Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңнаманы қолдану туралы (2018.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.29.06. № 12 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «ерекше талап қоюмен» деген сөздер «талап қоюмен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын соттардың біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Акционерлік қоғамды құру, қайта ұйымдастыру, тарату және оның қызметін атқарудың тәртібін сақтау; акционерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар; акционерлік қоғам органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті мен қызметі; оның лауазымды тұлғаларын сайлау тәртібі және олардың өкілеттігі мен жауапкершілігі туралы дауларды, сондай-ақ аталған қатынастардан туындайтын басқа да дауларды шешу кезінде соттар Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК), «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Заңының (бұдан әрі - Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларын басшылыққа алуы тиіс, олардың ережелерін дау туындаған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің ерекшеліктерін ескеріп қолданған жөн. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Заңда көрсетілгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері тікелей қолданылады. 2. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам), ал акциялардың меншік иесі болып табылатын тұлға акционер деп танылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|