2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 404, 405, 406, 407, 408, 409-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 404-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салтанатты әдет-ғұрыптарды орындауға қатысу» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2251401 мың теңге (екі миллиард екі жүз елу бір миллион төрт жүз бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; «Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штаттық санын белгілеу туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік протоколды бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығы; «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығы; «Республикалық ұлан күзететін аса маңызды мемлекеттік объектілердің, сондай-ақ ғимараттар, құрылыстар мен қызметтік үй-жайлардың Тізбесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 қазандағы № 352 Өкімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекет Басшысының және өзге күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін; аса маңызды мемлекеттік объектілердің күзетілуін; протоколдық рәсімдік іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; рәсімдік іс-шараларды орындауға қатысу; аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін ғимараттарды, құрылыстарды және қызметтік үй-жайларды күзету; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталондарын күзету; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әскери режим мен төтенше жағдай кезінде іс-шараларды іске асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: күзетілетін адамдардың саны - 8 адамға дейін; күзетілетін объектілердің саны - 10; өткізілген протоколдық рәсімдік іс-шаралардың саны - 95. Ақырғы нәтиже: күзетілетін адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз; күзетілетін объектілердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз; протоколдық дәстүрлік рәсімдердің орындалуы - 100 пайыз; қару-жарақпен қамтамасыз етілуі - 75 пайыз; әскери және автомобиль техникасымен қамтамасыз етілуі - 70 пайыз; технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі - 25 пайыз. Қаржы-экономикалық тиімділігі: мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау мақсатында ведомстволық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру үшін орталық аппараттың 1 қызметкерін ұстауға бір жылдық орташа шығыс 2516 мың теңге; мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау үшін ведомстволық мекеменің 1 қызметкерін ұстауға жылдық орташа шығыс 1121 мың теңге. Уақтылығы: жұмыстарды атқару жоспарына сәйкес іс-шаралардың уақытында орындалуы. Сапасы: өзінің қауіпсіздік жағдайына «қанағаттанған» күзетілетін адамдар - 100 пайыз.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 405-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Республикалық ұлан объектілерін салу» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 451 153 (төрт жүз елу бір миллион бір жүз елу үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикалық ұланның бөлімшелерін үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау үшін Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының инфрақұрылымын дамыту және жақсарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Республикалық ұлан объектілерінің құрылысын салу жолымен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау және оларды ынталандыру үшін жағдай жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында қоса салынған үй-жайы мен гараждары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін пайдалануға беру. Ақырғы нәтиже: Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне жағдай жасау және жауынгерлік әзірлікті арттыру үшін Республикалық ұланның объектілерін дамыту. Уақтылығы: жұмыстарды атқару кестесіне және жасалған келісімдерге сәйкес. Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 406-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 70557 мың теңге (жетпіс миллион бес жүз елу жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану пайызын мейлінше азайту; барлық науқастарға медициналық қызметті толық көлемде көрсету үшін қажетті медикаменттермен және медициналық препараттармен барынша қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Сапалы медициналық қамтамасыз етуді алу үшін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өтініш жасау саны - 6500. Ақырғы нәтиже: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану деңгейінің төмендеуі - 30 пайыз. Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 әскери қызметшіні медициналық қамтамасыз етуге жылына жұмсалатын орташа шығыс 1,1 мың теңге; 1 қызметкерді ұстауға жылына жұмсалатын орташа шығыс - 1220 мың теңге. Уақтылығы: тереңдетілген медициналық тексеруді мерзімінде өткен әскери қызметшілердің үлесі - 100 пайыз; уақытында медициналық ем алған әскери қызметшілер - 100 пайыз; Сапасы: сапасына және уақыттылығына қанағаттанған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері - 100 пайыз.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 407-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2471 мың теңге (екі миллион төрт жүз жетпіс бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 15-бабы, «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 8-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғарғы әскери білімді мамандарды даярлау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоғары білікті кадрлармен жасақталуы мүмкін әскери лауазымдардың пайызын барынша ұлғайту, жоғарғы әскери білімі бар әскери қызметшілердің пайызын көбейту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жоғары әскери білім алған әскери қызметшілер саны - 2 адам; оқуын жалғастырып жатқан әскери қызметшілердің саны - 5 адам. Ақырғы нәтиже: жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталатын әскери лауазымдардың саны - 23; жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталған әскери лауазымдардың саны - 15; жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен толығымен жасақталуға тиіс әскери лауазымдардың саны - 8. Қаржы-экономикалық нәтиже: Жоғарғы әскери-оқу орындарының 1 тыңдаушысын оқытудың орташа құны 494 мың теңге. Уақтылығы: оқу үшін төлемнің уақытында аударылуы. Сапасы: оқу жылында оқу бағдарламасын меңгерген әскери қызметшілер - 100 пайыз; Жоғарғы әскери-оқу орындары түлектерінің санына және сапасына қанағаттанған Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - 100 пайыз.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 408-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілердің санын азайту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тұрғын үй алған адамдардың саны - 6. Ақырғы нәтиже: тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсартқан әскери қызметшілер (359 мұқтаждардың ішінен 6 әскери қызметші) - 1,7 пайыз. Қаржы-экономикалық тиімділігі: сатып алынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны 282 196 теңге. 1 пәтердің орташа құны - 16 667 мың теңге. Уақтылығы: тұрғын үймен уақытында қамтамасыз етілуі. Сапасы: сатып алынған тұрғын үйдің сапасына қанағаттанған әскери қызметшілер - 100 пайыз.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 409-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің басқа да көріністеріне қарсы күрес» деген 110 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 56200 мың теңге (елу алты миллион екі жүз мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Экстремизмге қарсы тұру туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: терроризмдік, экстремизмдік және сепаратистік бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: терроризмдік, экстремизмдік және сепаратизм бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша ведомствоаралық шұғыл-алдын алу іс-шаралары мен арнайы операцияларға қатысу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Күзетілетін объектілердің саны - 10; мамандырылған оқу орындарында оқып жатқан әскери қызметшілердің саны - 2 адам. Ақырғы нәтиже: күзетілетін объектілердің арнайы және техникалық құралдармен жарақталуы - 100 пайыз. Қаржылық-экономикалық тиімділігі: арнайы және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген 1 әскери қызметшіге жұмсалатын орташа шығыс 62 мың теңге; мамандырылған оқу орындарында 1 тыңдаушыны оқытудың орташа құны - 600 мың теңге. Уақтылығы: өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды уақытында орындау. Сапасы: «қанағаттанарлық» және одан да жоғары деп террористік актілерді болдырмау жөніндегі іс-қимылдың уақыттылығын бағалаған республика азаматтары - 100 пайыз.
|