|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 5, 68-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесінде: 9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Куәлікке осы Ережеге 1-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша бет беріледі.»; осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 322 қаулысына 1-қосымша
Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы ережеге 1-1-қосымша
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |