|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы (2015.04.09. берілген өзгерістермен)
Жайық өзені атырауы сулы-батпақты жерлерінің және Каспий теңізінің іргелес жағалауының бірегей биологиялық әртүрлілігін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағында жалпы алаңы 111500 га Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2010.29.07. № 763 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағындағы жалпы алаңы 12602 га жер учаскелері мынадай: 12602 га - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатындағы жерлерден алынсын; ҚР Үкіметінің 2010.29.07. № 763 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағындағы жалпы алаңы 98898 га босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға мекемеге берілсін. Көрсетілген жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, босалқы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын. 4. Атырау облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектеу қойсын. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға республикалық бюджетте көзделетін сомалар есебінен және шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін. 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-2-жолмен толықтырылсын: «9-2. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі»; 2) ҚР Үкіметінің 2015.04.09. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: реттік нөмірі 6-жолда: «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» 99» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» 86»; 3-бағанда: «13138», «5033» деген сандар тиісінше «13224», «5119» деген сандармен ауыстырылсын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.29.07. № 763 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 119 қаулысына қосымша
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағындағы тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік ӨК - өндірістік кооператив
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |