|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1645 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті, Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдар. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдары мен банктерде шоттары болады. 4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан әрекет етуге құқығы бар. 6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымын, штат санын Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді. 8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс. 9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
13. Мыналар Министрліктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері болып табылады: 1) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; 2) заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 3) халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. 14. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу; 4) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындау; 5) өзінің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, гигиеналық нормативтерді, нормативтік құжаттарды және денсаулық сақтау саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын әзірлеу және бекіту; 6) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; 7) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру; 8) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру; 9) денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық қадағалауды қамтамасыз ету; 10) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; 11) ведомстволық медициналық ақпараттық жүйелердің техникалық параметрлерін, сондай-ақ ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын ұстауды келісу; 12) медицина және фармацевтика ғылымын дамытуды және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіруді қамтамасыз ету; 13) медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша даярлауға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру; 14) денсаулық сақтау саласында медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру; 15) профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың, сондай-ақ оларды бақылау бойынша жаңа әдістерді енгізу; 16) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын тағайындауға келісу; 17) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу; 18) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде медициналық және фармацевтикалық білім беру және ғылыми ұйымдардың қызметіне басшылықты, басшыларды және олардың орынбасарларын қызметке тағайындау мен қызметтен босатуды жүзеге асыру; 19) салааралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 20) дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру; 21) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; 22) әкімшілендірілетін бюджеттік бағдарламалар бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсету бойынша қызметтерді сатып алу; 23) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру; 24) денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық бағдарламаларды іске асыру; 25) өз құзыреті шегінде электрондық қызметтер көрсету; 26) жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау; 27) денсаулықты сақтау мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру; 28) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін айқындау; 29) төтенше жағдайлар кезінде аурулардың алдын алу және халықты емдеу бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың дайындығын қамтамасыз ету; 30) әкімшілендірілетін бюджеттік бағдарламалар бойынша ТМККК бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеу; 31) медициналық көмекті ұйымдастыру; 32) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), қанды және оның құрамдауыштарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру мәселелері жөнінде коммисия құру; 33) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Кодекс) көзделген жағдайларда адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелуге және әкетуге, сондай-ақ қанды және оның құрамдауыштарын әкелуге, әкетуге рұқсат беру; 34) іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыру, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми сүйемелдеуді үйлестіру, медицина ғылымының тұжырымдамасын әзірлеу; 35) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми бағдарламалардың ғылыми-медициналық сараптамасын жүзеге асыру; 36) фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерді, сондай-ақ медициналық технологияларды клиникалық зерттеулерді жүргізуге рұқсаттар беру; 37) консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын құру; 38) Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның құрамын бекіту; 39) интернатураның, резидентураның клиникалық мамандықтарының тізбесін бекіту; 40) "қатер" тобының балаларын ерте анықтау мәселелері бойынша жалпы практика дәрігерлерін, педиатрларды және орта медицина қызметкерлерін даярлауды білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп қамтамасыз ету; 41) босандыру мекемелерінде, балалар емханаларында, алғашқы медициналық-санитариялық көмек мекемелерінде "қатер" тобының балаларын барынша ерте анықтау және анықталған "қатер" тобының және мүмкіндіктері шектелген балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу үшін скрининг ұйымдастырудың тәртібін айқындау; 42) дене және (немесе) психикалық кемістіктері бар балалардың әртүрлі ауруларының түрлерін диагностикалауды, емдеуді ұйымдастыру тәртібін айқындау; 43) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттаманы бекіту; 44) халықаралық және шетелдік фармакопеялардың стандарттарын, фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және шетел мемлекеттерінің дәрілік заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдарына және медициналық техникасына арналған стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарды тану; 45) шектеу іс-шараларын, оның ішінде халықтың шаруашылық және (немесе) өзге де қызметінің және өмірінің ерекше жағдайларымен карантинді енгізу; 46) қатерді бағалауды жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындау және қатерді бағалауды жүргізу тәртібін белгілеу; 47) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және халықты әлеуметтік қорғау және білім саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекіту; 48) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету; 49) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; 50) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина және фармацевтика ғылымы және медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 51) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру; 52) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; 53) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын әзірлеу және бекіту; 54) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу мен келісу тәртібін бекіту; 55) салауатты өмір салтын қалыптастыруды үйлестіру және әдістемелік басшылық; 56) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру және шығындарды жоспарлау әдістемесін айқындау; 57) медициналық және фармацевтикалық қызметті, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялау; 58) медициналық қызметтерді, профилактика, диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістері мен құралдарын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауға рұқсат беру; 59) Кодекске сәйкес денсаулық сақтау саласындағы аккредиттелген субъектілер мен тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастыру; 60) денсаулық сақтау субъектісінің қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 61) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру; 62) денсаулық сақтау саласында сараптамалар жүргізуді бақылау; 63) денсаулық сақтау саласындағы заңнама бұзылған және (немесе) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе лауазымды адамдар берген ұйғарымдарды, қаулыларды орындамаған жағдайда немесе тиісінше орындамаған жағдайда сотқа жүгіну; 64) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөніндегі стандарттардың және лицензиялау стандарттарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 65) медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау; 66) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізуді ұйымдастыру; 67) Кодекске сәйкес денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін тәуелсіз сараптауды жүргізу үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу; 68) денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын (медициналық білімі бар) кәсіби құзыреттілікке аттестаттауды өткізу; 69) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу; 70) денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру; 71) шығындарды өтеу кезінде медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау; 72) көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына азаматтардың қанағаттану дәрежесін айқындау; 73) диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдануға рұқсаттар беру; 74) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді келісу; 75) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу құжатына өзгерістер енгізу, оларды мемлекеттік тіркеу туралы шешімді қайтарып алу, Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімін жүргізу; 76) медициналық қызметтердің, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерінің жарнамасын бақылау; 77) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттарды ұтымды тағайындауды, сондай-ақ медициналық техниканы тиімді пайдалануды бақылау; 78) Кодекске сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануға, сатуға немесе шығаруға тыйым салуды немесе тоқтата тұруды белгілеу, сондай-ақ, оларды айналыстан алып тастау туралы шешім қабылдау; 79) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (санитариялық-карантиндік пункттерде) санитариялық-карантиндік бақылау; 80) жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру; 81) халықты профилактикалық егулердің ұйымдастырылуына және жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру; 82) тағамнан улану, жұқпалы және басқа да аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын өз құзыреті шегінде ұйымдастыру және жүзеге асыру; 83) жобалардың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу; 84) өз құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысу; 85) аурулардан бос немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды немесе оның бөліктерін айқындау; 86) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру; 87) құзыреті шегінде өнімге, тауарларға, үдерістерге, қызметтер мен жобалау нормаларына арналған мемлекеттік және халықаралық стандарттардың жобаларын келісу; 88) адамның денсаулығына зиянды әсер ететін балалар тағамы өнімдерін, тамаққа қосылатын тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу; 89) халықтың жұқпалы және паразиттік, кәсіби аурулары мен улануын мемлекеттік есепке алу және есептілікті жүргізу, сондай-ақ олар бойынша тексеру жүргізу; 90) рентгендік жабдықтың, радиоактивтік заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтың импортын келісу; 91) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын және оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретін объектінің, көлік құралының гигиеналық нормативтер мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін растайтын санитариялық паспорт беру; 92) егер басқа елдердің санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралары Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз етсе, бұл шараларды барабар деп тану; 93) Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы заңнамасы талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; 94) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттер құру; 95) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салтын қалыптастыруды және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру; 96) жұқпалы және паразиттік аурулардың көзі болып табылатын, сондай-ақ міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтпеген халықтың декреттелген тобына жататын адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығару; 97) жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуының әлеуетті көзі болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен байланыста болған адамдарды зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін жұмыстан шеттете отырып, оларды медициналық тексеруге жіберу; 98) жұқпалы және паразиттік аурулардың көзі болып табылатын адамдарды көрсетімдері бойынша ауруханаға жатқызуға жіберу; 99) халыққа міндетті вакцинация, ғимараттарда және көлік құралдарында, аумақтарда, жұқпалы және паразиттік аурулардың ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді талап ету; 100) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді бұзу жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектілерді пайдалануды тоқтата тұру; 101) шикізаттың, өнімдердің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтың, тетіктердің, үдерістердің, құрал-саймандардың жаңа түрлері адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылса, оларды өндіруге, пайдалануға және сатуға тыйым салу; 102) адамның денсаулығына зиянды әсер ететін балалар тағамы өнімдерін, тамаққа қосылатын тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін пайдалануға тыйым салу немесе тоқтата тұру; 103) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талаптар қою; 104) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау; 105) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың лауазымды адамдарын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыру; 106) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді білуіне халықтың декреттелген тобына аттестация жүргізу; 107) сараптама объектісінің қоршаған ортаға және халық денсаулығына әсер етуін бағалауды зерделеу үшін қажетті материалдарды сұрату, сондай-ақ оны жүргізу үшін жеткілікті және қажетті көлемдерден аспайтын мөлшерлерде осы өнім құнын өтемей, өнім үлгілерінің сынамаларын алу және оларды іріктеуді жүргізу, 108) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында радиациялық бақылауды жүзеге асыру; 109) санитариялық-қорғау аймақтарын орнату және олардың мөлшерлерін өзгерту; 110) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметке, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулерге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру; 111) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салу; 112) дезинфекция, дезинсекция, дератизация заттарын және тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың енгізілуін және практикада қолданылуын бақылау; 113) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылау; 114) Кодекске сәйкес медициналық қызметтердің сапасына сыртқы сараптаманы жүргізу; 115) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 116) денсаулық сақтау саласындағы салалық көтермелеу жүйесі мен құрметті атақтар беру тәртібін әзірлеу және бекіту; 117) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу; 118) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану; 119) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыретін және қызмет тәртібін айқындау; 120) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен тыйым салу; 121) жекелеген объектілерде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілеу; 122) мүмкіндігі шектеулі балаларды диагностикалау және емдеу бойынша халықаралық тәжірибені пайдалануға жәрдем көрсету; 123) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; 124) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында бағдарламалар әзірлеу; 125) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдау; 126) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды іске асыру бойынша салааралық үйлестіруді, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |