|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 363 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру»
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөліністері (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) жоғалған немесе жарамсыз жеке басын куәландыратын құжаттар қалпына келтірілгенге дейін көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 25-тармағының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (электронды мекенжайы: www.mvd.kz) интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтардың үй-жайлары мен уәкілетті органдардағы стенділерде орналастырылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі уақытша жеке куәлік немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар көзделмеген; 2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 3) тұтынушыға орындағы жүгінген күні мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызмет тұтынушы келген күні көрсетіледі. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік баж заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттар берілген жердегі бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 540-бабында белгіленген мөлшерде банк мекемелері арқылы төленеді. Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәліктер беру үшін мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. Мемлекеттік баж тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленуі тиіс. 9. Құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзілісті қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Орталықтарда алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. 10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар (пандус) көзделген Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, электрондық кезек терминалы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар: 1) жазбаша өтініш; 2) уақытша жеке куәлік үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (жеңілдікпен қызмет көрсету көзделмеген); 3) фотосурет ұсынады. Уақытша жеке куәлікке ресімдеген кезде өтініш беруші құжатты әзірлеген сәттегі өтініш берушінің жасына сәйкес келетін, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, адамның бейтарап және аузы жабық, бет әлпеті бейтарап өлшемі 3,5х4,5 см бір фотосуретін ұсынады. 12. Бланкілерді толтыру талап етілмейді. 13. Құжаттарды қабылдауды мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген орталықтардың операциялық залдарында орналасқан ХҚТ ТП-ның жұмыс орындарында уәкілетті органның қызметкерлері жүзеге асырады. 14. Осы стандарттың 7-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып, барлық қажетті құжаттарды тұтынушының тапсырғанын растайтын құжаттарды беру көзделмеген. 15. Мемлекеттік қызмет тұтынушы жеке өзі келген кезде ұсынылады. 16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Көші-қон полициясы комитетінің және уәкілетті органдардың, мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелердің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Ішкі істер министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Шағым дайындауда уәкілетті орган қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру үшін тұтынушы телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген уәкілетті орган басшыларына жүгінеді. 21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзілісті қоспағанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің телефоны мен мекенжайы осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуниация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 27-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңда көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетінің электронды мекенжайына: migration.kz@mail.ru) не осы стандарттың 21-тармағында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет болған жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы қабылданған шағымдарды растау оларды уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін журналға тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады). Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 1 үй, телефоны: 71-46-46, интернет-ресурс: www.mvd.kz. 27. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 14-кіреберіс, e-mail интернет-ресурс: kagu-con@mci.gov.kz және «электрондық үкімет» 1414 Call-орталық нөмірі.
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсететін халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚО) тізбесі
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері басшыларының байланыс телефондары мен заңды мекенжайлары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |