Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1143 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы
29 қарашадағы
№ 1143 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындалуына (іске асырылуына) жауаптылар | Орындалу (іске асырылу) мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҰБ өкілдерінің ірі ұлттық компаниялардың еурооблигацияларын шетел нарықтарына орналастыру кезінде ел экономикасы мен қаржы секторындағы ағымдағы үрдістерді түсіндіру мақсатында қатысуы | Қазақстан Республикасы ПрезидентініңӘкімшілігіне ақпарат | ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) | Қажеттілігіне қарай |
2. | Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҰБ, ҚҚА және шетелдік инвесторлар деңгейінде телефон конференцияларын тұрақты түрде өткізу конференцияға қатысушыларды (Интернет бойынша алдын-ала тіркеу және талқылауға ұсынылған сұрақтарды айқындау шартымен) | Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ҰБ, ҚҚА-ның веб-сайттарындағы баспасөз-релизі | ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша) | Тоқсан сайын |
3. | Халыкаралық рейтингтік агенттіктер мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен өткізілетін саммиттерде, конференцияларда, тренингтерде тұсаукесерлер өткізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ, ҰБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОА (келісім бойынша) | Тоқсан сайын |
4. | Әлемдік экономикадағы үрдістерді және олардың Қазақстан экономикасына әсерін талқылау үшін халықаралық агенттіктер, халықаралық сарапшылар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен жыл сайын дөңгелек үстел немесе конференция өткізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ, ҰБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОА (келісім бойынша) | Жыл сайын |
5. | Халықаралық қаржы нарықтарында айналымда жүрген, қазақстандық компаниялар шығарған қаржылық (борыштық және үлестік) құралдар нарығының мониторингін жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне талдамалық есеп | ҰБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша) | Тоқсан сайын |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҚКА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
АӨҚОА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі