|
|
|
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы (2014.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Бюджеттің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету ережесі бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақтағы «27» деген сандар алынып тасталсын. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен осы Ереженің бүкіл мәтіні бойынша және 78, 79, 80, 87, 88-қосымшаларда «карт-шоттарды», «карт-шотқа», «карт-шоттарға», «карт-шот», «карт-шоты», «карт-шоттарына», «карт-шотты», «карт-шоттағы», «карт-шоттан», «карт-шотынан», «карт-шотына(н)», «карт шотына», «карт-шотын», «карт-шотындағы», «карт-шоттарынан», «карт-шоттары», «корт/шоттарына», «карт/шот», «карт-шоттың», «карточка-шот» деген сөздер «ағымдағы шоттарды», «ағымдағы шотқа», «ағымдағы шоттарға», «ағымдағы шот», «ағымдағы шоты», «ағымдағы шоттарына», «ағымдағы шотты», «ағымдағы шоттағы», «ағымдағы шоттан», «ағымдағы шотынан», «ағымдағы шотына(н)», «ағымдағы шотына», «ағымдағы шотын», «ағымдағы шотындағы», «ағымдағы шоттарынан», «ағымдағы шоттары», «ағымдағы шоттың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі
ҚР Үкіметінің 2014.30.04. № 427 Қаулысымен мазмұны өзгертілді (бұр.ред.қара) Мазмұны
2-тарау. Қаржыландыру жоспарларының түрлері 6-тарау. Бюджеттiң атқарылуы туралы жалпы ережелер 7-тарау. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары 8-тарау. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру 5-бөлім. Ұлттық валютадағы түсімдер бойынша бюджеттің атқарылуы 14-тарау. Түсімдерді есептеу және бөлу 6-бөлім. Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы 17-тарау. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауы 18-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелердi қабылдауына қойылатын талаптар 19-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшін мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың тізбесі 20-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмдi ресiмдеу және ұсыну 22-тарау. Шартты тiркеу туралы хабарламаны қалыптастыру және беру 23-тарау. Төлемдер мен ақша аударымдарын ұлттық валютамен жүзеге асыру тәртібі 24-тарау. Төлеуге берiлетiн шотты ресiмдеу тәртібі 29-тарау. Қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды жүзеге асыру тәртібі 30-тарау. Мемлекеттік мекеменiң жасалған төлемдер сомасын және ақша аударымдарын қайтару 30-1-Тарау. Есептеудің аккредитивті нысанын пайдалану 31-тарау. Инкассолық өкiмдердi орындау тәртібі 32-тарау. Трансферттердi төмен тұрған бюджеттерге аудару тәртібі 33-тарау. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу тәртібі 34-тарау. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бюджеттік субсидиялар төлеу тәртібі 35-тарау. Шетел валютасын айырбастау және аудару тәртібі 36-тарау. Шетел валютасын қайта айырбастау тәртібі 6-1-бөлім. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету тәртібі 36-1-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсетудің жалпы ережелері 36-2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары 7-бөлiм. Бюджет ақшасын басқару тәртібі 37-тарау. Бюджет ақшасын басқару тәртібі 38-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібі 45-тарау. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдер бойынша операцияларды жүзеге асыру 47- тарау Сайлауларды, республикалық референдумды мемлекеттік қаржыландыру 47-1. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тәртібі 52-тарау. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртібі 52-3-тарау. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы төлеу тәртібі 52-4-тарау. Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу тәртібі 53-тарау. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру тәртібі 10-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерi мен есептiлiгi 54-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу тәртібі 55-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібі 11-бөлiм. Бюджеттік кредит беру тәртібі 58-тарау. Қарыз алушының кредиттiк қабiлетiнiң өлшемдерi 59-тарау. Мамандандырылған ұйымдарды iрiктеу тәртібі 63-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алу тәртібі 65-тарау. Қарыз шарттарын жасасу жолымен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз алуы 66-тарау. Үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру 68-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды алу және пайдалану тәртібі 71-тарау. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер беру рәсiмi 72-тарау. Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алу тәртібі 79-тарау. Мемлекет алдындағы борыш тәуекелдерін басқару тәртібі 82-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлгерлiгiн беру рәсiмi 13-бөлім Концессиялық міндеттемелерді есепке алу және мониторингі 83-тарау. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібі 84-тарау. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің мониторингі
1. Осы Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.
2-бөлiм. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және жүргізу тәртібі
2-тарау. Қаржыландыру жоспарларының түрлері
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.04. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін: мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке жоспар); бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары); бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган - түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді. Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі - ҚР ББС), Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі - Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді. Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.
3-тарау. Қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын және түсімдер жоспарларын жасау және бекіту тәртібі
3. Бюджеттің атқарылу процесінде қаржыландырудың жеке жоспары мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты болып табылады ол: осы Ереженің 1-4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сай міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылады. 4. Міндеттемелер бойынша жеке жоспар бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде ақшалай түрдегі мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің ай сайынғы көлемдерін анықтайды. 5. Төлемдер бойынша жеке жоспар қабылданған міндеттемелерді орындау есебінен төлемдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеге қажетті бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде бюджет қаражатының ай сайынғы көлемін анықтайды. ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша мемлекеттік мекемелер мынадай талаптардың: бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіткен немесе бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде (бұдан әрі - бюджеттік өтінім) ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептері; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілер; басқа да нормативтік құқықтық актілер; міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету; өткен қаржы жылдарында міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының орындалу серпіні негізінде; шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын ескере отырып әзірлейді. Экономикалық сыныптама ерекшелiктерi тұрғысынан мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу мiндеттемелердi қабылдау мерзіміне, операциялық жоспарда көзделген iс-шараларды орындау мерзiмiне немесе мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсiмдердi өткізу мерзiмiне, жұмыстарды жүргiзу маусымдылығына, бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру үшiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау мерзiмiне сәйкес келуi тиiс. Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу операциялық жоспарда көзделген әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі және аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімін ескеруі тиіс. ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері стратегиялық жоспардың бюджеттік бағдарлама нысандарында немесе мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламасында көзделген іс-шаралардың мерзімдеріне сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасайды. 8. Қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларына орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - басшы немесе ол өкілеттік берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және мемлекеттік мекеменің елтаңбалық мөр бедерімен куәландырылады, жоғарыда көрсетілген тұлғалар қол қойған қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын айларға бөлу есебі мен негіздемелері қаржыландырудың жеке жоспарларымен бірге оларды белгіленген мерзімде бекіту және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын әзірлеу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне беріледі. ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Мемлекеттік мекеме жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының жасалу дұрыстығын, дәйектілігін және олардың тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне уақтылы берілуін қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары осы Ереженің 5-8-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жиынтықтау жолымен қалыптастырылады. Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген, мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітілген сомаларына сәйкес келуі тиіс. ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысы немесе кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға айларға бөле отырып, жоспарларды айға бөлу негіздемесімен бірге: бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының жобаларын; қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын ұсынады. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік кредиттер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тұтастай бюджеттік бағдарлама бойынша да, сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша да ұсынады. Осы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына облыс әкімі, республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы қол қойған әрбір төмен тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшірмелері қоса беріледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |