Қазақстан Республикасы Президентінің (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 2 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2006 жылдан бастап жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсын және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсын өткізу белгіленсін. 2. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты атағын және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атаған беру жөніндегі комиссия құрылсын. Құрамға өзгеріс енгізу туралы ҚР Президентінің 2007.23.07 № 368 Жарлығын; ҚР Президентінің 2007.1.11 № 433 Жарлығын қара 3. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу және лауреаттар атағын беру ережелері; 2) «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережелері; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты атағын және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. 4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері жыл сайынғы «Алтын сапа» өңірлік көрме-конкурстарын ұйымдастыру және өткізу жөнінде шаралар қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерін; 2) «Алтын сапа» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну, алдын ала сараптамалық бағалау ережелерін әзірлесін және бекітсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|