|
|
|
«Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы (2011.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 189 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 743 қаулысымен бекітілген
«Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлар номенклатурасы бойынша кодтармен пайдаланылатын барлық өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын) балық және балық өнімдерінің түрлеріне қолданылады. Осы Техникалық регламент балықтан алынатын тағамдық өнімдердің қауіпсіздігіне, соның ішінде аквадақылдары өнімдеріне, балық және балық өнімдерін өндіру процестеріне, орамасына, таңбалауына және айналымына талаптар белгілейді. ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Техникалық регламент талаптары: 1) балықтарды көбейту және өсіру (жетілдіру) процестеріне; 2) балалар үшін арнайы тағайындалған (соның ішінде емдәмдік және емдік-профилактикалық) тағамдарға, балық және балық өнімдеріне; 3) балықтан әзірленген биологиялық активті және тағамдық қоспаларға; 4) балықтан әзірленген азықтық және техникалық өнімдерге; 5) балықтан, аквадақылдардан әзірленген консервілерге, пресервілерге қолданылмайды; 3. Балық және балық өнімдерін бірдейлендіру ондағы бірдейлендіру белгілерінің бар-жоғын қарап, тексеру арқылы жүргізіледі. Өнімдерді зерттеу және сынақтан өткізу үшін сынама алу және бірдейлендіру өнімдердің нақты атауына талаптар белгілейтін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды пайдалану арқылы мынадай жолмен жүргізіледі: өнім партиясын сипаттаушы құжаттарды талдау; өнімді зерттеу және сынақтан өткізу; өнімді қарап (органолептикалық) тексеру; заттаңбасында, тұтыну ыдысында, қосымша бетінде өніммен бірге ұсынылған мәтін түріндегі ақпаратты зерделеу. 4. Нәтижесінде балық және балық өнімдері адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін қауіпті ерекшелікке ие болатын неғұрлым ықтимал қатерлерге мыналар жатады: 1) балық және балық өнімдерінің құрамында химиялық ластағыштардың болуы; 2) құрамында улы элементтер, пестицидтер, радионуклидтер, басқа да зиянды заттар мен олардың қалдықтарының болуы; 3) балық және балық өнімдерінің микробиологиялық және паразитологиялық контаминациясы; 4) құрамында пайдалануға тыйым салынған тағамдық қоспалар мен гендік инженерия өнімдерінің болуы. 5. Балық және балық өнімдерін дайындауда және өндіруде: кәсіпорынның орны мен аумағын таңдау, балық және балық өнімдерін дайындайтын өндірістік аймақтарды (үй-жайларды) орналастыру және жабдықтау; шикізатты өңдеуге дайындау; персоналды, жабдықтарды және тұрмыстық үй-жайларды дайындау; балық және балық өнімдерін өндіру, сақтау және олардың айналымы кезінде туындайтын барлық ықтимал қатерлері ескерілуі тиіс.
6. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ мыналар пайдаланылады: 1) аквадақыл өнімдері - бақыланатын жағдайда өсірілген немесе жетілдірілген балық және балыққа жатпайтын объектілер; 2) балық консистенциясының бұзылуы - етті сүйектен ажырату кезінде паста тәрізденіп, бұлшық ет құрылымының бұзылуы салдарынан балық консистенциясының өзгеруі; 3) жаңа ауланған балық - алыну кезінде сақталу шарты тек салқындату болған балық және балық өнімдері; 4) балық өнімі - тағамдық мақсатта қолдануға арналған табиғи немесе өңделген түрдегі балық; 5) балық шикізаты - азық өнімдерін дайындау үшін қолданылатын тірі, шикі, салқындатылған, мұздатылған балық; 6) жүзу базасы (жүзу құралы) - бортындағы балық аулау өнімдері бір немесе бірнеше орау, салқындату, мұздату, етінен сылыну, кесу операцияларынан өтетін кез келген кеме; 7) жасанды өнім - органолептикалық көрсеткіштері табиғи өнімге сәйкестендірілген балық және балыққа жатпайтын объектілерді пайдалану арқылы дайындалған өнім; 8) контаминация - тамақ өнімдеріне түскен кезде оларды қолдануға қасақана емес қауіпті және жарамсыз ететін балық және балық өнімдерінің табиғаты биологиялық және химиялық бөгде заттармен ластануы; 9) мұздату кемесі - бортындағы балық және балық өнімдері салқындатудан өтетін барлық кемелер; 10) мұздатылған балық - мұздатуға ұшыраған, осы жерде өзіне тән сапаны сақтау үшін температурасы жеткілікті төмендетілген және кейін сату уақытын қоса алғанда, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде осы төмен температураларда сақталған балық; 11) мұздату - тиісті құралмен өнімнің қалыңындағы температурасы -18 0С-тан аспайтындай етіп жүзеге асырылатын технологиялық процесс; 12) сүйектен етті ажырату - балық ұзынынан екі бөлікке бөлінетін, ал қабығы, басы, омыртқасы, иық және қабырға сүйектері, жүзу қанаттары, ішкі құрылысы алынатын, терісі алынатын немесе қалдырылуға болатын балықты бөлудің түрі; 13) салқындатылған балық - өнімнің бұлшық ет қалыңындағы ұлпасы температурасының -1 0С-тан -5 0С-қа дейін төмендеуін қамтамасыз ететін салқындату процесінен өткен балық; 14) салқын ысталған балық - алдын ала тұздалған балықтан түтінмен, түтінсіз немесе аралас әдіспен +40 0С температурада ысталған және ысталған иісі мен дәмі бар өнім; 15) тірі балық - дене, жақ, желбезек қақпағының табиғи қимылы бар табиғи немесе оған жақын келетін тіршілік ортасында жүзетін балық; 16) таза су - құрамында судың биоресурстарына зиян келтіруге қабілетті мөлшерде микроорганизмдер, зиянды заттар мен уытты планктондар болмайтын теңіз немесе тұщы, соның ішінде залалсыздандырылған (тазартылған) су; 17) ыстықтай ысталған балық - толық пісірілген, алдын ала тұздалған балықтан дайындалған түтінмен, түтінсіз немесе аралас әдіспен +80 0С-тан жоғары температурада өңделген және ыстың иісі мен дәмі бар өнім.
3. Балық және балық өнімдерінің базардағы айналымының шарттары
7. Балық және балық өнімдерін ішкі сауда объектерілерінде орналастыруда олардың осы Техникалық регламенттің талаптарына, ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өнімнің қауіпсіздігін және бақылануын растайтын құжаттардың (ветеринариялық сертификат, тауарлық ілеспе жолдама құжаттама) болуын қамтамасыз ету қажет. 8. Балық және балық өнімдерін өткізу адамның денсаулығы мен өміріне арналған өнімдердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринария, денсаулық сақтау, тамақ өнімдері мен сауда қызметіндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілуі тиіс. 9. Сапасына күмән келтіретін нақты белгілері бар, консистенциясы бұзылған, олардың қауіпсіздігін, шыққан жерін және сапасын растайтын ілеспе құжаттары жоқ, жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе біткен, сондай-ақ балық және балық өнімдерінің қасиеті мен таңбалануы Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе, ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшін алынады. 10. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжаттары жоқ балық және балық өнімдерін сатуға тыйым салынады. 11. Пайдалануға жарамсыз және адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті балық және балық өнімдерін жою Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
12. Балық және балық өнімдеріндегі микробиологиялық және паразитологиялық контаминация мен химиялық ластауыштардың, уытты элементтердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, басқа да зиянды заттар мен олардың қалдықтарының, азық қоспалары мен гендік инженерия өнімдерінің құрамы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген деңгейден аспауы тиіс. 13. Тірі балық тағамдық өнім ретінде сатылар алдында табиғи тіршілік ортасынан алынуы тиіс не табиғи тіршілік ортасынан алынғаннан кейін тіршілік әрекеті аяқталатын мерзімнен аз уақыт ішінде сатылуы тиіс. 14. Балық аулау өніміне жататын тірі балық айналымға жіберу алдында асқазаны мен ішегінде азық болмау үшін биологиялық тазалау кезеңінен өтуі тиіс. Жеке бөліктерінің құрамында адам денсаулығына қауіпті заттары бар балық зиянды бөліктері алынып, кейіннен жойылуы арқылы бөлшектенуі тиіс. Айналым сатысында балық және балық өнімдерінің құрамында адам денсаулығы үшін қауіпті гельминттер мен олардың құрттары болмауы тиіс. Балық өнімдерін дайындау үшін Саnthіgasterіdае, Dіodontіdае, Моlіdае, Tеtrаоdontіdае тұқымдастығының балықтарын шикізат ретінде пайдалануға болмайды. Мұздатылған балық және балық өнімдерінде терең сусыздануы салмағының 10%-ынан аспауы тиіс.
5. Балық және балық өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың ғимараттарына, аумақтарына қойылатын қауіпсіздік талаптары
15. Балық және балық өнімдерін қайта өңдейтін жаңадан салынатын және қайта жаңартылатын кәсіпорындарды (бұдан әрі - кәсіпорындар) орналастыру және пайдалануға беру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіпорын аумағы қоршалған, аббаттандырылған, көгалдандырылған және тазалықта ұсталуы тиіс. 16. Өндірістік үй-жайлардың орналасуы технологиялық процестердің ағымдылығын қамтамасыз етуі және шикізат пен қалдықтардың ағымының дайын өнімнің ағымымен қиылысу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. 17. Балық және балық өнімдерін өндіру процесінде пайдаланылатын су «Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс. 18. Кәсіпорын үй-жайлары желдеткіш, сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерімен жабдықталуы тиіс. 19. Кәріз жабдығы, дренажды арналар балық және балық өнімдерінің және қоршаған ортаның ластану қатерін болдырмайтындай жобаланып, құрастырылуы тиіс. 20. Кәсіпорындардың өндірістік цехтарын, учаскелерін, бөлімшелерін, қосалқы және қойма үй-жайларын жоспарлау кезінде өндірістік бақылау жүйесін, соның ішінде балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне, сондай-ақ жинау, жуу және залалсыздандыру сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу мүмкіндігі қарастырылады. 21. Кәсіпорынның қуаттылығы мен қызмет түріне қарамастан, өндіру (дайындау) процесінде: 1) технологиялық процестердің ағымдылығы; 2) лас процестердің тазаларынан оқшаулануы қамтамасыз етіледі. Балық өнімдерін өндіру (дайындау) цехтары ауаның жағымсыз иістерін, шаңын және басқа да ластануларды жою үшін мәжбүрлі желдеткішпен жабдықталады. 22. Балықпен жанасатын барлық беттері тоттануға төзімді, су өткізбейтін материалдардан жасалуы тиіс және ашық түспен боялған, тегіс жеңіл жуылатын болуы тиіс. Қабырғалар мен арақабырғалар тегіс және технологиялық процестерді қамтамасыз ету жеткілікті биіктікте болуы тиіс. Төбеде және ілулі арматураларда кірдің жиналуы, тамақ өнімдеріне бөгде заттардың түсуіне және ылғалдың немесе көгерудің пайда болуына жол берілмейді. Кәсіпорынның барлық үй-жайларындағы едендері тегіс, жылтыр, су өткізбейтін материалдармен жабылады және ағынды сулардың кәрізге түсуін қамтамасыз ететіндей құрастырылуы тиіс. Терезелердің конструкциясы кірді барынша азайтуға жеткізетіндей болуы тиіс, есіктерде тегіс өзіне жұқтырмайтын беткейлері болуы тиіс, еден мен қабырғалар арасындағы қосылған жер оңай тазалану үшін қол жетімді болуы тиіс. 23. Кәсіпорын қауіпсіздік белгілерімен жабдықталып, цех ішіндегі құбыржолдары олардың арналуы бойынша «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгіленулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» туралы техникалық регламентіне сәйкес айрықша түстерге боялады.
өңдейтін кемелерге қойылатын талаптар
24. Балық аулайтын кемелердің құрылысы өнімдердің трюмдық, ағымдық сумен, түтінмен, отынмен, мұнай өнімдерімен, жағармай материалдарымен байланысқа түспеуін қамтамасыз ету қажет, үшкір бұрыштары мен шығыңқылары барынша аз болып, қарқынды ағымды қамтамасыз етуі тиіс. Балық аулау өнімдері жанасатын жабдық беттері мен материалдар тоттануға төзімді материалдардан жасалып, тегіс және жуу мен (дизенфекциялауға жеңіл болуы тиіс. Бетіндегі қаптамасы берік және уытты емес болуы тиіс. Өнімдерді 24 сағаттан астам уақыт ішінде сақтауға арналып жобаланған және жабдықталған кемелер балық аулау өнімдерін сақтау үшін трюмдармен, цистерналармен немесе контейнерлермен жабдықталуы тиіс. Сақталынатын балық аулау өнімдерін контаминациядан сақтау үшін трюмдар машина бөлімшелерінен және экипажға арналған бөлімшелерден арақабырғалармен бөлінуі тиіс. Трюмдар мен контейнерлер өнімді қанағаттанарлық гигиеналық жағдайда сақталуын, қажет болған жағдайда еріген судың азық өнімдерімен жанаспауын қамтамасыз етуі тиіс. Балық өнімдерін салқындатылған таза теңіз суында салқындатуға арналған кемелерде цистерналар цистернаның барлығында біртекті температураға жеткізу құралдарымен жабдықталуы тиіс. Бұндай құрылғылар балықты таза теңіз суына салғаннан кейін температурасы алты сағаттан кейін +3 0С және 16 сағаттан соң 0 0С аспайтын суыту дәрежесіне жетіп, температураның мониторингін және тіркелімін жасауға мүмкіндік беруі тиіс. Балық аулау өнімдерін салқындату кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормалар сақталуы тиіс. 25. Балық аулау өнімдерін салқындатуға арналған мұз таза немесе ауыз суынан дайындалуы тиіс. Қолданғанға дейін ол ластануына жол берілмейтін жағдайда сақталуы тиіс. 26. Балық аулау өнімдері аулағаннан кейін бір сағаттан кешіктірмей мұзбен немесе мұздатылғын сумен салқындатылуы тиіс. 27. Температуралық жағдай мүмкіндік беретін болса, кіші кемелер балықты мұзсыз түсіре алады. Мұндай балық ауланған сәтінен бастап 12 сағат ішінде түсіріліп, температурасы -1 0С мен +4 0С аралығында ұсталынуы тиіс. 28. Балық аулау өнімдерін сумен салқындату кезінде оны таза салқындатылған суда сақтау керек. Салқындатудың мұндай әдісі кеме бортында үш тәуліктен артық қолданылмайды. Егер балық аулау кемелері балық аулау өнімдерімен бірге қолданылатын сумен қамту құрылғысы бар болса, ол жеткізілетін судың ластануының алдын алатын етіп орнатылуы тиіс. 29. Кемеге құстардың, жәндіктердің немесе басқа жануарлардың, паразиттер мен зиянкестердің түсуіне жол берілмеуі қажет.
7. Мұздатқыш кемелерге, мұздатқыш камераларға және мұздатқыштарға қойылатын талаптар
30. Мұздату кемелерінде: температураны -18 0С-қа дейін тез төмендететін жеткілікті қуаттылығы бар мұздатқыш жабдықтар; балық аулау өнімдерін трюмдарда сақтағанда -18 0С-тан аспайтын температураны ұстап тұратын жеткілікті қуаттылығы бар салқындату жабдықтары болуы тиіс. Сақтау трюмдары температураны тіркеу құрылғыларымен жабдықталады. Санау құрылғысының температураны көрсетуші тетігі трюмдағы ең жоғары температурасы бар аймақта орналасуы тиіс. Тоңазытқыш камералардың және мұздатқыштардың ішкі қабырғалары мен төбелері оларға балық аулау өнімдерін тиеу алдында санитарлық өңдеуден өткізіледі. Тоңазытқыш және мұздатқыш камераларына салған кезде балық аулау өнімдері ағаштан жасалған торларға қатарланып немесе еденнен биіктігі 8 сантиметр болатын тұғырықтарға қойылады. Қатарлар суыту қабырғалары мен аспаптарынан 30 сантиметр алыс қашықтықта орналастырылуға тиіс. Қатарлар арасында өтетін жол қалдырылады. Егер балық аулау кемелерінде балықпен бірге пайдаланылатын су беру құрылғысы болса, онда ол жеткізілетін судың ластануын болдырмайтындай етіп орнатылуы тиіс.
8. Жүзу базасына (жүзу құралдарына) қойылатын қауіпсіздік талаптары
31. Жүзу базаларында (жүзу құралдарында), аз мөлшерде болса да мыналар болуы қажет: тамақты күн көзі мен қыздырғыш элементтерден және кез келген контаминация көздерінен сақтайтындай етіп жобаланған балық аулау өнімдерін бортқа қабылдау үшін резервке алынған және оңай тазаланатын қабылдау аймағы. санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетін балықты қабылдау аймағынан жұмыс аймағына беру жүйесі; өнімдердің кез келген контаминациясын болдырмайтындай етіп құрылған, балық аулау өнімдерін дайындау және өңдеу үшін жеткілікті кең, оңай жиналатын және дезинфекцияланатын жұмыс аймағы; дайын өнімдерді сақтау аймағы; өнімдерді дайындау және өңдеу аймақтарынан бөлек буып-түю материалдарын сақтау орны; қалдықтарды жоюға арналған арнайы жабдықтар немесе адамдардың тұтынуына жарамсыз аулау балық өнімдерінің қалдықтарын сақтауға арналған камералар, бұл ретте қалдықтар кемеде 24 сағаттан артық сақталмауы тиіс; орналасуы сумен жабдықтау жүйесімен жанаспайтын су жинау құрылғысы; Балық аулау өнімдерін өңдеумен шұғылданатын персоналдың қолын жууға арналған жабдық. Балық аулау өнімдерін мұздатуды жүзеге асыратын жүзу базасында (жүзу құралдарында) мұздату кемелері үшін талап етілетін жабдықтар болуы тиіс.
9. Жабдыққа және метрологиялық қамтамасыз етуге қойылатын қауіпсіздік талаптары
32. Цехтарда жабдықтардың орналасуы қиылысу арқылы ластануды барынша азайтатындай болуы тиіс және технологиялық процестер толығымен кеңістікке немесе уақытқа бөлінуі тиіс. Өнімді өңдейтін орындардың барлық беттері улы емес материалдардан жасалуы тиіс, тегіс, су өткізбейтін болуы, балық шырышының, қабықтарының, ішкі құрылыстарының жиналуын барынша азайту және физикалық ластану қаупін төмендету үшін жақсы жағдайда ұсталуы тиіс. Балықты сумен өңдейтін орындарда салқын ауыз судың берілуі ретке келтірілген болуы тиіс. Мұзды сақтауға және/немесе өңдеуге арналған тиісті жабдық болуы тиіс. 33. Аспаптар және жұмыс жабдықтары, өңдеу тақталары, ыдыстар, конвейерлік белбеулер және пышақтар тамақ өнімдерімен жанастыруға рұқсат етілген, оңай тазаланатын және залалсыздандырылатын материалдардан дайындалуы тиіс. Шикізатпен және дайын өнімдермен жанасатын металл құрастырмалар тот баспайтын материалдардан жасалуы тиіс. Кәсіпорындардағы жабдықтар осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес технологиялық операциялардың орындалуын және қауіпсіз тамақ өнімдерінің дайындалуын қамтамасыз ететіндей орналастырылуы тиіс. Балық өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын жабдықтар оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін конструктивтік және пайдалану сипаттамаларына ие болуы тиіс. 34. Жабдықтардың құрастырмасы және жасалуы оны жууға, дезинфекциялауға және қоршаған аймақты жинауға мүмкіндік беруі тиіс. Жуу және дезинфекциялау ластану қатерін болдырмау үшін қажетті жиілікпен жүргізілуі тиіс. Жуу және дезинфекциялау кестесін (жиілігін) кәсіпорын басшысы бекітеді. Жабдықтар тиісті бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандырылуы тиіс. 35. Технологиялық процестерді өлшеу және бақылау құралдары өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінде белгіленген тәртіппен кезеңдік тексерістен немесе калибрлеуден өткізіліп отырады. Сынабы бар бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалануға тыйым салынады. Шыныдан жасалған өлшеу аспаптары металл қаптармен жабдықталуы тиіс. 36. Жаңа, сондай-ақ жөнделген және қайта жаңғыртылған технологиялық жабдықтармен жұмыс оны тек қана санитарлық өңдегеннен және міндетті микробиологиялық бақылау жүргізілгеннен кейін жүргізілуі тиіс. 37. Жерге тереңдей орналастырылған тұздауға ерітуге, сулауға арналған чандардың қабырғалары еден үстінде 50 сантиметрден кем емес биіктікте жоғары тұруы тиіс. Чандардың түбі төгілетін тесікке еңкіш, өңделген тұздықтың толық ағуын қамтамасыз етуі тиіс. Тұздауға қолданылатын контейнерлер тотығуға төзімді немесе полимерлі материалдардан жасалуы тиіс. Ерітілген, жуылған, тұздалған балықтан су ағуға арналған стелаждар еденнен кемінде 40 сантиметр биіктікте орналасуы тиіс. 38. Ыстау камералары көрсеткіштері арнайы журналға енгізілетін дистанциялық өлшегіш-бақылау құралдарымен жабдықталуы тиіс. 39. Уылдырық цехы технологиялық процестің ағымдылығын қамтамасыз ететін жеке үй-жайда жобалануы тиіс. Банкаларға және бөшкелерге уылдырықты орау бөлек жүргізілуі тиіс.
10. Балық және балық өнімдерін өндіру процесіне қойылатын қауіпсіздік талаптары
40. Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі оны өндіру процесінде: 1) балық және балық өнімдерін өндірудің барлық сатыларында (учаскелерінде) оларды жүзеге асырудың технологиялық процестері мен режимдерін таңдау; 2) өндірілетін тамақ өнімдерінің ластануын болдырмайтын технологиялық процестердің оңтайлы дәйектілігін таңдау; 3) технологиялық жабдықтардың жұмысын бақылау; 4) балық өнімдерін өндіруге қажетті шикізат және тағамдық қоспаларды сақтау шарттарын сақтау; 5) балық және балық өнімдерін өндіру процесінде пайдаланылатын өндірістік үй-жайларды, технологиялық жабдықтарды және мүкәммалдарды балық өнімдерінің ластануын болдырмайтын жағдайда ұстау; 6) өндірістік үй-жайларды дезинфекциялаудың, дезинсекциялаудың және дератизациялаудың балық және балық тағамдарын өндіруде пайдаланылатын технологиялық жабдықтар мен мүккәмалдарды санитариялық өңдеудің және дезинфекциялаудың, тәсілін және кезеңділігін таңдау. Санитарлық өңдеу, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау балық өнімдерінің ластану қауіпін болдырмау үшін жеткілікті кезеңдлікпен жүргізілуі тиіс. Санитарлық өңдеу, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау кезеңділігін өндіруші белгілейді; 7) осы Техникалық регламент талаптарының орындалуын растайтын құжаттаманы жүргізу және сақтау арқылы қамтамасыз етіледі. 41. Балық өнімдерін өндіру кезінде денсаулық сақтау саласының уәкілетті орган тіркеуден өткізген тағамдық қоспаларды ғана пайдалану қажет. 42. Балықты басынан ажырату және ішек-қарнынан тазарту ветенариялық-санитарлық және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып жүргізілуі тиіс. Балықты бөлшектеу және турау балық етінің контаминациясын және бұзылуын болдырмайтындай етіп жүргізілуі тиіс. Жұмыс үстелінде еттің жиналуына жол берілмейді, олар дайындалғаннан кейін одан әрі өңдеуге жіберіледі. 43. Балық өнімдерін өндіруде пайдаланылатын шикізат ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес келуі тиіс. 44. Кемелерде балауса балықтар (шикізат) өндіру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс: адам денсаулығына қауіпті гельминттар табылған, улы балықтар, ауланған балықтар су түбі топырағымен немесе мұнай өнімдерімен контаминацияланған жағдайда осы Техникалық регламентте белгіленген тұтынушының денсаулығына қауіпті тағам шығару мүмкіндігінің алдын алатын шаралар қабылдануы тиіс; барлық жіберілген бұзушылықтар тіркеліп, ауланған балықтарды немесе дайын өнімдері портқа түсіру кезінде тиісті тұлғаға хабарлануы тиіс; түсіру процесі өнеркәсіптік балық аулау өнімдерінің контаминациясын болдырмауы, күн көзінен және атмосфералық әсерлерден қорғауды және оны сақтаудың тиісті температуралық жағдайын қамтамасыз етуі тиіс. 45. Салқындатылған балықты өндіруде мынадай талаптар орындалуы тиіс: тунец, парусник, макрель, марлин, қылыш-балық және шеміршекті балықтар ауланғаннан соң тез арада қансыздандырылуы тиіс;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |