Қазақстан Республикасы Президентінің (2016.11.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
Мемлекеттік жоспарлаудың тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен бірлесіп 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін қолданыстағы стратегияларды, тұжырымдамаларды, доктриналарды, мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды осы Жарлыкқа сәйкес келтірсін. ҚР Президентінің 2010.04.03. № 931 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтардың даму бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережесін 2009 жылғы 1 қыркүйекке дейін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін; 2) Әлеуметтік-экономикалық даму, салалық бағдарламалардың болжамын әзірлеу ережесін 2009 жылғы 1 қыркүйекке дейін бекітсін; 3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың 2-тармағын іске асыруға байланысты бағдарламаларды әзірлеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекітілгенге дейін мемлекеттік, салалық бағдарламаларды, аумақтардың даму бағдарламаларын әзірлеуге тыйым салу енгізілсін. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|