Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Осы редакция 2009 жылғы 14 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 557 қаулысымен Бекітілген
Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі
1. Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттардың тізбесі
Атмосфералық ауаны ластайтын заттар
1. Күкірт диоксиді мен күкірттің басқа да қосылыстары. 2. Азот оксиді мен азоттың басқа да қосылыстары. 3. Оттегі тотығы. 4. Ұшпалы органикалық қосылыстар. 5. Металдар мен олардың қосылыстары. 6. Тотияйын мен оның қосылыстары. 7. Цианидтер. 8. Хлор және оның қосылыстары. 9. Фтор және оның қосылыстары. 10. Шекті көмірсутегілер. 11. Меркаптандар. 12. Күкіртті сутегі. 13. Қара көміртегі (күйе). 14. Шаң-тозаң, соның ішінде құрамында асбест бар (өлшемді бөлшектері, талшықтары). 15. Полихлорлы дибензодиоксиндер мен полихлорлы дибензофурандар. 16. Елді-мекендердің атмосфералық ауасында шекті рұқсатты шоғырлануының (бұдан әрі - ШРШ) және әсер етудің бағдарлы қауіпсіз деңгейіне (бұдан әрі - ӘБҚД) Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық нормативтері белгіленген қауіптілігі 1 және 2-сыныптағы өзге де ластаушы заттар мен олардың қосылыстары.
Суды ластайтын заттар
1. Галогендердің органикалық қосылыстары және суда осы қосылыстарды құрауы мүмкін заттар. 2. Фосфордың органикалық қосылыстары. 3. Қалайының органикалық қосылыстары. 4. Металдар мен олардың қосылыстары. 5. Көмірсутегілер мен олардың қосылыстары. 6. Цианидтер. 7. Тотияйын мен оның қосылыстары. 8. ШРШ немесе ӘБҚД белгіленген пестицидтер (улы химикаттар). 9. Өлшемді заттар мен суспензиялар. 10. Эфтрофизацияға әсер ететін заттар (нитраттар мен фосфаттар). 11. Оттегі теңгеріміне қолайсыз әсер ететін заттар. 12. Мәдени-тұрмыстық, шаруашылық-ауыз су және балық шаруашылығы су пайдалану су объектілеріндегі ШРШ және ӘБҚД Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық нормативтері белгіленген қауіптілігі 1 және 2-сыныптағы өзге де ластаушы заттар мен олардың қосылыстары.
2. Қалдықтар орналастыру нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын қалдықтар түрлерінің тізбесі
1. Коммуналдық қалдықтар. 2. Өнеркәсіптік қалдықтар. Радиоактивті қалдықтар.
|