|
|
|
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) болып; 2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Орталықты мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Мыналар: «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні - денсаулық сақтау және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ауруханасы», «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні - денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Орталықтың және кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін; 2) Орталықтың және кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздары № 289 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының республикалық мемлекеттік кәсіпорындары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының № 2 ауруханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып. 2. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып. 3. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |