Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 және 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 1589 Қаулысы
(2020.31.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 971 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 960 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысында:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «үлгілері» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) күзетшіні мамандандырылған оқу орталықтарында (күзетшіні арнайы оқыту курсында) арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаның күзет бөлімшесінің, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлімшесінің қызметкерлері санының мынадай нормативтері:
1) стационарлық объектілерді күзету кезінде:
бір тәуліктік күзет постына 4,5 күзетшісі аспайтын штат бірліктен;
он екі сағаттық бір күзет постына 2,25-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
сегіз сағаттық бір күзет постына 1,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
2) магистральдық құбырларды күзету кезінде:
айланып өтетін жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трасса жолының бойын, елді мекендерден алыстықты, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 - 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;
күзетілетін магистральді газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 - 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін;
3) темір жол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін орнатылған нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың күзет бөлімшелері және ведомстволық күзет бөлімшелері пайдаланатын арнайы қорғау құралдары мен арнайы техникалық құралдардың тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қол кісендері.»;
ескертпеде:
2-тармақ алынып тасталсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 қазандағы
№ 1589 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
Бекітілген
Күзетшіні мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау
мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары
Күзетші, басшы лауазымдарындағы жеке күзетшілерді, күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және мынадай біліктілік талаптарына сай келетін мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі:
сабақтар өткізу үшін санитарлық нормаларға сәйкес келетін үй-жайлардың болуы;
оқыту бағдарламасында көзделген арнайы және техникалық құралдардың болуы;
атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін арнайы жабдықталған атыс тирінің болуы;
оқытылатын пәнге сәйкес біліктілігі мен білім беру деңгейі бар оқытушылар құрамының болуы.
Бір оқыту курсының ұзақтығы өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын жеке күзетшілер, күзетшілер және жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінің басшылары үшін 99 оқу сағатын, жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер үшін - 146 оқу сағатын құрайды.
Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілерді арнайы оқыту курсының бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
құқықтық білім негіздері - 10 сағат;
қызметтік даярлық - 19 сағат;
арнайы техника және байланыс негіздері - 4 сағат;
криминалистика - 8 сағат;
атыс даярлығы - 24 сағат;
арнайы дене шынықтыру даярлығы - 20 сағат;
медициналық даярлық - 4 сағат;
терроризмге қарсы даярлық - 10 сағат.
Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілерді даярлаудың оқу жоспары
Р/с № | Бөлімнің атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
дәрістер | практикалық сабақтар |
1. | Құқықтық білім негіздері | 10 | 10 | - |
2. | Қызметтік даярлық | 19 | 14 | 5 |
3. | Арнайы техника және байланыс негіздері | 4 | 3 | 1 |
4. | Криминалистика | 8 | 5 | 3 |
5. | Атыс даярлығы | 24 | 10 | 14 |
6. | Арнайы дене шынықтыру даярлығы | 20 | 6 | 14 |
7. | Медициналық даярлық | 4 | 3 | 1 |
8. | Терроризмге қарсы даярлық | 10 | 5 | 5 |
| Жиыны | 99 | 56 | 43 |
Р/с № | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
дәрістер | практикалық сабақтар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Құқықтық білім негіздері |
1. | Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Қылмыстық жаза ұғымы және оның мақсаттары | 2 | 2 | - |
2. | Қажетті қорғаныс. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттілік | 2 | 2 | - |
3. | Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері | 2 | 2 | - |
4. | Қызметтік қаруды және арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері | 2 | 2 | - |
5. | Жеке күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы | 2 | 2 | - |
| Барлығы | 10 | 10 | - |
2. Қызметтік даярлық |
1. | Мемлекеттік емес күзет қызметін ұйымдастыру, оның міндеттері мен негізгі бағыттары | 1 | 1 | - |
2. | Құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу | 2 | 2 | - |
3. | Күзет қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері. Күзет қызметкерлерінің құқықтық жағдайы, әлеуметтік қорғалуы мен жауапкершілігі | 2 | 2 | - |
4. | Күзетілетін объектілердегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру және жүзеге асыру. Тексеру жүргізудің негіздері мен тәртібі | 2 | - | 2 |
5. | Күзет қызметкерлерінің өрт шыққан жағдайдағы іс-қимылдары. Құтқару қызметтерін шақыру және оларды объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу | 2 | 2 | - |
6. | Стационарлық күзетілетін объектілерде, айналып өтетін постыларда және ұтқыр топтарда қызмет өткеру тәртібі | 3 | - | 3 |
7. | Қызметті ұйымдастыру және оны өткерудің ерекшеліктері: а) банктерде және басқа да зор материалдық құндылықтар сақталатын орындарда; б) сауда мекемелерінде | 2 | 2 | - |
8. | Оқиға болған жерді күзетуді ұйымдастыру. Іздерді және заттай айғақтарды сақтау | 2 | 2 | - |
9. | Қысылтаяң жағдайлар. Жағдайға баға беру психологиясы. Қысылтаяң жағдайдың дамуын болжау. Өзін-өзі ұстай білу | 2 | 2 | - |
10. | Кәсіптік мәдениет және әдеп | 1 | 1 | - |
| Барлығы | 19 | 14 | 5 |
3. Арнайы техника мен байланыс құралдарының негіздері |
1. | Қазіргі заманғы белгі беру құралдарының мақсаты, оларды объектілерде орналастыру орындары. Бөтен адамдар кірген жағдайда іске қосылу белгілері | 1 | 1 | - |
2. | ОБП және дербес белгі беру құралдары арқылы объектілердің күзетілуін ұйымдастыру ерекшеліктері. Көп шепті белгі беру құралдарын құру жолымен аса маңызды объектілерді қорғау қағидаттары | 1 | 1 | - |
3. | Күзетте қолданылатын сымды және радиобайланыс құралдары | 1 | 1 | - |
4. | Күзет-өрт дабылы құралдарының объектілердің күзетін қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы | 1 | - | 1 |
| Барлығы | 4 | 3 | 1 |
4. Криминалистика |
1. | Оқиға болған жерді тексеру әдістемесі, қылмыскердің іздерін, оның ішінде саусақ іздерін сақтау | 3 | 3 | - |
2. | Құжаттарды қолдан жасау, фотосуретті ауыстыру белгілері және оларды анықтау тәсілдері | 2 | 2 | - |
3. | Сөзбен сипаттау портретін іздестіру мақсатында пайдалану | 3 | - | 3 |
| Барлығы | 8 | 5 | 3 |
5. Атыс даярлығы |
1. | Атыс негіздері. Баллистика | 2 | 2 | - |
2. | Қару мен арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері мен тәртібі | 4 | 4 | - |
3. | Қызмет қаруының мақсаты, ұрыстағы ерекшелігі, құрылысы | 4 | 2 | 2 |
4. | Қызмет қаруының материалдық бөлігі | 3 | - | 3 |
5. | Қарумен атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері | 2 | 2 | - |
6. | Қарудан оқ ату тәсілдері мен ережелері | 2 | - | 2 |
7. | Қызметтік қаруды ұстау кезіндегі қауіпсіздік шаралары | 2 | - | 2 |
8. | Тапаншадан, автоматтан және винчестерден оқ атуға арналған жаттығуларды орындау тәртібі | 2 | - | 2 |
9. | Қызметтік қаруды теориялық жағынан және оның материалдық базасын білу жөніндегі сынақ. Практикалық атыстар | 3 | - | 3 |
| Барлығы | 24 | 10 | 14 |
6. Арнайы дене шынықтыру даярлығы |
1. | Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, белсенді қорғаныс құралдарын және қол кісендерін қолданудың құқықтық негіздері | 1 | 1 | - |
2. | Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, белсенді қорғаныс құралдарын, қол кісендерін қолданудың негіздері мен тәртібі | 2 | 1 | 1 |
3. | Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолданушы қызметкерлердің құқықтары мен жауапкершілігі | 1 | 1 | - |
4. | Сырттай тексеру тәсілдері. Қауіпсіздік шаралары | 2 | 1 | 1 |
5. | Қоян-қолтық ұрыс элементтері бар соққылар және ондай соққылардан қорғану. Резеңке таяқпен соғу және қорғану | 2 | - | 2 |
6. | Әр түрлі қапсырып-құшақтап ұстаулардан босау | 2 | - | 2 |
7. | Суық қарумен немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа да заттармен қаруланған адамның соққы беруінен қорғану | 2 | - | - |
8. | Қарумен қауіп төндіруден қорғану және қылмыскерді қауіпсіздендіру әрекеті | 2 | - | 2 |
9. | Қылмыскердің босатылуы, оны ұстау және ілесіп жүру кезінде әріптесіне көмектесу | 3 | 1 | 2 |
10. | Сынақтар тапсырумен бақылау сабақтары | 3 | 1 | 2 |
| Барлығы | 20 | 6 | 14 |
7. Медициналық даярлық |
1. | Жарақаттанулар, буынның шығуы, бас сүйек-ми жарақаттары, сынулар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек | 1 | - | 1 |
2. | Қан кету, оның түрлері мен белгілері. Жараны таңу | 1 | 1 | - |
3. | Атыс қаруынан жаралану және басқа да ауыр дене жарақаттарын алған кезде алғашқы медициналық көмек | 1 | 1 | - |
4. | Адамның тіршілігі мен өлімінің белгілері | 1 | 1 | - |
| Барлығы | 4 | 3 | 1 |
8. Терроризмге қарсы даярлық |
1. | Терроризмге қарсы азаматтық іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері | 2 | 2 | - |
2. | Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаты | 2 | 1 | 1 |
3. | Күзет қызметінің алдын алу іс-шаралары. Жарылғыш құрылғы қою туралы дабыл алған кездегі іс-әрекет тәртібі | 3 | 1 | 2 |
4. | Жарылу қаупі бар заттардың болуына аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды тексеру тәртібі | 3 | 1 | 2 |
| Барлығы | 10 | 5 | 5 |
Жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелерінің басшыларын арнайы оқыту курсының бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
құқықтық білім негіздері - 32 сағат;
жеке күзет ұйымының, бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру негіздері - 39 сағат;
жеке күзет ұйымының, бөлімшесінің қызметкерлерін кәсіби даярлау негіздері - 12 сағат;
психологиялық даярлық - 6 сағат;
терроризмге қарсы даярлық - 10 сағат.
Жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың
күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық
күзет бөлімшесінің басшыларын даярлаудың оқу жоспары
Р/с № | Бөлімнің атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
дәрістер | практикалық сабақтар |
1. | Құқықтық білім негіздері | 32 | 16 | 16 |
2. | Жеке күзет ұйымының, жеке күзет бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру негіздері | 39 | 23 | 16 |
3. | Жеке күзет ұйымының, күзет бөлімшесінің қызметкерлерін кәсіби даярлау негіздері | 12 | - | 12 |
4. | Психологиялық даярлық | 6 | 2 | 4 |
5. | Терроризмге қарсы даярлық | 10 | 5 | 5 |
| Жиыны | 99 | 46 | 53 |
Р/с № | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
дәрістер | практикалық сабақтар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Құқықтық білім негіздері |
1. | Қазақстан Республикасының күзет қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері. Күзет қызметінің құқықтық негіздері, міндеттері және қағидаттары. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің құқықтары | 8 | 4 | 4 |
2. | Қазақстан Республикасының жекелеген қару түрлерінің айналымын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері | 8 | 4 | 4 |
3. | Еңбек заңнамасының негіздері | 4 | 2 | 2 |
4. | Жеке күзет ұйымының, күзет бөлімшесінің қызметкерлері қолданатын мәжбүрлеу шараларының құқықтық сипаттамасы | 2 | 2 | - |
5. | Жеке күзет ұйымының, күзет бөлімшесінің кәсіби қызметіне қатысты қылмыстық заңнаманың негіздері. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық әрекетке жатпайтын мән-жайлар. Күзетшілердің дене күшін, арнайы құралдар мен қару қолдануының құқықтық негіздері | 2 | 1 | 1 |
6. | Қылмыстың ұғымы және құрамы. Жеке тұлғаға, меншікке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. (Конституция, Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) | 4 | 2 | 2 |
7. | Қазақстан Республикасының стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілері мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қауіпсіздік жүйелерімен жарақталуы және инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі техникалық талаптарды белгілейтін мемлекеттік нормативтер | 2 | 1 | 1 |
8. | Емтихан | 2 | - | 2 |
| Барлығы | 32 | 16 | 16 |
2. Жеке күзет ұйымының, жеке күзет бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру негіздері |
1. | Жеке күзет ұйымдарының, бөлімшелерінің қызметі туралы жалпы ережелер. Объектілер, оларды іздеу, жіктеу, күзетуге қабылдау. Шарттарды әзірлеу және жасасу. Күзетілетін объектіге құжаттама дайындау | 8 | 4 | 4 |
2. | Жеке күзет қызметін басқару | 8 | 4 | 4 |
3. | Әр түрлі мақсаттағы объектілерді күзету және оларда кезекшілік атқару ерекшеліктері | 6 | 2 | 4 |
4. | Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері | 4 | 2 | 2 |
5. | Жеке күзет ұйымының, бөлімшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету | 4 | 4 | - |
6. | Күзет ұйымдарының құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы | 3 | 3 | - |
7. | Жеке күзет ұйымдарындағы, бөлімшелеріндегі бухгалтерлік есептің негіздері | 4 | 2 | 2 |
8. | Күзет қызметтерінің маркетингі негіздері | 2 | 2 | - |
| Барлығы | 39 | 23 | 16 |
3. Жеке күзет ұйымының, күзет бөлімшесінің қызметкерлерін кәсіби даярлау негіздері |
1. | Қызметтік және арнайы даярлық ұйымдастыру және өткізу әдістемесі | 4 | - | 4 |
2. | Атыс даярлығын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі | 4 | - | 4 |
3. | Өртке қарсы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі | 2 | - | 2 |
4. | Террорға қарсы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі | 2 | - | 2 |
| Барлығы | 12 | - | 12 |
4. Психологиялық даярлық |
1. | Өзара қарым-қатынастар құру психологиясы: басшы-бағынысты. Бағыныстылардың психотиптері. | 1 | 1 | - |
2. | Кәсіби мәдениет және әдеп. Сыртқы келбетінің рөлі, маңызы және жүріс-тұрыс әдеті. Өндірістегі қақтығыс жағдайларды шешу. «Қиын» бағыныстыларға психологиялық ықпал ету әдістері | 1 | 1 | - |
3. | Жеке тұлғаның қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлқы. Қысылтаяң жағдайдың ұғымы. Қысылтаяң жағдайдағы іс-әрекеттерге психологиялық дайындық. Психоэмоционалдық қобалжуды басу | 4 | - | 4 |
| Барлығы | 6 | 2 | 4 |
5. Терроризмге қарсы даярлық |
1. | Терроризмге қарсы азаматтық іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері | 2 | 2 | - |
2. | Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаттары | 2 | 1 | 1 |
3. | Күзет қызметінің алдын алу іс-шаралары. Жарылғыш құрылғы қою туралы дабыл алған кездегі әрекет ету тәртібі | 3 | 1 | 2 |
4. | Жарылу қаупі бар заттардың болуына аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды тексеру тәртібі | 3 | 1 | 2 |
| Барлығы | 10 | 5 | 5 |
Жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді арнайы оқыту курсының бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
құқықтық білім негіздері - 10 сағат;
арнайы-тактикалық (оның ішінде терроризмге қарсы) даярлық - 36 сағат;
арнайы техника және байланыс негіздері - 4 сағат;
криминалистика — 4 сағат;
атыс даярлығы - 34 сағат;
арнайы дене шынықтыру даярлығы - 34 сағат;
медициналық даярлық - 4 сағат;
кәсіби-қолданбалы тренингтер - 12 сағат;
кешенді оқыту - 8 сағат.
Жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын
күзетшілерді даярлаудың оқу жоспары
Р/с № | Бөлімнің атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
дәрістер | практикалық сабақтар |
1. | Құқықтық білім негіздері | 10 | 10 | - |
2. | Арнайы-тактикалық даярлық | 36 | 10 | 26 |
3. | Арнайы техника және байланыс негіздері | 4 | - | 4 |
4. | Криминалистика | 4 | - | 4 |
5. | Атыс даярлығы | 34 | 2 | 32 |
6. | Арнайы дене шынықтыру даярлығы | 34 | - | 34 |
7. | Медициналық даярлық | 4 | 3 | 1 |
8. | Кәсіби-қолданбалы тренингтер | 12 | 2 | 10 |
9. | Кешенді оқыту | 8 | - | 8 |
| Жиыны | 146 | 27 | 119 |
Р/с № | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
дәрістер | практикалық сабақтар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Құқықтық білім негіздері |
1. | Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Қылмыстық жаза ұғымы және оның мақсаттары | 2 | 2 | - |
2. | Қажетті қорғаныс. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттілік | 2 | 2 | - |
3. | Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері | 2 | 2 | - |
4. | Дене күшін, арнайы құралдарды, атыс қаруын қолданудың құқықтық негіздері | 2 | 2 | - |
5. | Оққағардың өкілеттігін асыра пайдалануы | 2 | 2 | - |
| Барлығы | 10 | 10 | - |
2. Арнайы-тактикалық даярлық |
1. | Жеке тұлғаның қауіпсіздігі негіздері | 2 | 2 | - |
2. | Арнайы күзет операцияларын өткізу негіздері | 2 | 2 | - |
3. | Автомобильдерді пайдалана отырып, арнайы күзет операцияларын өткізу негіздері | 2 | 2 | - |
4. | Минаға қарсы бақылау | 6 | 2 | 4 |
5. | Күзетілетін адамды бақылауды анықтау негіздері | 6 | 2 | 4 |
6. | Күзетілетін адамды қорғаудың негізгі әдістері мен тәсілдері | 18 | - | 18 |
| Барлығы | 36 | 10 | 26 |
3. Арнайы техника және байланыс негіздері |
1. | Күзет қызметінде қолданылатын техникалық құралдардың жалпы сипаттамасы | 2 | - | 2 |
2. | Күзет қызметінде пайдаланылатын сымды және радиобайланыс құралдары | 2 | - | 2 |
| Барлығы | 4 | - | 4 |
4. Криминалистика |
1. | Адамның сыртқы белгілері бойынша ажырату | 2 | - | 2 |
2. | Жалған құжаттардың белгілері және оларды анықтау тәсілдері | 2 | - | 2 |
| Барлығы | 4 | - | 4 |
5. Атыс даярлығы |
1. | Қаруды және оқ-дәрілерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары | 2 | 2 | - |
2. | Тапаншадан оқ ату тәсілдері мен ережелері | 2 | - | 2 |
3. | Қозғалмайтын нысана бойынша тапаншадан оқ ату | 4 | - | 4 |
4. | Шектеулі уақытта пайда болатын нысана бойынша тапаншадан оқ ату | 6 | - | 6 |
5. | Нысаналар тобы бойынша тапаншадан оқ ату | 4 | - | 4 |
6. | Қозғалыс кезінде тапаншадан оқ ату | 6 | - | 6 |
7. | Қозғалатын нысана бойынша тапаншадан оқ ату | 4 | - | 4 |
8. | Автомобильден оқ ату | 2 | - | 2 |
9. | Топтастыру жаттығуын орындау | 4 | - | 4 |
| Барлығы | 34 | 2 | 32 |
6. Арнаулы дене шынықтыру даярлығы |
1. | Білек күшін қолдану. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің негіздері | 2 | - | 2 |
2. | Құлау, тоңқалаң асу және аударылу техникасы | 2 | - | 2 |
3. | Қолмен соққы беру техникасы | 2 | - | 2 |
4. | Қолмен соққы беруден қорғану | 4 | - | 4 |
5. | Аяқпен соққы беру техникасы | 2 | - | 2 |
6. | Аяқпен соққы беруден қорғану | 2 | - | 2 |
7. | Лақтырулар | 4 | - | 4 |
8. | Ауыртатын тәсілдер | 4 | - | 4 |
9. | Қапсырып-құшақтап ұстаулардан босау | 2 | - | 2 |
10. | Қарусыздандыру тәсілдері | 4 | - | 4 |
11. | Күрделі жағдайларда қоян-қолтық ұрыс жүргізу тактикасы | 4 | - | 4 |
12. | Сынақтар тапсырумен бақылау сабақтары | 2 | - | 2 |
| Барлығы | 34 | - | 34 |
7. Медициналық даярлық |
1. | Жарақаттанулар, буынның шығуы, бас сүйек-ми жарақаттары, сынулар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек | 1 | - | 1 |
2. | Қан кету, оның түрлері мен белгілері. Жараны таңу | 1 | 1 | - |
3. | Атыс қаруынан жаралану және басқа да ауыр дене жарақаттарын алған кезде алғашқы медициналық көмек | 1 | 1 | - |
4. | Адамның өмірі мен өлімінің белгілері | 1 | 1 | - |
| Барлығы | 4 | 3 | 1 |
8. Кәсіби-қолданбалы тренингтер |
1. | Жеке тұлғаны зерделеу әдістері. Аномалдық жеке тұлғаларды анықтау әдістемесі. Олармен психологиялық байланыс орнату | 3 | - | 3 |
2. | Терроризмнің психологиялық аспектілері | 3 | 2 | 1 |
3. | Күзетшінің қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлқы | 3 | - | 3 |
4. | Әр түрлі жағдайларға психикалық қасиеттерін - санасын, зейінін, байқағыштығын, психикалық реакциясының шапшаңдығын, креативтігін (шығармашылық жол) жетілдіру жөніндегі әлеуметтік-психологиялық қатынас тренингі (практикалық сабақ) | 3 | - | 3 |
| Барлығы | 12 | 2 | 10 |
Күзетшілердің біліктілігін арттыру жыл сайын лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілі болған жағдайда және бір жылдан артық өтілі үзілген жағдайда жұмысқа қайта қабылдаған кезде жүргізіледі. Бұл ретте біліктілікті арттырудың ұзақтығы ішкі және сыртқы посттарда қызмет өткеретін күзетшілер үшін - 36 оқу сағатын, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер үшін - 72 оқу сағатын құрайды. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелерінің басшылары лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілі болған жағдайда екі жылда бір рет ұзақтығы 19 оқу сағат біліктілігін арттырудан өтеді.
Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілердің біліктілігін арттыру арнайы курсының бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
құқықтық даярлық - 8 сағат;
қызметтік даярлық - 14 сағат;
криминалистика - 4 сағат;
атыс даярлығы - 6 сағат;
медициналық даярлық - 2 сағат;
терроризмге қарсы даярлық - 2 сағат.
Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілердің біліктілігін арттырудың оқу жоспары
Р/с № | Бөлімнің атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
дәрістер | практикалық сабақтар |
1. | Құқықтық даярлық | 8 | 8 | - |
2. | Қызметтік даярлық | 14 | 6 | 8 |
3. | Криминалистика | 4 | - | 4 |
4. | Атыс даярлығы | 6 | - | 6 |
5. | Медициналық даярлық | 2 | - | 2 |
6. | Терроризмге қарсы даярлық | 2 | - | 2 |
| Жиыны | 36 | 14 | 22 |
Р/с № | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
дәрістер | практикалық сабақтар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Құқықтық даярлық |
1. | Күзет қызметінің құқықтық негіздері | 2 | 2 | - |
2. | Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Жеке тұлғаға, меншікке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар | 2 | 2 | - |
3. | Қылмыстық құқық бойынша әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жайлар. Күзет қызметкерлерінің дене күшін, арнайы құралдар мен қару қолдануының құқықтық негіздері | 2 | 2 | - |
4. | Еңбек заңнамасының негіздері | 2 | 2 | - |
| Барлығы | 8 | 8 | - |
2. Қызметтік даярлық |
1. | Күзет қызметін жүзеге асыру кезіндегі күзетшілердің құқықтары. Күзетшілерге қойылатын талаптар | 2 | 2 | - |
2. | Күзетілетін объектілердегі күзет-режимдік іс-шаралардың мазмұны. Өткізу режимі. Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл | 2 | 2 | - |
3. | Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Күзет қызметкерінің қысылтаяң жағдайлардағы іс-әрекет тактикасы | 2 | 2 | - |
4. | Есту және көруді дамыту, адамдармен психологиялық байланыс орнату және жеке адамның психодиагностикасы, өзін-өзі психологиялық дайындау және қысылтаяң жағдайлардан шығу жөніндегі психотренингтер | 8 | - | 8 |
| Барлығы | 14 | 6 | 8 |
3. Криминалистика |
1. | Оқиға болған жерді тексеру. Қылмыстың іздерін сақтау. Адамды сыртқы белгілері бойынша ажырату | 2 | - | 2 |
2. | Жалған құжаттардың белгілері және оларды анықтау тәсілдері | 2 | - | 2 |
| Барлығы | 4 | - | 4 |
4. Атыс даярлығы |
1. | Қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Ататын қарудың материалдық бөлігі | 2 | - | 2 |
2. | Ататын қарудан қозғалмайтын, пайда болатын және қозғалатын нысана бойынша оқ ату | 4 | - | 4 |
| Барлығы | 6 | - | 6 |
5. Медициналық даярлық |
1. | Күзетшілерді жеке медициналық қамтамасыз ету құралдары және оларды пайдалану ережелері. Таңғыш қалақ, бұраулар және таңғыштар тарту техникасы | 1 | - | 1 |
2. | Қан кеткенде, кеуде және іш жарақаттанғанда, соғылғанда, шыққанда, сынғанда, күйгенде, үсіп қалғанда, электр-зақымдарда, естен танған жағдайда, жылу және күн өткен кездегі алғашқы медициналық көмек | 1 | - | 1 |
| Барлығы | 2 | - | 2 |
6. Терроризмге қарсы даярлық |
1. | Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаты | 1 | - | 1 |
2. | Жарылу қаупі бар заттардың болуына аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды тексеру тәртібі | 1 | - | 1 |
| Барлығы | 2 | - | 2 |