Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн (Салық кодексi) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берілiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесi; 2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым ставкалары; 3) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өту және тиiстi рұқсат құжаттарын беру тәртібі туралы ақпаратты мүдделi шетел мемлекеттерi өкілдiктерiнiң назарына жеткiзсiн. 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкiметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже өзiне: 1) Қазақстан Республикасының аумағынан жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының шығуын; 2) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының кiруiн (шығуын); 3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн қамтитын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртібін реттейдi. 2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттарымен, осы Ереженiң қағидаларымен анықталады және халықаралық автомобиль тасымалдарын мемлекеттік реттеудi қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Ережеде белгiленгеннен өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады. ҚР Үкіметінің 24.12.03 ж. № 1306 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және қалалары мен елді мекендерінің көшелері бойынша мынадай автокөлік құралдарының: автобустардың; жүк автомобильдерінің (рұқсат етілген жалпы салмағы тіркемені қоса алғанда, 6 тоннадан астам немесе рұқсат етілген пайдалы жүктеме тіркемені қоса алғанда, 3,5 тоннадан астам); мамандандырылған автомобильдердің (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған); арнайы автомобильдердің (әр түрлі, басым көпшілігі көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған) жүріп өту тәртібін белгілейді. 4. Шетелдiк азаматтардың (жүргiзушiлер және жүктердi алып жүретiн немесе жолаушылар ретiнде жол жүрушi тұлғалар) Қазақстан Республикасына келуi және онда болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан шығуы Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттарымен және Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету ережесiмен регламенттеледi. 5. Шетелдiк автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына келген кездегі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүру бағытын және осы автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу мерзiмiн көлiк саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. 2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуге рұқсат құжаттарын беру тәртібі 6. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының кiруi (шығуы) рұқсат құжатының - жол жүруге рұқсаттың негiзiнде жүргiзіледi. ҚР Үкіметінің 24.12.03 ж. № 1306 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Егер шетелдiк автокөлiк құралы тiркелген мемлекетпен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында рұқсатсыз жүйе қолданылатын болса, осы шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуi шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде көліктік бақылау бекеттерінде берілетін тiркеу талонының негiзiнде жүзеге асырылады. 8. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша үшiншi мемлекеттің аумағында орналасқан жөнелту пунктiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жеткізу пунктiне дейiн немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы жөнелту пунктiнен үшiншi мемлекеттiң аумағындағы жеткізу пунктіне дейiн жолаушыларды және (немесе) жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан (на) үшiншi елдерге (ден) тасымалдауды орындауға рұқсат беру - рұқсат құжатының негізiнде рұқсат етiледi. 9. Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы уәкілеттi органы шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен осы Ереженiң 6 және 8-тармақтарында көрсетiлген рұқсат құжаттарының бланкiлерiмен тепе-тең алмасуды жүргiзуi мүмкiн. ҚР Үкіметінің 24.12.03 ж. № 1306 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруге рұқсат сұраған жағдайда, көлiк саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомасын төлегеннен кейiн осы рұқсатты бередi. 11. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта келе жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағында жол-жөнекей жүк тиеген кезде, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға құқықты куәландыру үшiн көлiк саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомасын төлегеннен кейiн беретiн, жол жүруге қосымша рұқсаттың болуы қажет. 12. Рұқсат құжаттарының бланкiлерi қатаң есептегi бланкiлер болып табылады. Рұқсат құжаттарының бланкiлерін дайындау есепке алу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 24.12.03 ж. № 1306 қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды 12-1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді. ҚР Үкіметінің 2005.20.01 № 39 қаулысымен 12-2-тармақпен толықтырылды 12-2. Халықаралық автомобиль тасымалдары кезiнде рұқсат жүйесiн орындаудың тәртібі мен шарттарын автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлетті орган белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 24.12.03 ж. № 1306 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 13. Рұқсат құжаттарын алу тасымалдаушыларды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралдары мен жүктерге кедендік құжаттарды кейiннен ресiмдеу мiндетiнен босатпайды. 3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдiк автокөлiк құралдарының жүріп өту тәртібі 14. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің арасында жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi халықаралық автомобиль тасымалдары халықаралық автомобильдiк өткізу пункттерi арқылы жүзеге асырылады. 15. Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қажет рұқсат және басқа да құжаттар автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiнде болуы және уәкiлеттi мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының талабы бойынша ұсынылуы тиiс. 16. Шетелдiк автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункттің арасында жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсiрудi жүргiзуге тыйым салынады. 17. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетiнiң тiркеу және айыру белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануы тиiс. Бұл ретте тiркемелер мен жартылай тiркемелерде басқа мемлекеттiң тiркеу және айыру белгiлерi болуы мүмкiн. 4. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу және оларға шетелдiк рұқсаттарды беру тәртібі 18. Отандық автокөлiк құралдары осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес рұқсат құжаттары бланкiлерiмен алмасу жүргiзiлген шетел мемлекеттерiне шыққан кезде, тасымалдаушы бұрын берiлген тапсырыстар негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомасын төлегеннен кейiн көлiк саласындағы уәкiлеттi орган беретiн тиiстi шетелдiк рұқсат құжаттарын ала алады. 19. Әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат құжаты берiледi. 20. Пайдаланылған шетелдiк рұқсат құжаттары оларды бұрын берген органға қайтаруға жатады. 21. Тасымалдаушының оған берілген шетелдiк рұқсат құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруiне жол берiлмейдi. ҚР Үкіметінің 24.12.03 ж. № 1306 қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 22. Егер шетелдiк рұқсат құжаттарының бөлiнген саны тасымалдаушылардың тапсырыс берген жалпы санынан аз болған жағдайда, тасымалдаушылардың арасында шетелдiк рұқсат құжаттарының бланкiлерiн бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. 23. Отандық тасымалдаушыларға тапсырыстан тыс шетелдiк рұқсат құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздері тапсырыс берген шетелдiк рұқсат құжаттарының осы түрiнен бас тартқан жағдайда жүргiзiлуi мүмкін. 24. Отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен теңдеме жүктi тұрақты халықаралық тасымалдауына рұқсат құжаттарын беру Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 5. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттар беру тәртібі 25. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi рұқсат құжаттың iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүріп өтуiне арнайы рұқсаттың (бұдан әрi - арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады. 26. Көлiк саласындағы уәкiлеттi орган арнайы рұқсатты қозғалыс бағыты белгiленгеннен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алым сомасын төлегеннен кейiн бередi. ҚР Үкіметінің 24.12.03 ж. № 1306 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 27. Егер жүгi бар немесе жүгi жоқ автокөлiк құралының көлемі, массасы және (немесе) біліктік жүктемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінен асатын болса, осы автокөлiк құралымен тасымалдау кезiнде пайдалану мақсатының өзгеруiнсiз, шектен тыс шығындарсыз немесе бүлiну қаупiнсiз екi немесе одан көп бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн болмайтын бөлiнбейтiн жүктердi тасымалдаған жағдайда ғана арнайы рұқсат берiледi. ?кіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 24.12.03 ж. № 1306; (бұр. ред. қара); 2005.20.01 № 39 қаулыларымен өзгеріс енгізілді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуi үшін алынатын алым ставкалары Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым ставкасы мынадай көрсеткiштерге тең: жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшiн - 2 айлық есептiк көрсеткішке; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес бiр күнтiзбелік жылға шетелдiк рұқсатты ала отырып, тұрақты негiзде жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшiн - 10 айлық есептiк көрсеткiшке; халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiруi (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті үшiн - 10 айлық есептiк көрсеткiшке; отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуi үшiн өзiне: 1) 0,005 айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі төлем ставкасын әрбiр асыру тоннасына (толық емесiн қоса алғанда) және бағыт бойынша (километрмен) тасымалдаудың ара қашықтығына көбейту жолымен анықталатын, автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты салмағының рұқсат етiлген жалпы салмағынан асып түскенi үшiн есептi; 2) жүктемесi асып кеткен әрбiр жалғыз, қосарланған және үшеуi қосылған біліктер үшiн есептелетiн және 1-кестеде көрсетілген тиiстi тарифтердiң бағыт бойынша тасымалдаудың (километрмен) ара қашықтығына көбейту жолымен анықталатын, автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) нақты білікке түсетiн жүктемелерiнiң рұқсат етiлген білікке түсетiн жүктемелерiнен асып түскенi үшiн есептi; 1-кесте
3) автокөлiк құралдарының биiктiгi, енi және ұзындығы бойынша асып түскенi үшiн есептелетін және 2-кестеде көрсетiлген тиiстi тарифтердiң бағыт бойынша тасымалдаудың (километрмен) ара қашықтығына көбейту жолымен анықталатын, автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) көлемдерінің рұқсат етiлген көлемдiк көрсеткiштерiнен асып түскенi үшiн есептi қамтиды. 2-кесте
?кіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi 1. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдерi 1. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi мен басқа да сызықтық мөлшерлерi төменде келтiрiлген (метрмен) шамадан аспауы тиiс: 1) рұқсат етiлген ұзындығы: жүк автомобилi 12 автобус 12 тiркеме 12 бiрiктiрілген көлiк құралы 20 бiрiктiрiлген автобус 18 автопоезд 20; 2) рұқсат етiлген енi: барлық автокөлiк құралдары 2,55 автокөлiк құралдарының изотермиялық қораптары 2,6 3) рұқсат етiлген биiктiгi 4. 2. Осы бөлiмнiң 1-тармағында көрсетiлген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген мөлшерлерi өзiне контейнерлердi қоса алғанда, алынатын қораптардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерiн қамтиды. |