|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2022.02.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2206 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2016.30.06. № 387 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2022.02.06. № 355 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 907 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде: 8-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын: «әзірлеушісі олардың мемлекеттік органы болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуіне қатысады; Алматы қаласында орналасқан, олардан уәкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысына қатысады;».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |