Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының)
Осы редакция 2009 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 285 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру ережесі
1. Осы Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру ережесі «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары және ветеринарлық инспекторлар жүзеге асырады. 3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады. 4. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), айналымы және кәдеге жарату процестеріндегі (сатыларындағы) сәйкестікті, тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырады. 5. Ветеринарлық инспекторлар тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы процестеріндегі (сатыларындағы) ветеринарлық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, ветеринарлық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады. 6. Ветеринарлық инспекторлар «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың ветеринарлық ілеспе құжаттарына сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, ветеринарлық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін және ветеринарлық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерін (сатыларын) ветеринарлық-санитарлық тексерулер жолымен тексеру түріндегі бақылауды жүзеге асырады. 7. Тамақ өнімдерінің оларды әзірлеу (жасау) процестеріндегі (сатыларындағы) сәйкестігін және тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары ветеринарлық инспекторлар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тамақ өнімдерінің және нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларына және тәжірибе үлгілеріне санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу жолымен жүзеге асырады. 8. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасын белгіленген бұзушылықтарға байланысты және бақылау нәтижелері бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында заңнамаға сәйкес мынадай актілер: 1) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғалары: санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісін; -Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық туралы хаттама; -алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар жүргізу туралы мемлекеттік бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларын; -адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту, жұмыстан уақытша шеттету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған жағдайларда шаруашылық қызметті тоқтата тұру, олар адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылған жағдайда халықтың пайдалануына және қолдануына, сондай-ақ шаруашылық қызметке арналған өнімдерді әкелуге, өндіруге, пайдалануға және сатуға тыйым салу, шикізаттың жаңа түрлерін, өнімдерді, технологиялық жабдықтарды, процестерді, аспаптарды өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу туралы қаулылар; Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою және санитарлық-індетке қарсы іс-шаралар жүргізу туралы ұйғарымдар; 2) ветеринарлық инспекторлар: Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы; мемлекеттік ветеринарлық қадағалау объектілеріне ветеринарлық-санитарлық сараптама және диагностика жүргізу туралы; жануарлар мен адам үшін ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қаупі төнген жағдайларда көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, сот шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін қолданылады; ветеринарлық нормативтерді бірнеше рет бұзған ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасының ветеринарлық мамандарын қайта аттестаттау туралы; жануарлардың саулығына және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты, ветеринарлық препараттарды, азық және азық қоспаларын залалсыздандыру (зарарсыздандыру), қайта өңдеу туралы ұйғарымдар; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жаза қолдану немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы; жануарлардың саулығына және адам өміріне аса қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады. 9. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының және ветеринарлық инспекторлардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
|