Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы (2008.07.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 13 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ) құрылсын. 2. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі мәні акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру болып белгіленсін. 3. Қоса беріліп отырған: 1) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум; 2) акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне берсін; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп: 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ жарғылық капиталын 2007 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды; 2) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумның ережелерін ескере отырып, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның жарғысын бекітуді; 3) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттерін бағалауды жүргізсін. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы қаулының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеуді қамтамасыз етсін. 7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп: 1) бір ай мерзімде «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін; 2) бір жарым ай мерзімде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін. 8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-81-жолмен толықтырылсын: «21-81. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ»; 2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-14-жолмен толықтырылсын: «205-14. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ». 9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін. 10. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Yкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысымен Бекітілген
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум
ҚР Үкіметінің 2007.09.10. № 921 Қаулысымен 1-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құру мақсаты
ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны (бұдан әрі - «ҚазАгро» ұлтхолдингі» АҚ) құрудың мақсаты инвестициялық активтерді тиімді басқаруды және акциялары оған орналастырылған акцияларға төлеу ретінде берілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - қоғамдар) корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2007.09.10. № 921 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның мақсатына қол жеткізу қызметтің мынадай негізгі қағидаттарына негізделеді: қоғамдар қызметінің мемлекеттік аграрлық саясат басымдықтарына сәйкес келуі; корпоративтік басқару саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені пайдалану; «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ және қоғамдар қызметінің ашықтығы;
ҚР Үкіметінің 2007.09.10. № 921 Қаулысымен 3-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның міндеттері
Қойылған мақсат шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның міндеттері мынадай болады: инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге шоғырландыру және бағыттау; агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру; аграрлық өндірістік және сервистік инфрақұрылымды дамыту; агроөнеркәсіптік кешендегі кластерлердің қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу; агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспортын дамыту; ішкі азық-түлік нарықтарын реттеу және тұрақтандыру; корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру. Міндеттерді іске асыру директорлар кеңестеріндегі акционердің және өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдарды дамытуға «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның белсенді қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
4. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның функциялары
ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 363 (бұр.ред.қара); 2007.09.10. № 921 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 4-бөлім өзгертілді Ұйымдарды олардың Директорлар кеңестері арқылы корпоративтік басқару шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болады: әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларын есепке ала отырып, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес қабылдаған шешімдер негізінде қоғамдар үшін мақсаттар қою; қоғамдардың стратегиялық даму жоспарларын, инвестициялық бағдарламалар мен жылдық бюджеттерді және қаржы-шаруашылық қызметінің орта мерзімді жоспарларын бекіту; мақсаттарға қол жеткізуді, оның ішінде қаржылық нәтижелерді барынша арттыруды қамтамасыз ету; қоғамдардың жобаларын іске асыруда қаржылық және басқару менеджментін жүзеге асыруға қатысу; сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту; қоғамдар қызметінің тиімділік индикаторларын әзірлеу және оның мониторингі; қоғамдар алға қойылған мақсаттар мен тиімділік көрсеткіштерін орындамаған жағдайда түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз ету; қоғамдардың қызметіне корпоративтік басқарудың алдыңғы қатарлы халықаралық қағидаттарын енгізу; қоғамдардың лауазымды тұлғаларын іріктеу және дәлелдеу; қоғамдардың аудитін ұйымдық қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
ҚР Үкіметінің 2007.09.24. № 829 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; ҚР Үкіметінің 2008.07.11 № 1024 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 5-бөлім өзгертілді 5. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. Қоғамдардың акцияларын сату туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысын қабылдау жолымен "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның жалғыз акционері қабылдайды. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің дербес құрамын Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейді. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірінші басшылары, сондай-ақ, тәуелсіз директорлар мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ Басқармасының төрағасы кіреді. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құзыретіне: «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің басым бағыттарын анықтау; «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның бюджетін бекіту; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кіреді. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның қызметін қаржыландыру жарғылық капиталдың қаражаты, қоғамдардан түсетін дивидендтер есебінен қалыптастырылатын кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2007.05.01. № 2 Қаулысымен 5-1-бөліммен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 363 (бұр. ред. қара); 2007.09.10. № 921 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 576 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5-1-бөлім өзгертілді 5-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган - Мамандандырылған Кеңес арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешімді және қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған Кеңестің құрамына Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірінші басшылары және өзге де тұлғалар кіреді. Мамандандырылған Кеңес екі жылда бір рет ұзақ мерзімді негізде қоғамдарды басқару жөніндегі негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады және мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткізуді бағалауды жүргізеді кемінде жылына бір рет. Мамандандырылған Кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және кемінде айына бір рет отырыс өткізеді. Мамандандырылған Кеңестің қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді Мамандандырылған Кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ және қоғамдардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауға негізделген олардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
6. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ мен қоғамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ мен қоғамдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетілген функцияларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның қоғамдардың қызметіне ықпал етуі акционер функцияларын жүзеге асыруы және қоғамдардың тиісті Директорлар кеңестеріндегі өкілдігі арқылы корпоративтік басқару шеңберінде шектеледі. Қоғамдардың Директорлар кеңестерінің құрамына «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның өкілдері, қоғамдар басқармаларының төрағалары және тәуелсіз директорлар кіреді. Қоғамдар Директорлар кеңестерінің төрағалары болып «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ өкілдері сайланады.
Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысымен Бекітілген
Акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі
|