|
|
|
Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы (2009.07.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 104 бұйрығымен күші жойылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 18) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі бекітілсін. 2. «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 6 маусымдағы № 197 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 маусымда № 4763 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2007 жылғы 20 шілдеде № 110 (1313 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызмет пен қаржылық бақылауды дамыту департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 586 бұйрығымен бекітілген
Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі
1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі - депозитарий) беру тәртібін, сондай-ақ депозитарийдің деректерін пайдалану тәртібін анықтайды. 2. Депозитарий - пайдаланушылар үшін ашық қатынаумен ұйымдар жыл сайын өткізетін қаржылық есептіліктің электрондық дерекқоры. 3. Депозитарий екі: негізгі және қосымша кіші бөлімнен тұрады. Депозитарийдің негізгі кіші бөлімі осы Ережеге қосымшасында көрсетілген депозитарий ұйымының сәйкестендіру көрсеткіштерін қамтиды. Қосымша кіші бөлім ұйымдардың қаржылық есептілігін қамтиды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |