Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2039 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 529 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде:
бүкіл мәтін бойынша «Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздер «Білім және ғылым» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 желтоқсандағ
№ 2039 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 25 қаңтардағы
№ 90 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын
жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі
ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің
құрамы
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға |
Жақыпов Айдар Бексұлтанұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Құтыбаев Бақыт Өмірзақұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы, хатшы |
Оңғарбаев Еркін Әнуәрұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы |
Бекнияз Болат Қабыкенұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық саясат және орнықты даму департаментінің директоры |
Омаров Жандар Даниярбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылым департаментінің директоры |
Садықов Барлыбай Кәрімұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры |
Хамзина Нұргүл Қалиқызы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры |
Қарбаев Теміржан Бақытұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің ғылыми жұмыс басқармасы ғылыми жұмысты талдау бөлімінің аға офицері |
Әлімғазинова Баян Шұрымбайқызы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының президенті |
Аббас Бауыржан Аббасұлы | - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары |
Раманқүлов Ерлан Мірхайдарұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Саданов Амангелді Құрбанұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Биологиялық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |