|
|
|
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы (2013.26.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 449 Қаулысымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алып тасталсын. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 45-46, 538-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 792 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 335-құжат). 4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.26.04. № 402 Қаулысымен куәліктің нысаны жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
______________________________________________ (салық қызметі органының атауы)
Салық төлеушінің атауы __________________________________________________________________________________ Тегі ___________________________________________________________________________________________________ Аты __________________________________________________________________________________________________ Әкесінің аты ___________________________________________________________________________________________ ЖСН/(БСН) ____________________________________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат _________________________________________________________________________ Орналасқан жері ________________________________________________________________________________________ Тіркелген күні __________________________________________________________________________________________ Құрылған күні __________________________________________________________________________________________
№ _______ Сериясы _____
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |