Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізуі
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2004 жылғы 15 шілдедегі № 95 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3015 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2004 жылғы 24 тамызда № 216 (23851) жарияланған); 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің инвестициялық қызметтің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 135 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5088 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|