|
|
|
Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың және жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешудің кейбір мәселелері туралы (2010.13.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 қарашадағы № 996 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 466-құжат): 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қоғам қызметінің мәні мыналар болып анықталсын: 1) екінші деңгейдегі банктердің сыныпталған активтерін, олар бойынша кепілдікті қамтамасыз етуді сатып алу және активтерді басқару; 2) қаражатты екінші деңгейдегі банктерге негізделген орналастыру және өзге қаржы ұйымдарына кредит беру.»; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында: «Қаржы секторын тұрақтандыру» деген бөлімде: он тоғызыншы абзацта «122 млрд. теңгеге» деген сөздер «70 млрд. теңгеге» деген сөздермен ауыстырылсын; «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген бөлімде: 4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы жылжымайтын мүлік объектілерін екінші деңгейдегі банктерден сатып алатын болады, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтау үшін екінші деңгейдегі банктерде қаражатты негізделген орналастыруды жүргізеді.»; «Шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын қолдау» деген бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Бесіншіден, «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы қаражатының бір бөлігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Екінші деңгейдегі банктер мен лизингілік компаниялар арқылы өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингілік мәмілелерін қаржыландыру туралы келісімнің негізінде банктер мен лизингілік компаниялар арқылы қаржылық лизингке жабдықтар сатып алу үшін шағын және орта бизнес субъектілеріне кейіннен кредит беру мақсатында қаржы ұйымдарына кредит беруге бағытталатын болады.»; «Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген бөлім мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «Сондай-ақ «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы экономиканың нақты секторын қолдау мақсатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының қаражатын екінші деңгейдегі банктерге орналастыру туралы бас келісімнің және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы арасындағы Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларға кейіннен кредит беру үшін «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына ұзақ мерзімді жеңілдікті кредит беруі туралы келісімнің негізінде өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін қаражатты екінші деңгейдегі банктерге негізделген орналастыруды және өзге қаржы ұйымдарына кредит беруді жүргізеді.»; бесінші абзацта «122 млрд. теңге» деген сөздер «70 млрд. теңге» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «Қаржы секторын тұрақтандыру» деген ІІ бөлімде: «Стресті активтер қорының банктердің күмәнді активтерін сатып алуы және оларды кейіннен басқаруы» деген 3-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «
»; «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген III бөлімде: «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі жаңа тетіктерді іске асыру» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы арқылы құрылысты аяқтауды қаржыландыру. «Global building contract» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласындағы «Сайран» мега ауданының, «Үш төбе» тұрғын үй кешенінің және Астана қаласындағы «Гранд Алатау» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауы «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының 20 млрд. теңге сомасындағы мерзімді банктік салымын «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамына орналастыру арқылы оған мынадай шарттарда кредит беру жолымен жүзеге асырылатын болады: 1) орналастыру - бір жолғы, бір траншпен; 2) салым мерзімі - 20 (жиырма) жыл; 3) салым бойынша сыйақы ставкасы - жылдық 1 % (бір пайыз); 4) негізгі борыш бойынша жеңілдік кезеңі - 10 жыл; негізгі борышты төлеу - жеңілдікті кезең өткеннен кейін бірдей жылдық төлемдермен; 5) сыйақы бойынша жеңілдікті кезең - құрылыс кезеңіне; сыйақы төлеу - жеңілдікті кезең өткеннен кейін бірдей жарты жылдық төлемдермен. Алматы қаласында «Тау Самал» тұрғын үй кешенінің бірінші кезегін салуды қаржыландыру «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы арқылы былайша жүзеге асырылатын болады «БТА Банкі» акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы «Тау Самал» тұрғын үй кешені бірінші кезегі түріндегі кепілзат мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алынады және Алматы қаласындағы «Тау Самал» тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің құрылысын 10 млрд. теңге сомасына аяқтауды қамтамасыз ететін «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамына беріледі.»; «Шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын қолдау» деген IV бөлімде: реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы қаражатының 2 млрд. теңге сомасындағы бір бөлігі банктер мен лизингілік компаниялар арқылы қаржылық лизингке жабдық сатып алуға кейіннен кредит беру мақсатында қаржы ұйымдарына кредит беруге бағытталатын болады.»; «Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген VI бөлімде: «Тетіктері» мынадай редакцияда жазылсын: «Тетіктері: жобаларды іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: 1) энергетикалық жобалар; 2) халықтың жұмыспен қамтылуын қолдауға арналған инфрақұрылымдық жобалар; 3) өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру. Осы бағыттар бойынша жобаларды іске асыру экономика үшін энергетикалық тапшылық проблемаларын шешеді және дағдарыс жағдайларында еңбек нарығын тұрақтандырады әрі экономиканың нақты секторын қолдауды қамтамасыз етеді. Экономикалық жағынан ақталатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша операторлар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның еншілес ұйымдары болады. Экономикалық жағынан ақталатын жобаларды қаржыландыру қарыз қаражатын және/немесе капиталдандыру түрінде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат және/немесе бюджеттік кредиттер есебінен жүзеге асырылатын болады. Осы бағыттың шеңберінде Ұлттық қордан капиталдандыруға бөлінген қаражаттың 120 млрд. теңгесін жіберу ұйғарылып отыр, сондай-ақ «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының 40 млрд. теңге мөлшеріндегі қаражаты пайдаланылатын болады. Жобаларды іріктеу мен қаражатты бөлуді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның басқару органдары жүзеге асыратын болады. Экономикалық жағынан ақталмайтын, бірақ әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобалар бойынша операторлар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері болады. Экономикалық жағынан ақталмайтын жобаларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.». 2. Қоса беріліп отырған жобалар мақұлдансын: 1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлік субъектілерге кейіннен кредит беру үшін «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының қаражатын екінші деңгейдегі банктерге орналастыру туралы бас келісім (бұдан әрі - Бас келісім); 2) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Екінші деңгейдегі банктер мен лизингілік компаниялар арқылы өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингілік мәмілелерін қаржыландыру туралы келісім (бұдан әрі - Лизинг жөніндегі келісім); 3) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы арасындағы Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларға кейіннен кредит беру үшін «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына ұзақ мерзімді жеңілдікті кредит беруі туралы келісім (бұдан әрі - ҚДБ жөніндегі келісім). 3. Қоса беріліп отырған екінші деңгейдегі банктердің тізбесі және «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы екінші деңгейдегі банктермен Бас келісімнің ережелерінен туындайтын негізделген салымдарды орналастыру туралы шарттар жасасу үшін ақшалай қаражатты орналастыру лимиттері бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 9 қазандағы № 1553 қаулысымен бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің тізбесі және «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы екінші деңгейдегі банктермен Бас келісімнің ережелерінен туындайтын негізделген салымдарды орналастыру туралы шарттар жасасу үшін ақшалай қаражатты орналастыру лимиттері
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |