|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-баптың 20-2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында тізбеленген, толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды; Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабында белгіленген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті өңделген тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі - отандық тауар өндірушілер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;»; 2) 41-баптың 3-тармағы 8) тармақшасындағы «қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады» деген сөздер «қызметтерді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.»; 3) 47-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Осы Заңның 41-бабы 3-тармағы 9) тармақшасының ережесі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2009 жылғы мамырдың 5-і. № 158-IV ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |