Қазақстан Республикасының Заңы
Концессиялар туралы (2008.04.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) концедент - Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын жасасуға уәкілдік берген мемлекеттік органдар; 3) концессионер - концессия шартына сәйкес концессия объектісіне құқық алған заңды тұлға (мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) концессия - концессия шарты бойынша мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру, сондай-ақ мұндай объектілерді одан әрі пайдалануы үшін концессионерге оны иелену, пайдалану құқықтарын беру арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды ұсыну арқылы не онсыз кейіннен мұндай объектілерді мемлекетке бере отырып, концессионердің қаражаты есебінен немесе концеденттің қоса қаржыландыруы шартымен жаңа объектілер құру (салу) құқықтарын беру; 5) концессия бойынша конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) - концессия бойынша конкурстар өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі концессия мәселелері бойынша қызметтер көрсету үшін құрған ұйым; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) концессия объектісі - тізбеге енгізілген, жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері және концессия шартының талаптарын орындау нәтижелері бойынша болашақта пайда болатын объектілер; 7) концессия шарты - концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, концессияны іске асыру шартын айқындайтын жазбаша келісім; 8) концессиялық жоба - шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессия объектілерін құруға (салуға) және реконструкциялауға арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;» 9) республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншік объектілерін басқару саласында өз құзыреті шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, меншікті жекешелендіруді және оның мемлекеттік мониторингін жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 10) тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы - мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) тізбе - концессияға ұсынылатын объектілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, орташа мерзімдік кезеңге арналған тізбесі; 11) экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Осы Заңның ережелері жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп, жүзеге асырылады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Концессияның негізгі принциптерi Концессияға байланысты қызмет мынадай негізгі принциптерге: 1) концедент пен концессионер қызметінің жариялылығы мен ашықтығына; 2) концедент пен концессионердің мүдделері мен тәуекелдерінің теңдестірілімін қамтамасыз етуге; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) концессионер концессия шарты бойынша беретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) еркін бәсекелестікке; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) барлық ықтимал концессионерлердің теңдігіне және кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.
4-бап. Концессияның қолданылу аясы Тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын объектілерді қоспағанда, экономиканың барлық салаларындағы (аясындағы) объектілер концессияға беріле алады.
5-бап. Концессия объектілеріне меншік құқығы 1. Концессияға берілген, осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілерде жүргізілген жақсартулар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері және осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік меншік құқықтары мемлекеттік меншік болып табылады. 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Шарт талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектісі концессионердің осы объектілерді кейіннен пайдалануы арқылы концессия объектісін құрған кезден бастап мемлекеттік меншікке беріледі. 3. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионердің концессия объектілерін пайдалану нәтижесінде алған өнімі мен өзге де кірістері оның меншігі болып табылады. 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Концессия объектілері кепіл нысанасы бола алмайды. 5. Концессия объектілері концессия шартының қолданылу мерзімі кезеңінде иеліктен шығарылуға жатпайды. 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды 6. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионер өзіне концессия шарты бойынша иелік етуге және пайдалануға берілген мемлекеттік мүліктің, сондай-ақ концессия шартын орындау нәтижелері бойынша пайда болған мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелін көтереді.
6-бап. Концессионерге жер учаскелеріне құқықтар беру Концессия шартын іске асыру мақсатында концессионерге Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер пайдалану құқықтарының берілуі мүмкін.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-бап. Концессионердің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздері 1. Концессионердің концессия шартын орындауға байланысты шығындары өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату және концессия объектісін пайдалану процесінде кірістер алу арқылы өтелуі мүмкін. 2. Концессионер өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) пайдалануға жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы органдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген, көлемі мен ұсынылу талаптары концессия шартында айқындалатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тұтынушылары бола алады. 4. Мемлекет Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарына өтемақы беруі мүмкін.
КОНЦЕССИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктерi Қазақстан Республикасының Үкіметі концессия саласында: 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) тізбені бекітеді; 2) жасалған концессия шарттарының және берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізу ережелерін бекітеді; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережелерін бекітеді; 4) концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды (бұдан әрі - ұсыныс) беру, қарау және іріктеу ережелерін бекітеді; 5) экономиканың әр түрлі саласында (аясында) концессияның үлгі шарттарын бекітеді; 6) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - комиссия) құрады және ол туралы ережені бекітеді. 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды құрады; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімін бекітеді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-бап. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттіктері Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган: 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) мыналарды: ұсыныстарды сараптауды; техникалық-экономикалық негіздемені экономикалық сараптауды; конкурстық құжаттаманы сараптауды; концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді талдау мен сараптауды; концессия шарттарының жобаларын сараптауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады; 2) техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып, тізбені қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді; 3) конкурстық құжаттаманы және концессия шартын келіседі; 4) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері мен басымдықтарын белгілейді. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекітеді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттіліктері Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган: 1) тізбені келіседі; 2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы келіседі; 3) концессия шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады, сондай-ақ концессия шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді; 4) жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді; 5) концессиялық міндеттемелерді тіркейді; 6) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келіседі. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға берудің тәртібін айқындайды. 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган: 1) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары табыс ететін ұсыныстарды олар ұсынылған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келіседі; 2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді; 3) өз құзыреті шегінде республикалық меншікте болатын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалу мониторингін жүзеге асырады; 4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келіседі; 5) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді республикалық меншікке қабылдайды; 6) концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындайды.
12-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының өкілеттіктерi Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы: 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып, республикалық меншікке жататын объектілер бойынша ұсыныстарды қалыптастырады; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) Комиссияның шешімі негізінде республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 5) республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жасалған концессия шарттары бойынша ақпарат береді. 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастырады; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) қажет болған жағдайда концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартады.»;
13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктерi Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде: 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып, тізбеге енгізу үшін коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша ұсыныстарды қалыптастырады; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) концессия шартын жасасу кезінде тиісті өңірдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін конкурсты ұйымдастырушыға республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты ұсыныстар енгізеді; 3) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссияны құрады және ол туралы ережені бекітеді; 5) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады; 6) комиссияның шешімі негізінде коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады; 7) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады.
14-бап. Концессионерлердің қызметін мемлекеттік қолдау Концессионерлердің қызметін қолдау мақсатында мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері ұсынылуы мүмкін: 1) концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерліктері; 2) концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер; 3) концессия объектісін пайдалануға байланысты ерекше құқықтардың берілуі; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру. 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) егер концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болса, мемлекеттің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтыну кепілдігі; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) концессия шартында белгіленген мерзімде және концессия шартының қолданылуы кезеңінде сонда айқындалған көлемде концессионердің инвестициялық шығындардың белгілі бір көлеміне өтемақы төлеу.»; 2. Концессионерге мемлекеттік қолдаудың жоғарыда аталған түрлерінің біреуі не бірнешеуі ұсынылуы мүмкін. 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-1. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде концессионер сатуға ұсынылатын концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма процент көлемінде инфрақұрылымдық облигациялар шығаруға міндетті. Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару көлемі, орналастыру талаптары тараптардың келісімімен концессия шартында айқындалады. 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың осы баптың 1-тармағында көзделген түрлерінің біреуі не бірнешеуі ұсынылған кезде мұндай қолдаудың жиынтық құны концессия шарты шеңберінде концессионер қаражаты есебінен құрылған (салынып жатқан) объектінің құнынан аспауға тиіс.
ОБЪЕКТІЛЕРДІ КОНЦЕССИЯҒА БЕРУ
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15-бап. Объектілерді концессияға беру тәртібі 1. Объектілерді концессияға беру төрт кезеңде жүзеге асырылады: іріктелген ұсыныстардың тізілімін дайындау; тізбені қалыптастыру; концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу; концессионерді анықтау және концессия шартын жасасу. 2. Концессионерге мемлекет кепілгерліктерін берудің міндетті шарты Қазақстан Республикасының қор биржасында инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру болып табылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды 15-1-бап. Ұсыныстар дайындау және іріктелген ұсыныстардың тізілімін қалыптастыру 1. Ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мыналарды: 1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын; 2) концессиялық жоба мақсаттарының стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларда, республиканың немесе өңірдің даму жоспарларында белгіленген саланың даму басымдықтарына сәйкестігін, сондай-ақ салада орын алған проблемаларды шешуді; 3) концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілуін қамтамасыз ету принципін негізге ала отырып, балама нұсқаларды; 4) концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды; 5) концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді бағалауды қоса алғанда, салалық сараптаманы негізге ала отырып, жеке бастама тәртібімен жеке немесе заңды тұлғалар енгізген ұсыныстарды ескеріп қалыптастырады. 2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге тиіс. 3. Ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады. 4. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсыныстарға сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады. 5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін іріктеліп алынған ұсыныстардың тізілімін қалыптастырады. 6. Тізбеге енгізілмеген концессия объектілері бойынша тиісті хабарламалар тиісті ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттік органдарға оларды қабылдамаудың дәлелді негіздемесімен бірге жіберіледі. Тізбеге енгізілген және концессияға берілмеген концессия объектілерін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган келесі орта мерзімді кезеңге арналып қалыптастырылатын тиісті тізбеге енгізеді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Тізбе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс. 2. Тізбе мынадай екі бөлімнен тұрады: 1) жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері; 2) салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер. 3. Тізбені экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып және стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларға, республиканың даму жоспарларына, орта мерзімді фискалдық саясатқа, республикалық бюджеттің инвестициялық мүмкіндіктеріне сәйкес жылжымалы негізде жыл сайын үш жыл мерзімге қалыптастырады.
17-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны 1. Конкурсты ұйымдастырушы барлық ықтимал концессионерлерге мынадай ақпаратты: 1) ықтимал концессионерлерге қойылатын біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растау үшін табыс етілуге тиіс құжаттарға қойылатын талаптарды; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) техникалық ерекшеленімдерді, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, ал қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіле отырып, концессияға беруге ұсынылатын объектінің техникалық-экономикалық негіздемесін, сипаттамасы мен оның жалпы техникалық және сапалық сипаттамаларын; 3) концессияға беруге ұсынылатын объектінің тұрған орнын; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) осы концессия жобасы үшін мемлекеттік қолдаудың ықтимал түрлерін және жол берілетін көлемдерін; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) үлгілік шарт негізінде әзірленген концессия шартының жобасын; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) нәтижесінде жеңіп шыққан концессия өтінімін анықтауға негіз болатын барлық өлшемдердің сипаттамасын, оның ішінде мұндай әрбір өлшемнің салыстырмалы мәнін, концессиялық өтінімдерді бағалау және салыстыру тәсілінің сипаттамасын; 6) концессиялық жобаның бағасы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және концессиялық жобаның бағаларын салыстыру және бағалау мақсатында оларды бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағамды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес концессиялық өтінімдерді жасасу және табыс ету тіліне қойылатын талаптарды; 8) ықтимал концессионердің конкурстық өтінім берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқаманы; 9) конкурстық өтінімдерді табыс етудің тәсілін, орны мен түпкілікті мерзімін (бірақ жергілікті уақыт бойынша жұмыс күнінің он бес сағатынан кеш емес) және олардың қолданылу мерзімін; 10) ықтимал концессионердің тікелей конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу кезінде концессиялық жобаның бағасы көрсетілетін конкурстық өтінімнің бір бөлігін ұсыну құқығына тиісті нұсқаманы; 11) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша ықтимал концессионерлер түсіндірме сұрату үшін көмегіне сүйене алатын тәсілдерді және конкурсты ұйымдастырушының осы кезеңде ықтимал концессионерлермен ашық нысанда өткізілетін және хаттама жасалатын кездесу өткізу ниеті туралы хабарламаны; |