|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 және 2007 жылғы 9 қаңтардағы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлғалар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысында: Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінде: «Жүргізушілердің жалпы міндеттері» деген 2-бөлімде: 2.1.1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №1, 9-құжат): 2-тармақ алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |