|
|
|
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі (2007.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 9 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007.19.06 № 268-III ҚР Конституциялық Заңымен Конституциялық заңның бүкіл мәтіні бойынша, 14-тарауды қоспағанда, “жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің”, “жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін”, “жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше”, “жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне”, “жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне”, “жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне”, “жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін”, “жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері”, “жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне”, “жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің”, “жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін”, “жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі” деген сөздер тиісінше “өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің”, “өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін”, “өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше”, “өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне”, “өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне”, “өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне”, “өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін”, “өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері”, “өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне”, “өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің”, “өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін”, “өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі” деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
I. Жалпы бөлiм (1 - 50 баптар) 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 9 баптар) 2-тарау. Сайлау органдары (10 - 20 баптар) 3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi (21 - 23 баптар) 4-тарау. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi (24 - 26 баптар) 5-тарау. Сайлау алдындағы үгiт (27 - 32 баптар) 6-тарау. Сайлауды қаржыландыру (33 - 36 баптар) 7-тарау. Дауыс беру тәртібі (37 - 42 баптар) 8-тарау. Дауыс беру қорытындыларын анықтау (43 - 46 баптар) 9-тарау. Сайлау бостандығының кепiлдiктерi (47 - 50 баптар) 9-1-тарау. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып (50-1 - 50-9 баптар) сайлау өткізудiң ерекшелiктерi II. Ерекше бөлім (51 - 133 баптар) 10-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы (51 - 68 баптар) 11-тарау. Республика Парламентi Сенатының (69 - 84 баптар) депутаттарын сайлау 12-тарау. Республика Парламентi Мәжілісiнiң (85 - 100 баптар) депутаттарын сайлау 13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының (101 - 113 баптар) сайлауы 14-тарау. Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi 114 - 127 баптар өзiн-өзi басқару органдарына сайлау 15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер (129 - 133 баптар) ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен тақырып өзгертілді және кiрiспе алынып тасталды
1-тарау. Жалпы ережелер ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар Осы Конституциялық заң Республика Президентінің, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжілісi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткізу кезiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.
Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi. ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Сайлау құқығы принциптерi 1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi. 2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi. 3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. ҚР 08.05.98 ж. № 222-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы 1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы. 2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы. 3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. 4. Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің, соның ішінде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) ; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Тең сайлау құқығы 1. Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр даусы болады. 2. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады. 3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.
Республика Президентiн, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды. ҚР 08.05.98 ж. № 222-I Конституциялық Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Жанама сайлау құқығы 1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. 2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.
Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
ҚР 06.11.98 ж. № 285-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) ; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара) Конституциялық Заңдарымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Сайлау жүйелерi 1. Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады: 1) 06.11.98 ж. № 285-I ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды 2) мыналар: - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған; - қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған. 1-1. Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады. 2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады. 3. Өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады: 1) 2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi 1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. 2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды: 1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиялары; 3) округтiк сайлау комиссиялары; 4) учаскелiк сайлау комиссиялары. 3. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi - бес жыл. Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды. Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұрын басталады және өкілеттiк мерзiмiнің бiтуіне кемiнде үш күн қалғанда аяқталады. Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы. 4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм, олардың құрамы мен орналасқан жерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. 5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi. 6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға жол берілмейді. 7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтінішінің негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн. 8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен айыруға болмайды.
2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 11 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы 1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады. 2. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады. 3. 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды(бұр. ред. қара) 4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады. 5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) ; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi Орталық сайлау комиссиясы: 1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды; 2) Президент пен Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етедi; 2-1) саяси партияларды Парламент Мәжілісi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды; 3) 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3-1) алынып тасталды 4) сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкіметіне ұсынады; 5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткізуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; саяси партиялардың өкiлдерiмен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi; сайлау жүйелерi саласында халықаралық-ынтымақтастықты жүзеге асырады; 6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртібін, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртібін, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн белгiлейдi; Президенттi және Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi; 6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін жасаудың және берудің тәртібін айқындайды; 7) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы; 8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды, олардың сенім бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; 9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзім ақпарат бюллетенін шығарады. 10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; 11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады; 12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды; 13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды; 14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; 15) мәслихаттар мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады. Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi; 16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды; 16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми web-сайтына сайлау заңдары жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткізу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады; 16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тiркеу тізілімін жүргiзедi; 16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткізу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануды үйретеді; 16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады; 17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары 1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады. 2. Аумақты сайлау комиссиялары: 1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткізудi қамтамасыз етедi; 2) жетi адамнан құрылады. 4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) ; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы: 1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; 2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткізудi қамтамасыз етедi; 2-1) партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; 3) төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткізуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын ұйымдастырады; осы Конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi; 4) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы; 5) Сенат депутаттары сайлауын өткізудi қамтамасыз етедi; Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенім бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi; 6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды; 6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бірыңғай нөмiрленуін белгiлейдi; 7) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi; 8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi; 9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; Орталық сайлау комиссиясының ресми web-сайтында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын Орталық сайлау комиссиясына бередi; 10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады; 11) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттарды, олардың сенім бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар жариялайды; 12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) ; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 15-бап өзгертілді 15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары 1. Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз етедi. 2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады. 3. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) ; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 16-бап өзгертілді 16-бап. Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |