|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрi күшейту мәселелерi бойынша өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 21 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесiн және қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру мәселелерi бойынша өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 12-баптың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «29) мемлекеттік материалдық резервтiң нақты запастарын ашатын мәлiметтер;». 2. «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат): 1) кiрiспеде: «мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы» деген сөздер алып тасталсын; «құқықтық және экономикалық» деген сөздер «қоғамдық» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) азайтылмайтын запас - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтары запасының тұрақты сақталатын көлемi; 2) броньнан шығару - материалдық құндылықтарды кейiннен қайта салмай не оларды кәдеге жарату (жою) мақсатында, сондай-ақ iзгiлiк көмек көрсету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi шараларды қабылдау үшiн материалдық құндылықтарды кейiннен сала отырып, мемлекеттік материалдық резервтен шығару; 3) жұмылдыру резервi - мемлекеттік материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, бейбiт уақытта iзгiлiк көмек көрсету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi шараларды қабылдау үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары; 4) материалдық құндылықтар - уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн қажет, номенклатурасын (тiзбесiн және көлемiн) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тауарлар; 5) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервке беру - материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiне тиеп жөнелту (жеткiзу); 6) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервке салу - материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервте сақтау үшiн қабылдап алу; 7) материалдық құндылықтарды мемлекеттік мате-риалдық резервтен шығару - материалдық құндылықтарды жаңарту, қарызға беру, броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен алып қою; 8) материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру - материалдық құндылықтарды тиеу мен түсiрудi қоса алғанда, мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтайтын бiр пункттен басқа пунктке материалдық құндылықтарды тасымалдау; 9) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрi - мемлекеттік резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi шараларды қабылдауға, iзгiлiк көмек көрсетуге және нарыққа реттеушiлiк ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар запасы; 10) мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру - мөлшерi мен сапасы бiрдей, ұқсас материалдық құндылықтарды белгiлi бiр шарттармен мемлекеттік резервке кейiннен қайтара отырып, материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығару; 11) мемлекеттік резервтi жаңарту - мөлшерi бiрдей және сапасы ұқсас материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп салған кезде оларды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi аяқталғанға дейiн мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару; 12) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi - мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 13) операция жасау - мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын беру, сақтау және шығару; 14) сақтау нормативтерi - мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық нормативтер мен талаптар; 15) тапсырысты орналастыру - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын беру және шығару үшiн өнiм берушiлер мен тұтынушыларды таңдау; 16) уәкiлеттi орган - атқару және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік резерв жүйесiне басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн мемлекеттік резервтi пайдаланған жағдайда материалдық құндылықтарды алушылардың - сауда қызметi субъектiлерiнiң тiзбесiн, сауда үстемесiнiң көлемiн, бағасын және мөлшерiн, сондай-ақ осы тiзбеге енгiзiлетiн сауда қызметiнiң субъектiлерiн iрiктеу критерийлерiн айқындайды;»; 11) тармақша «жағдайлардың» деген сөзден кейiн «алдын алу және олардың» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын: «13) мемлекеттік резервтiң жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру туралы шешiм қабылдайды; 14) мемлекеттік резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығару тәртібін айқындайды; 15) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»; 4) 6-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын: «6-2) мемлекеттік резервтiң номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервiнiң броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешiм қабылдайды;»; 8) тармақшадағы «резервтiң» деген сөз «резерв жүйесiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 11-баптың 3-тармағындағы «сертификаттау және стандарттау туралы заңдардың» деген сөздер «техникалық реттеу туралы заңнаманың» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «осылай шығарудың мiндеттi шарты» деген сөздер «мiндеттi шарт» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын: «8-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттік резервтiң тауарларын сатып алуы уәкiлеттi органда немесе оның ведомстволық бағынысындағы ұйымдарда жүргiзiледi. 8-2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын шығару броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырылады. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылған материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке кейiннен салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»; 11-тармақта: «жағдайлардың» деген сөзден кейiн «алдын алу және олардың» деген сөздермен толықтырылсын; «тоқсан күн iшiнде» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен белгiленген мерзiмде» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын: «14-1-бап. Нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару тәртібі 1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган және агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган тауарларға баға мониторингiн жүргiзедi және баға деңгейi нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау қажет болған жағдайға жеткен кезде уәкiлеттi органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды - сауда қызметiнiң субъектiлерiн, сауда үстемесiнiң көлемiн, бағасын және мөлшерiн көрсете отырып, нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн материалдық құндылықтарды шығару қажеттiгi туралы ұсыныс енгiзедi. 2. Уәкiлеттi орган материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығаруды сауда қызметiнiң субъектiлерiмен шарт жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады. Нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды өткiзудi сауда қызметiнiң субъектiлерi бөлшек сауда арқылы жүзеге асырады.»; 9) 15-баптың 2-тармағындағы «онысы» деген сөз «оның» деген сөзбен ауыстырылсын, «жағдайлардың» деген сөзден кейiн «алдын алу және олардың» деген сөздермен толықтырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы ақпанның 3-i. № 248-IV ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |