|
|
|
Қарағанды облысының жекелеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының кейбір мәселелері туралы (2015.04.09. берілген өзгерістермен)
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және Қазақстанның ерекше қорғауды талап ететін бірегей табиғи объектілері ретінде Қарағанды облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экожүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қарағанды облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қу ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 14581 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан алынсын. 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері мен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағындағы жалпы алаңы 7216 гектар босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) тұрақты жер пайдалануға берілсін. Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және орман қорының жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары» қорғаныш санатына жатқызылсын. 3. Қарағанды облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме жерлері төңірегінде күзет аймағын белгілеп, онда осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жағдайына және қалпына келуіне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектесін. 4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жалпы алаңы 44660 гектар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің республикалық маңызы бар «Белдеутас» (зоологиялық) мемлекеттік табиғи қаумалы құрылсын. 5. ҚР Үкіметінің 2015.04.09. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 122 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында тұрақты жер пайдалануға берілетін жерлердің экспликациясы
гектармен
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |