|
|
|
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 қаулысына 1 -қосымша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы
Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 сәуірдегі № 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 15, 157-құжат). 3. «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамын басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 маусымдағы № 533 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 236-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 тамыздағы № 782 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 31, 316-құжат). 5. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамын басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулысы. 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы № 1188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 45, 488-құжат). 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 33 қаулысы. 8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 ақпандағы № 193 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 9, 109-құжат). 9. «Акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар мен даму институттары директорлар кеңестердің құрамдары туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 791 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 370-құжат). 10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 4, 40-құжат). 11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 344 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 120-құжат). 12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 250 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 13, 140-құжат). 13. «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 мамырдағы № 507 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 265-құжат). 14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі № 706 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 28, 356-құжат). 15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1118 қаулысы. 16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 131-құжат). 17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 306 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 132-құжат). 18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 мамырдағы № 459 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 187-құжат). 19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 472 қаулысы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 188-құжат). 20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1065 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 452-құжат). 21. «Каzsаtnеt» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 44, 480-құжат). 22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 және 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы № 1179 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 495-құжат). 23. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 23 қаулысы. 24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы № 133 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 5, 64-құжат). 25. «Қазақстан Республикасы ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат). 26. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» және «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 833 қаулысы. 27. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» және «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 874 қаулысы. 28. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1036 қаулысы. 29. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 71 қаулысы. 30. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 161 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 9, 91-құжат). 31. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 315 қаулысы. 32. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 395 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 208-құжат). 33. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 833 және 2007 жылғы 2 қазандағы № 874 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 634 қаулысы. 34. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |