиясының құрамына өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның өкілі кіреді. 43. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдаған кезде жинақтау, кешенді баптау бойынша барлық жұмыстар орындалады және қабылдап алу-тапсыру сынақтары жүргізіледі. Қабылдап алу-тапсыру сынақтары нақты типті және модификациялы өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген көлемде жүргізіледі. 44. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдаған кезде жинақтау және баптау ұйымдары:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |