Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiнiң (2005.03.11. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органдар құратын Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тiзбесi бекiтілсiн. 2. Орталық атқарушы органдар қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiн құрсын. 3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі үш ай мерзiмде азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерi туралы ереженi бекiтсiн. 4. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiн қаржыландыруды осы қаулыға қосымшада көрсетілген орталық атқарушы органдар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен және шегiнде әрi министрлiктер мен агенттiктердiң қазіргі штат саны лимитінің есебiнен жүзеге асырады деп белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасы Yкіметiнің кейбір шешімдерiне мынадай өзгерістер енгізілсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1097 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 2) "Республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында қиратқыш жер сілкiнiстерiнің залалын төмендету жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 40, 374-құжат): 13-тармақтағы "қосымшаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1237 қаулысына қосымша Орталық атқарушы органдар құратын Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiнiң тiзбесi
|