Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы (2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 2) Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 345 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның Құрамы
Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
3. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) мыналар: стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу; стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және оларды стратегиялық объект меншігінде тұрған жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттің сатып алуы; жеке және заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілермен Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесіне қауіп төндіруі мүмкін азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу; 2) ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына берілген және (немесе) олардың меншігіндегі стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігіндегі стратегиялық объектілердің тізбелерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсыныстар енгізу болып табылады. 4. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссия: 1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға; 2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларын шақыруға және тыңдауға; 3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық және ведомствоаралық үйлестіру үшін және Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. 6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол Комиссияның қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 7. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар және Комиссияның отырысына басқа да қажетті материалдар дайындауды оларды Комиссия мүшелеріне отырысқа дейін кемінде 3 күн бұрын жіберетін Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады. 8. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып саналады. 9. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірген жағдайда жазбаша түрде айыпталуы және Комиссия хаттамасына қоса берілуі тиіс. 10. Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. Жұмыс органы Комиссия отырысының хаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді. 11. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
|