|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 459 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 38, 406-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: І) көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғамның үлгі жарғысында: «Қоғамның органдары» деген 9-тарауда: 28-тармақта: 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11) Заңның 22-бабының 5-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде қоғамның қарапайым және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;»; мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;»; 32-тармақ «бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздердің алдынан мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «уәкілетті органның (бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган) нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін»; 9) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «9) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттіктер мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін тағайындау, сондай-ак олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеу мөлшері мен талаптарын айқындау;»; 14) тармақшада «, сондай-ақ олардың қызметі мәселелері жөнінде шешім қабылдау»; мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын: «14-1) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) он және одан да көп пайызы қоғамға тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын қызмет мәселелері бойынша шешімдер кабылдау;»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгі жарғысында: «Серіктестіктің органдары» деген 6-тарауда: 6.6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Серіктестіктің тексеру комиссиясы немесе жеке-дара тексерушісі жалпы жиналыста бес жылдан аспайтын мерзімге сайланады.»; 3) көрсетілген каулымен бекітілген Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің үлгі жарғысында: «Серіктестіктің органдары» деген 6-тарауда: 6.6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Серіктестіктің тексеру комиссиясы немесе жеке-дара тексерушісі жалпы жиналыста бес жылдан аспайтын мерзімге сайланады.»; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Сенім серіктестігінің үлгі жарғысында: 3-тараудың тақырыбындағы «Серіктестікке қатысушылардың» деген сөздер «Серіктестікке толық катысушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 3.1 және 3.2-тармақтардағы «Серіктестікке қатысушылар» деген сөздер «Серіктестікке толық қатысушылар» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірістік кооперативтің үлгі жарғысында: «Кооперативтің мүлкі» деген 4-тараудың 4.1-тармағы «жарғылық капиталы» деген сөздерден кейін «бар болған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |