Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау және оны еңсеру
бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 274-ө Өкімі
(2007.15.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептеріне талдау жүргізу және оны еңсеру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу мақсатында:
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 224 (бұр.ред.қара); 2007.15.10. № 948 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшінің орынбасары |
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi |
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы |
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы |
Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Бішімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Ақшолақов Болат Оралұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Үртембаев Асқар Қалмұхаметұлы | - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры, Заң департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Сәбден Оразалы Сәбденұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетi «Экономика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныныңдиректоры |
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi |
Мырзабеков Жанат Ғайноллаұлы | - «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы Стратегиялық талдау департаментінің директоры (келісім бойынша); |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi |
ҚР Үкіметінің 2007.15.10. № 948 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жұмыс тобы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың онына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау жөніндегі есепті және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.
ҚР Үкіметінің 2007.15.10. № 948 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке жүктелсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |