«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы (2008.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 28 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1320 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1320 қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1320 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар
1. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1320 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1320 қаулысымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қор биржаларының тізбесі: «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы; Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнаулы сауда алаңы ретінде анықталған қор биржасы; London Stock Exchange; Тоkуо Stock Exchange; New York Stock Exchange; Australian Stock Exchange; Frankfurt Stock Exchange. Әлеуетті өнім берушінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы құжат жазбаша нысанда ұсынылады және осы қор биржасының деректемелерін қамтуға тиіс. Құжат әлеуетті өнім берушілерге қор биржасы хатының түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі түрінде ұсынылады. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1320 қаулысымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Тауар биржаларының тізбесі: «Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; «Жайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; «Жамбыл тауар биржасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; «Жібек жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; «Кең дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; «Көкжар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі: «Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсіп биржасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; «Орлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» акционерлік қоғамы. Әлеуетті өнім берушінің тауар биржасының ресми тізіміне енгізілгендігін растайтын құжат биржаның деректемелерін көрсете отырып, ерікті нысанда жасалған түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме түрінде ұсынылады. 4. Әлеуетті өнім беруші жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылатын аудиторлық ұйымның оң аудиторлық қорытындысын беру арқылы растауға құқылы. 5. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1320 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
|