|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2009.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: V «Қаржы активтерімен жасалатын операцияда бойынша сальдо» бөлімінде: 13 «Басқалар» функционалдық тобында: 09 «Басқалар» ішкі функциясында: 220 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» әкімшісі бойынша: «2 095 000» деген сандар «4 095 000» деген сандармен ауыстырылсын; 016 «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» бағдарламасында: «2 095 000» деген сандар «4 095 000» деген сандармен ауыстырылсын; 225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» әкімшісі бойынша: «7 672 436» деген сандар «1 000 000» деген сандармен ауыстырылсын; «057 «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» 7 672 436» бағдарламасы алынып тасталсын; «081 «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру» 1000 000» бағдарламасымен толықтырылсын; «011 «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ-ның капиталын ұлғайту» 2 099 562» бағдарламасынан кейін: мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен және бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «603 «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» 4 672 436 014 «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру» 4 672 436»; 3) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында: 1-тармақта: 18) тармақшада: «259» деген сандар алынып тасталсын; «262-2» деген сандардан кейін «, 262-3» деген сандармен толықтырылсын; 29) тармақшада «375» деген сандардан кейін «, 375-1» деген сандармен толықтырылсын; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 259-қосымша алынып тасталсын; осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 262-3-қосымшамен толықтырылсын; Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бойынша: осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 375-1-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 911 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 262-3-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Парасат» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру» деген 081 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1000000 мың теңге (бір миллиард теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 9 шілдедегі «Ғылым туралы» заң; Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы; 2007 жылғы 28 ақпандағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1057 «Ғылым қоры» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 758 «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған (І кезең) іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы үшін төмендегідей жолдармен жағдайлар жасау: елімізде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың дамуына көмек көрсету. Жеке және кәсіпкерлік секторлардың ғылым дамуына қатысуын ынталандыру, соның ішінде ғылыми-зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын бірлесіп қаржыландыру жолымен жағдайлар жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша жобаларды қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды, соның ішінде ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған жобаларды таңдау, талдау, сараптау, мониторингілеу және өзге де іс-шараларын жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру арқылы «Ғылым қоры» АҚ жарғылық капиталын толықтыру. Соңғы нәтиже: ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдайтын кешенді жүйелер құру; ғылыми-техникалық өнімдер және қызмет көрсету нарығын капиталдандыруды арттыру; 2012 жылға тәжірибелі ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша 5 перспективалық жобаны өндіру. Сапасы: - «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ құрамына кірген компаниялардың қызметінің тиімділігін арттыру; - елімізде ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ету.
Үкіметінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 911 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 375-1 қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған 014 «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4 672 436 мың теңге (терт миллиард алты жүз жетпіс екі миллион төрт жүз отыз алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы; «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы үшін төмендегідей жолдармен жағдайлар жасау: еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұлттық масштабтың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және барлық азаматтарға, олардың әлеуметтік жағдайына, жасына және ақпаратқа бейімділігіне, ақпараттық-коммуникациялық-қызмет көрсетуіне қарамастан тең пайдалануына мүмкіндік беру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының барлық аймақтарын қамтитын, облыстық және аудандық орталықтарын есепке ала отырып, сондай-ақ облыс қарамағындағы қалаларда ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымдар құру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыру арқылы «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын толықтыру; Қазақстан Республикасы аумағының мемлекеттік органдарында спутниктік мультисервистік желіні пайдалануды ұйымдастыру және енгізу. Соңғы нәтиже: Аумақтық бөлімшелерімен бірге орталық атқару органдардың ақпараттық жүйелердің біріктіруі. Орталық атқару органдардың және олардың аумақтық бөлімшелері арасында ведомствоаралық электрондық құжат айналымының іс-қимылы. Қаржылық—экономикалық нәтиже: Деректерді өңдеудің бірыңғай орталығы жабдық және персонал бойынша нығаюға тиімді болады. Мемлекеттік органдар үшін жабдықтарды сатып алу және аппараттық-бағдарламалық құралдарды сүйемелдеу қаражатты үнемдейді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар өзінің жеке меншік серверлік үй-жайларын құруға шығынданбайды. Уақыттылығы: өндірістік жоспарға сәйкес іс-шаралардың орындалуы. Сапасы: «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ құрамына кірген компаниялардың қызметінің тиімділігін арттыру; е-үкіметі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті телекоммуникациялық ресурстарда мұқтаждықтарды қамтамасыз ету.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |