|
|
|
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы (2011.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 Қаулысымен күші жойылды
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) жарғысы бекітілсін. 2. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма төрағасы қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жарғысына қол қойсын, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Жарғысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 2095 қаулысымен бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) «Қазына» орнықты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі және тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес құрылды. Қоғам «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдарының құқықтары мен міндеттерінің заңды мирасқоры болып табылады. мемлекеттік тілде - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы; қысқартылған атауы - «Самұрық-Қазына» АҚ; орыс тілінде - акционерное общество «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына»; қысқартылған атауы - АО «Самрұқ-Қазына»; ағылшын тілінде - Jоіnі-stock company Sovereign« Wealth Fund «Samruk-Kazyna»; қысқартылған атауы - JSC «Samruk Kazyna». 3. Қоғамның (оның басқармасының) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 23 4. Қоғамның қызмет мерзімі - шектелмеген. ҚР Үкіметінің 2011.02.03. № 209 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қоғамның құрылтайшысы болып табылады. Қоғамның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Қоғамды басқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасы басқаратын, консультативтік-кеңесші орган болып табылатын, Қоғамды басқару жөніндегі кеңес құрылады. 6. Осы Жарғы Қоғамның құрылтай құжаты болып табылады. Барлық мүдделі тұлғалар Жарғымен танысуға құқылы.
7. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Жарғыға (бұдан әрі - Жарғы) сәйкес жүзеге асырады және ұлттық басқарушы холдинг мәртебесіне ие болады. 8. Қоғам әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды тұлға мәртебесіне ие болды. 9. Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады. Қоғамның қызметін қаржыландыру жарғылық капитал қаражаты, акцияларының пакеттері Қоғам меншігіндегі ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар, өзге де акционерлік қоғамдардың дивидендтері есебінен қалыптасатын кірістер, қатысу үлестері Қоғам меншігіндегі шаруашылық жүргізуші серіктестіктердің және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады. 10. Қоғамның дербес теңгерімі, банктік шоттары, толық фирмалық атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілген мөрі болады. 11. Қоғамның үлгілерін, Қоғамның басқармасы бекітетін және белгіленген тәртіппен тіркелетін өзінің тауарлық белгісі мен өзге рәмізі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес тілдерде мөртаңбалары, фирмалық бланкілері мен басқа да деректемелері болады.
3. Қоғам қызметінің негізгі мақсаттары, міндеттері мен мәні
12. Қоғам қызметінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: 1) ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 2) экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу; 3) ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Қоғамға тиесілі басқа да заңды тұлғалар (бұдан әрі - Компаниялар) қызметінің тиімділігін арттыру. 13. Қордың міндеттері мыналар болып табылады: 1) қазақстандық экономиканы әртараптандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 2) ұлттық, салааралық және өңірлік ауқымдағы инвестициялық стратегиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру; 3) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу; 4) мемлекеттік және жекеше мүдделерді шоғырландыру арқылы кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ тиісті өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыру есебінен халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға жәрдемдесу әрі өңірлердегі іскерлік және инвестициялық белсенділікті өсіруге жәрдемдесу; 5) бәсекеге қабілетті қазақстандық тауар өндірушілерді құруға және дамытуға жәрдемдесу; 6) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау арқылы қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 7) Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін оларды корпоративтік басқаруды жетілдіру арқылы арттыру. 14. Қоғам қызметінің мәні мыналар болып табылады: 1) Компаниялардың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету; 2) ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, оның ішінде өңірлердегі инвестициялық қызмет; 3) оларды тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін Компанияларға корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу; 4) Компаниялар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру, оның ішінде олардың қаржы нәтижелерін барынша көбейту; 5) Қоғамның негізгі мақсаттарына сәйкес келетін өзге де қызмет.
4. Қоғамның құқықтары мен міндеттері
15. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтарға ие және міндеттерге жауапты болады. 16. Қоғам жалғыз акционердің мүлкінен оқшауланған мүлікке ие және оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз мүлкі шегінде өз міндеттемелері бойынша жауап береді. 17. Жалғыз акционер Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде Қоғам қызметіне байланысты шығындар тәуекелінде болады. 18. Қоғам мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 19. Қоғам өз атынан шарттар және басқа мәмілелер жасап, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелерді сатып алуы, сотта талапкер немесе жауапкер болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруы мүмкін. 20. Қоғам зияткерлік меншік құқығының объектілерін және басқа ақпаратты иелену және пайдалану құқығын сатып алуы және беруі мүмкін. 21. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында олардың шығарылуы, орналастырылуы, айналымы және өтеу шарттары мен тәртібі белгіленген бағалы қағаздарды шығара алады. 22. Қоғам Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде өз филиалдары мен өкілдіктерін аша, оларға меншікті мүлік есебінен негізгі және айналым қаражатын үлестіріп бере және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызмет тәртібін анықтай алады. Филиалдың немесе өкілдіктің мүлкі олардың жеке теңгерімінде және толығымен Қоғамның теңгерімінде деп есептеледі. Филиалдар немесе өкілдіктердің қызметін басшылыққа алуды Қоғам Басқармасы мақұлдағаннан соң Қоғам Басқармасының төрағасы тағайындайтын тұлға жүзеге асырады. Филиалдар мен өкілдіктердің басшылары Қоғам берген сенімхат негізінде әрекет етеді. 23. Қоғам қызметкерлерге еңбекақы төлеуге, материалдық-техникалық жабдықтауға, әлеуметтік дамытуға, кадрларды іріктеуге, орналастыруға және қайта даярлауға байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес шешеді. 24. Қоғам белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан банктерде және басқа да қаржы мекемелерінде ұлттық, сол сияқты шетел валютасында шоттар ашуға құқылы. 25. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақстандық, сол сияқты шетелдік заңды және жеке тұлғалардан теңгемен және шетел валютасында қарыздар алуға және кредиттерді пайдалануға құқығы бар. 26. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру, ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету мақсатында Қоғам мынадай ерекше өкілеттіктерге ие болады: 1) меншік иелері иеліктен шығаратын стратегиялық объектілерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша сатып алу басым құқығына; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акциялар пакеттері (қатысу үлестері) стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдар немесе республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдар банкрот болған кезде конкурстық массаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша сатып алу басым құқығына; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен банктердің акцияларын сатып алу құқығына. 27. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет атынан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қоғамның жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, сондай-ақ, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және(немесе) оларға әсер етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен айырылған құқығын (оның бір бөлігін) және(немесе) қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алуға басым құқығы бар. 28. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа құқықтарға ие болуы және басқа да міндеттерге жауап беруі мүмкін.
5. Қоғамның акциялары және басқа бағалы қағаздары
29. Қоғам акциялар, облигациялар, айырбасталатын және басқа да бағалы, оның ішінде одан туынды қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Қоғамның бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналымы мен өтеу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен айқындалады. 30. Қоғам тек жай акцияларды ғана шығарады. Жай акция «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалғыз акционерге оның қарауына енгізілетін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құқығын береді. Жай акция да жалғыз акционерге Қоғамның таза табысы болған жағдайда дивидендтер алуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғам таратылған кезде оның мүлкін алуға құқық береді. 31. Қоғам акцияларын шығару құжаттамалық емес нысанда жүзеге асырылады. 32. Жарияланған акциялар санының шегінде акцияларды орналастыру (өткізу), оның ішінде олардың саны, әдісі мен оларды орналастыру (өткізу) бағасы туралы шешімді Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдайды. Қоғам өз акцияларын олардың шығарылуы мемлекеттік тіркелгеннен кейін орналастырады. 33. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, орналастырылатын акцияларға ақы төлеуге ақша, мүліктік құқықтар (соның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар) және өзге де мүлік енгізілуі мүмкін. Ақшадан баска өзге де мүлікпен төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде әрекет ететін бағалаушы айқындайтын баға бойынша жүзеге асырылады. 34. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесін қалыптастыруды жүргізуді және сақтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қоғамның аффилиирленген тұлғасы және оның аффилиирленген тұлғалары болмауы тиіс Қоғамның тәуелсіз тіркеушісі жүзеге асырады.
35. Қоғамның оған тиесілі акциялар бойынша төлейтін жалғыз акционердің кірісі дивиденд болып табылады. Дивидендтерді төлеу ақшамен (ұлттық валютада) жүргізіледі. 36. Жылдың қорытындылары жөнінде жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді жалғыз акционер қабылдайды. Жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған кезде жалғыз акционер белгілеген мерзімде төленеді. 37. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде бұл шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс. Дивидендтер төлеу туралы шешімде мынадай ақпарат болуы тиіс: 1) Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және өзге де деректемелері; 2) дивидендтер төленетін кезең; 3) бір жай акцияға есептегендегі дивидендтің мөлшері; 4) дивидендтерді төлеу басталатын күн; 5) дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны. 38. Жалғыз акционер Қоғам берешегінің пайда болған мерзіміне қарамастан алынбаған дивидендтерді төлеуді талап етуге құқылы. Дивидендтерді төлеу үшін белгіленген мерзімде олар төленбеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай міндеттеме немесе оның тиісті бөлігі орындалған күніндегі қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ескере отырып есептелетін дивидендтер мен өсімақының негізгі сомасы жалғыз акционерге төленеді. 39. Дивидендтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қоғам төлейді. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер есептеуге жол берілмейді: 1) меншікті капиталының теріс мөлшері болған жағдайда немесе егер қоғамның меншікті капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде теріс болса; 2) егер Қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздік белгілеріне жауап берсе не көрсетілген белгілер Қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесінде пайда болса. 40. Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда көзделген өз өкілеттіктері шегінде шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішінде оларды бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялап, жылдың қорытындылары бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
41. Қоғамның органдары мыналар болып табылады: 1) жоғары орган - жалғыз акционер; 2) басқару органы - директорлар кеңесі; 3) атқарушы орган - басқарма; 4) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, Қоғамның қызметін жетілдіру мақсатында ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару саласында бағалауды, корпоративтік басқару және консультация беру саласында құжаттарды орындауды жүзеге асыратын орган - Ішкі аудит қызметі.
42. Қазақстан Республикасының заңдарымен және/немесе Қоғам Жарғысымен жалғыз акционердің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды. 43. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның құзыретіне жатқызылған мәселелерді жалғыз акционердің қарауына шығаруға жалғыз акционер және директорлар кеңесі бастамашылық етеді, ал ерікті түрде тарату үдерісінде Қоғамның тарату комиссиясы да бастамашылық ете алады. Қазақстан Республикасының заңдарында жалғыз акционердің қарауына мәселелерді міндетті енгізу жағдайлары көзделуі мүмкін. 44. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жалғыз акционердің қарауына мәселелерді енгізу бойынша шығыстарға Қоғам жауапты болады. 45. Жалғыз акционердің қарауына енгізілетін мәселелер жөніндегі материалдарда осы мәселелер бойынша негізді шешімдер қабылдау үшін қажетті көлемдегі ақпарат қамтылуы тиіс. 46. Қоғам органдарын сайлау мәселелері жөніндегі материалдарда ұсынылып отырған кандидаттар туралы мынадай ақпарат болуға тиіс: 1) аты-жөні, сондай-ақ тілегі бойынша әкесінің аты; 2) білімі туралы мәліметтер; 3) Қоғамға қатысты аффилиирленгендігі туралы мәліметтер; 4) соңғы үш жылдағы жұмыс орындары мен атқарған лауазымдары туралы мәліметтер; 5) кандидаттардың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де ақпарат. 47. Жалғыз акционердің қарауына директорлар кеңесін сайлау (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау) туралы мәселе енгізілген жағдайда материалдарда директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылып отырған кандидат жалғыз акционердің өкілі болып табылатындығы және (немесе) ол Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымына кандидат болып табылатыны-табылмайтындығы көрсетілуге тиіс. 48. Басқарма жалғыз акционердің шешімдерінің көшірмелерін сақтауды қамтамасыз етуге тиіс. 49. Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер жатады: 1) Қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту; 2) Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін бекіту; 3) Қоғамның даму стратегиясын бекіту; 4) Қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату; 5) Қоғамның жарияланған акциялар санын ұлғайту немесе Қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларын өзгерту туралы шешім қабылдау; 6) Қоғамның директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттіктерінің мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Қоғамның директорлар кеңесі құрамындағы тәуелсіз директорлар санын өз қалауы бойынша белгілеу; 7) Қоғамның жалғыз акционері белгілеген тізбе бойынша Компаниялардың акцияларын иеліктен айыру, сондай-ақ сенімгерлік басқаруда көрсетілген акцияларды беру; 8) Қоғамның жалғыз акционері анықтаған тізбе бойынша Компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім; 9) Қоғамның басқарма төрағасын лауазымға тағайындау және мерзімінен бұрын босату; 10) есепті қаржы жылындағы Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Қоғамның бір жай акциясына есеп айырысуда дивидендтің мөлшерін бекіту; 11) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайлар болған кезде жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау; 12) Қоғамның дивиденд саясатын анықтау; 13) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесін бекіту; 14) басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық жалақы мөлшерін және еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын анықтау; 15) банктердің акцияларын сатып алу және оларды иеліктен айыру, сондай-ақ көрсетілген акцияларды сенімгерлік басқаруға беру; 16) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға және Жарғыға сәйкес өзге мәселелер. 50. Қоғам жалғыз акционер (қатысушы) болып табылмайтын Компанияларға қатысты Жарғының 49-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша шешімді Компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қоғамның уәкілетті өкілдері кейіннен дауыс беру мақсатында акционер (қатысушы) ретінде Қоғамның ұстанымын анықтау үшін Қоғамның жалғыз акционері қабылдайды. 51. Егер Қазақстан Республикасының заңдарда өзгеше көзделмесе, олар бойынша шешімдер қабылдау жалғыз акционердің айрықша құзыретіне, Қоғамның басқа да органдарының, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді беруге жол берілмейді.
9. Жалғыз акционердің құқықтары мен міндеттері
52. Жалғыз акционер: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға; 2) дивидендтер алуға; 3) Қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде Қоғам Жарғысында айқындалған тәртіппен Қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға; 4) Қоғамды тіркеушіден немесе номиналды ұстаушыдан өзінің бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға; 5) Қоғамның органдары қабылдаған шешімдерге сот тәртібімен шағымдануға; 6) Қоғам таратылған кезде мүлікке; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның акцияларына айырбасталатын Қоғамның акцияларын немесе басқа бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алуға; 8) директорлар кеңесі отырысын шақыруды талап етуге; 9) өз есебінен аудиторлық ұйымның Қоғам аудитін жүргізуді талап етуге құқылы. 53. Жалғыз акционер Қоғамның ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қоғамның өзге де органдарының кез келген шешімін жоюға құқылы. 54. Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарға ие болуы мүмкін. 55. Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындайды.
56. Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғымен жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, Қоғамның қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады. 57. Қоғамның директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатқызылады: 1) Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және жылдық бюджетті бекіту шеңберінде оның қызметтеріне ақы төлеудің шекті мөлшерін анықтау 2) Қоғамның штат санын бекіту; 3) егер мұндай тәртіп Қоғамның жарғысында анықталмаса, Қоғамның қызметі туралы ақпаратты жалғыз акционерге беру тәртібін анықтау; 4) тәуелсіз директорларға сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау; 5) жалғыз акционердің қарауына мәселелерді шығару туралы шешімдер қабылдау; 6) жарияланған акциялардың саны шегінде акцияларды орналастыру (өткізу) туралы, оның ішінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау; 7) Қоғамның орналастырылған акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау; 8) басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, басқарма мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату (басқарма төрағасын қоспағанда);
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |